5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру салалары Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мынадай бағыттар:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы
мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) гендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек
көрсету;
9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету
кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік
маңызы бар бағыттар бойынша жүзеге асырылады.