Қазақстан республикасының мемлекеттік әНҰраны



Дата02.07.2018
өлшемі37,5 Kb.
#45372

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ


Әнұран — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.«Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.

Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай гимні болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы — азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа гимнін әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика гимнінің мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан гимнінің әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік гимн қабылданды (3-қосымша).

Жаңа гимннің негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән — «Менің Қазақстаным». Бұл ән — жалынды жастықтың әнұраны, халық жанының нағыз поэмасы болып танылған.

2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа гимні болып атақты ән — «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан гимнінің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор — еліміздің Президенті.

Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа гимн 2006 жылғы 7 қаңтардағы "Конституциялық заң күшіне ие «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Елбасы қол қойған № 112-ІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының конституциялық заңмен бекітілді. 2006 жылдың 10 қаңтары — ресми жариялау күні — тарихқа еліміздің жаңа гимнінің туған күні ретінде жазылып отыр.

Музыкалық-поэзиялық рәмізінің алғашқы ресми орындалуы «Ақ Орда» Президент сарайында Астанада еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми инаугурациясы кезінде болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің авторлары болып Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев табылады.

Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов — композитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Жастар одағы сыйлығының лауреаты. 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапланбек зооветеринарлық техникумын, Ташкенттегі Хамза Ниязы атындағы музыкалық училищені, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген.

Оның шығармашылық қызметі 1950 жылдан басталады. Халық арасында «Қазақ вальсінің королі» ретінде танымал композитор 300-ден астам ән жазған. Солардың ішінде халық арасында танымал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу», «Қайықта», «Ана туралы жыр», «Ақ ерке — ақ Жайық», «Әнім сен едің», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қайдасың», «Цыған серенадасы» сияқты белгілі музыкалық шығармалар бар. Композитордың шығармалары «Әндер», «Бақыт құшағында», «Шәмшінің әндері», «Шәмші» атты жәке әндер жинақтарында шығарылған.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов — белгілі ақын, Жастар сыйлығының лауреаты. 1935 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Қошалақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияны халық аспаптары класы бойынша, Мәскеуде М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдебиет курсын бітірген. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылары одағында, Баспа қызметі жөніндегі мемлекеттік комитетте және «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

«Балауса», «Сыбызғы сыры», «Өз көзіммен», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Жарық пен жылу» және т. б. шығармалары бар.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. 991 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті.

Көптеген ғылыми және әдеби еңбектердің авторы: «Қазақстан экономикасы ақиқат және қалыптастыру мүмкіндіктері», «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» және тағы басқа кітаптар. Халық арасында танымал «Менің елім», «Үш қоңыр», «Жерім менің» патриоттық әндердің сөзінің авторы. Еңбектері мен шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны


сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,


Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,


Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет