32
жайында таныстырылады, білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау
жұмысы жүргізіледі, еңбектің құндылығы жаңа деңгейге көтеріледі.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әртүрлі
іс-шараларды ұйымдастыру
арқылы жүзеге асырылады: қолөнер көрмесі, мектеп маңайын және ауылын
көгалдандыру мен абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, көңілді
шеберлер қаласы,
еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты
және тағы сол сияқты іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауында
мамандық таңдауына
көмектесетін «Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы, «Мен-
кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе), «Мамандық: кеше, бүгін, ертең»
байқауы, «Мұндай мамандық бар» презентациялар конкурсы сияқты іс-шаралар
жүйесін өткізу ұсынылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер
Палатасының қолдауымен 9 негізгі сала: мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік
және
логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
энергетика, туризм, тау-кен металлургия кешені
және құрылыс бойынша іске
асырылатын «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің
атласы» ұлттық жобасы әзірленді.
Жаңа мамандықтар атласы
https://www.enbek.kz/atlas/ сайтында орналасқан.
Кәсіби бағдар беру жұмысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіби бағдарын
анықтау және диагностикасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды;
- орта мектептің 7-11-сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын
жүргізу бойынша құралдарды пайдалану туралы әдістемелік ұсынымдарды;
- ЕБҚ балалардың мамандық таңдау кезінде отбасы, мектеп және
жұмысқа орналастыру органдарының өзара іс-қимылы бойынша әдістемелік
ұсыныстар (https://www.nao.kz).
Достарыңызбен бөлісу: