Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Дарынды балаларға арналған оқу бағдарламалары мыналарды



Pdf көрінісі
бет368/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

Дарынды балаларға арналған оқу бағдарламалары мыналарды 
қамтиды:
- дарынды оқушылардың жалпы және тұлғалық қызығушылықтарын есепке 
ала отырып, жалпылама тұжырым жасауға, болашаққа талпынысын арттыруға 
және теориялық бағдарын айқындауға бағытталған ауқымды тақырыптар мен 
мәселелерді оқып-зерттеу; 
- білімнің түрлі салаларына тиесілі тақырыптар мен мәселелерді 
интеграциялау негізінде пәнаралық оқытуды пайдалану арқылы дарынды 
оқушылардың өз білімдерін кеңейте және тереңдете түсуге талпыныстарын 
арттыру; 
- зерттеушілік жұмыстың әдіс-тәсілдері мен дағдыларын қалыптастыру 
мақсатында зерттеушілік әрекетке жақын, оқуда проблема туындауы мүмкін 
оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын, «ашық типтегі» мәселелерді оқып-
зерттеу; 
- мүмкіндігінше дарынды баланың қажеттіліктерін есепке алу, бала таңдау 
жасаған тақырыптарды тереңінен оқып-зерттеу; 


337 
- оқуда өзіндік әрекетін дамыту және қолдау көрсету; 
- білім берудің әдіс-тәсілдері мен формалары, мазмұны тұрғысынан оқыту 
үдерісінің вариативтілігі мен икемділігін қамтамасыз ету, балалардың өзіндік іс-
әрекетіндегі өзгермелі сұраныстарына және ерекшеліктеріне қарай түзету 
енгізулеріне мүмкіндік беру; 
- ақпарат алу жолдары мен түрлі ақпарат көздерін еркін пайдалану және 
олардың қолжетімділігін қарастыру; 
- мазмұнды критерийлерге сүйене отырып оқушыларды өз жұмысын 
бағалауға үйрету, көпшілік алдында шығармашылық нәтижелері мен идеяларын 
талқылау дағдыларын қалыптастыру. 
Әртүрлі дарындылық санатындағы балаларды тиімді оқытудың маңызды 
шарты ретінде дарындылықтың нақты бір типіне сай сапалы спецификаға 
мейлінше сәйкес келетін және оның қалыптасуының ішкі психологиялық 
заңдылықтарын есепке алатын оқу бағдарламаларын құрастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет