Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет126/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   416
 
31-кесте.
 Оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
(жаңартылған мазмұн) 
Үлгілік оқу жоспары  
(төмендетілген оқу жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Қазақ әдебиеті 

68 

68 

Қазақ әдебиеті 

68 

68 

Қазақ әдебиеті 

68 

68 

Қазақ әдебиеті 

102 

68 

Қазақ әдебиеті 

102 

68 
 


95 
 
 
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  БҒМ  2019  жылғы  26  шілдедегі  №  334 
бұйрығымен  9-сыныпқа  арналған  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінің  үлгілік  оқу 
бағдарламасында 
К.Гамсунның  «Аштық»  романының  орнына  Қажығали 
Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы
 енгізілген.   
«Қазақ  әдебиеті»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  үш  негізгі  дағдыны 
басшылыққа алады: 
1)
 
түсіну және жауап беру
2)
 
анализ және интерпретация; 
3)
 
бағалау және салыстыру. 
«Түсіну  және  жауап  беру» 
бөлімі  аясындағы  бөлімшелер  білім 
алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: 
-
 көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау; 
-
 әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу; 
-
 көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау
-
 шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 
 
«Анализ және интерпретация» бойынша:  

әдеби  шығарманың  композициясын,  композициялық  амал-тәсілдерді 
талдау;
  

шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау; 
-  көркем  шығарманың  тілін,  көркемдегіш  құралдардың  қолданысын 
талдау; 
-  көркемдегіш  құралдарды  пайдалана  отырып,  шығармашылық  жұмыс 
жазу. 
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
 
-
 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
-
  әдеби  шығармаларды  заманауи  тұрғыда  салыстырып,  жаңашылдығына 
баға беру; 
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу; 
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни 
мақала жазу дағдыларын дамыту. 
«Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасы 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау 
дағдысын  дамытуға  ықпал  етеді.  Бұл  пән  әдеби  шығармаларды  оқытып  қана 
қоймай,  танымдық  және  коммуникативтік  дағдыларын  қалыптастыруға  да 
негізделген.  Оқу  бағдарламасында  оқушылардың  жас  ерекшеліктерінің 
танымдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес  пәннің  мазмұны  мен  білім,  білік, 
дағдыларының  көлемі  анықталған.  Әр  сыныпта  оқытылатын  шығармаларды 
таңдау  кезінде  қазіргі  замандағы  баланың  жас  ерекшелігімен  қатар  танымдық 
ерекшеліктері де ескерілген.  
Көркем  шығармаларды  толық  оқу  міндеттеледі.  Сол  арқылы  оқушыға 
автордың  идеясын  толық  түсінуіне,  шығарманы  жан-жақты  талдай  алу 


96 
 
қабілетін  дамытуға    және  оқырмандық  қабілетін  қалыптастыруға  мүмкіндік 
беріледі.  Көркем  шығарманы  саналы  түрде  түсініп,  талдап,  зерттеп, 
кейіпкерлерді  салыстырып,  олардың  әрекетіне  баға  беріп,  сол  шығармалар 
арқылы оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделеді.  
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен 
даму  мүмкіндіктеріне  сәйкестендіріле,  қазақша  ойлау  және  сөйлеу,  жазу, 
тыңдағанын  түсіну,  монолог,  диалог,  пікірталас  жасау  дағдыларын 
қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.  
Қазақ  әдебиетінің  әр  кезеңінде  жазылып,  өзінің  көркем  құндылығын 
жоғалтпай  келе  жатқан  туындылармен  танысу  арқылы  оқушы  әдеби  талдау, 
сыни  ойлау  қабілеттеріне  ие  болып,  шығармашылдық  ізденіске  қадам  басады. 
Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген 
тізімге сай жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет