Қазақстан республикасының орта



бет72/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

«Шетел тілі» оқу пәні
Негізгі орта білім беру ұйымдарында жүргізілетін «Шетел тілі» («Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі») оқу пәнінің жоспары «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес әзірленген.
«Шетел тілі» оқу пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарымен (төмендетілген оқу жүктемесімен) (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын төмендетілген оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын өздері таңдап алады.
Төмендетілген оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарлары бойынша
«Шетел тілі» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламалары «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген.
«Ағылшын тілі» оқу пәні
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Ағылшын тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде, оқыту қазақ тілінде емес) бойыншa жаңартылған мазмұндағы оқу жүктeмeсінің көлeмі:
5-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 6-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 7-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 8-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт; 9-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт.
«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде)
бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
5-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 6-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 7-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 8-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт; 9-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт.

Негізгі орта білім беру деңгейінде ағылшын тілін оқытудың мақсаты – талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін түрлі тапсырмалар арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту.


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәнінің бағдарламасында көрсетілген тілдік деңгейлер шетел тілін меңгеру құзіреттілігінің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес әзірленген.

Негізгі орта білім беру деңгейін аяқтағанда білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша тілді В1 деңгейінде меңгереді.


Төмендегі кестеде негізгі орта білім беру деңгейінің әрбір оқу жылының аяқталуы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейі көрсетілген (35-кесте):



  1. кесте. Оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет