Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет12/55
Дата25.12.2023
өлшемі385 Kb.
#199124
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57

Компьютерлік сауаттылық


Жаһандық құзыреттілік пен креативті ойлауды дамыту үшін цифрлық технологияларды сауатты пайдалану маңызды. Сондықтан компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдыларды дамыту қажет: ақпаратты іздеу, берілген контексте ақпараттың пайдалылығын бағалау қабілеті және оның мазмұны мен пайда болуы жағынан анықтылығы, әртүрлі ақпараттық құрылғылармен және құралдармен жұмыс және т.б., сондай-ақ компьютерлік сауаттылық практикалық мәселелерді шешуге, басқа оқу пәндері бойынша тапсырмаларды орындауға ықпал етуі керек.



  1. кесте – Тілдік пәндер сабақтарында коммуникативтік тәсіл аясында цифрлық сауаттылықты дамыту.

Оқыту мақсаттары

Қолдануға арналған мысалдар

Қазақ тілі. 8-сынып. Бөлімі: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті.
8.2.3.1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату үшін мақаланың құрылымы мен презентация құрылымын салыстырады. Білім алушы белгілі бір тақырып бойынша дайындаған мақаласының мазмұнын Power Point бағдарламасын қолданып презентация арқылы таныстырады, талдайды.

9.2.1.1 (русский язык)
понимать открытую и скрытую (подтекст) информацию сплошных и несплошных текстов, соотнося заключённую в тексте информацию с
информацией других источников/ личным опытом

В качестве материалов для текстов могут быть использованы электронные или мультимодальные тексты (с гиперссылками). Обучающимся необходимо интерпретировать, сравнивать и анализировать информацию из данных источников.

10.1.6 (английский язык)
organize and present information clearly to others

Цель направлена на развитие навыков презентации. Учитель обучает как организовать и оформить презентацию, выбрать ключевую информацию и донести ее до слушателей.

Оқытуда цифрлық құзыреттерді дамыту үшін пән мұғалімдеріне арналған ұсыныстар:



  1. оқу процесіне цифрлық құралдар мен қосымшаларды енгізуді жоспарлау;

  2. сабақтың тақырыбына немесе оқу бағдарламасының бөліміне қызықтыру және ынталандыру үшін ойын түрде оқыту әдістерін қолдану;

  3. цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;

  4. шығармашылық жұмыстарды орындау кезінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Цифрлық білім беру ресурстарын дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақтың әртүрлі кезеңдерінде: жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде және өзіндік жұмыста, қорытынды сабақта, қайталау кезінде және т.б. пайдалануға болады.

Инклюзивті білім беру ортасы барлық балалардың табысты әлеуметтенуі
мен жұмысқа орналасуы мақсатында олардың білім беру қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Білім беру ұйымында инклюзивті білім беру ортасын құрудың негізгі шарттары:

  • инклюзивті білім беру саласында нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру;

  • ғимараттың сәулет-кеңістік тұрғысынан қолжетімді (кедергісіз) ұйымдастырылуы (оқу кеңістігін бейімдеу);

  • білім алушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтау (оқытудың арнайы құралдары);

  • білім беру процесін дараландыру: бейімделген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары; білім беру-тәрбиелеу әдістемелерінің, формаларының және құралдарының вариативтілігі және икемділігі;

  • педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге тұлғалық және кәсіби дайындығы (инклюзивті білім беру идеясын құндылықтар ретінде қабылдау, үздіксіз білім алу және өзін-өзі дамыту);

  • «отбасы-мектеп-қоғам» жүйесінде инклюзивті білім беру процесі қатысушыларының өзара байланысы шектерінің кеңеюі.

Білім беру ұйымдарына инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға назар аудару ұсынылады, себебі оның негізінде жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері бар барлық білім алушыны қабылдау, сондай-ақ тұтастай алғанда инклюзия философиясы жатыр.
Педагог инклюзивті практикада мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарын (психолог, логопед, әлеуметтік педагог, арнайы педагог және т.б.) тарта отырып және ата-аналарды инклюзивті білім беру процесіне қоса отырып, білім алушыларды қолдаудың әртүрлі технологиялары мен стратегияларын қолдануы қажет.
Мектепте инклюзивті практика білім беру процесінің барлық қатысушыларымен, сыртқы серіктестермен (ПМПК, ППТК, ОО және т.б.), сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі басқа ұйымдармен тығыз өзара байланыс кезінде іске асырылады.
Инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді жолдарының бірі инклюзивті мәдениетті, инклюзивті саясатты және инклюзивті практиканы дамыту бойынша білім беру ұйымдарына тұрақты мониторинг (өзін-өзі бағалау) жүргізу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет