Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет10/55
Дата25.12.2023
өлшемі385 Kb.
#199124
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57

Математикалық сауаттылық


Математикалық сауаттылық – негізделген математикалық пайымдаулар жасау және әртүрлі контекстегі есептерді шешу үшін математиканы қолдану және түсіндіре білу қабілеті.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін нақты өмірлік жағдаяттармен байланысты әртүрлі процестердің математикалық модельдерін құру дағдыларын дамытуға, логикалық, сыни және кеңістіктік ойлауды дамытуға бағытталған тапсырмаларды; кесте, диаграмма, график және т.б. түрінде берілген статистикалық мәліметтерді талдау және өңдеуге байланысты практикалық тапсырмаларды қарастырған жөн. Сонымен қатар, мәтінді есептерді шығару, оның ішінде пайызға берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.



  1. кесте - Математика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту




Оқыту мақсаты

Ұсынылатын тапсырма

1.5.1.2** сандарды, заттарды, тауардың құнын салыстыру кезінде қолданылатын
ұғымдарды пайдалану

«1С Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімінде білім алушыларға күнделікті өмірде өздері қолданып жүрген заттардың, тауарлардың құнын, бағасын анықтау, салыстыру ұсынылады. Бұл тапсырмалар арқылы шамалар мен өлшем
бірліктерін дұрыс қолдану дағдылары қалыптасады.

5.5.2.7 натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу

«Сандарға амалдар қолдану» бөлімінде «Натурал сандар және нөл» тақырыбын игеру барысында білім алушыларға салыстыру мен талдауды, логикалық пайымдаулар арқылы қорытынды жасауды, натурал сандар қатарын реттеуді қажет ететін әртүрлі сандық мәліметтерді зерттеу ұсынылады. Мысалы, берілген кестені пайдалана отырып, білім алушыларға келесі тапсырмаларды беруге болады: 1) балалардың өсуі туралы сандық деректерді кему ретімен жазу; 2) қыз балалардың
есімдерін бойларының өсу ретімен жазу; 3) сыныптағы ең ұзын баланың есімін жазу және т.б.

5.1.2.11 қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін
талдау

Есепті шығару барысында білім алушылар деректерді талдау, логикалық негіздеу арқылы қорытынды жасау, жіктеу, гипотеза қою, оларды теріске шығару немесе дәлелдеу қабілетін дамытады.

6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату
және шығару

«Қатынас және пропорция» есепті шешу кезінде оқушыда белгілі бір пайымдау тәсілдерін қажет ететін дағдылар қалыптасады: берілген тәуелділікті тану, есептеулерді орындау, берілген тапсырма аясында түсіндіру және бағалау.

6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында
масштабты қолдану

Картаны пайдалана отырып, оқушыларға республикамыздың ауданын табу ұсынылады. Одан кейін білім алушылар шамамен есептелген ауданды ресми дереккөздерде көрсетілген
республикамыздың нақты ауданымен салыстырады.

11.4.3.1 - физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық
теңдеулерді қолдану

Оқыту мақсатына жету үшін дифференциалдық теңдеудің шешімін теңдеу арқылы модельденген есеп контексінде түсіндіруді қажет ететін тапсырмаларды ұсынуға болады.

Математикалық сауаттылық зерттеу сипатындағы тапсырмаларды шешуде де қалыптасады, оларды орындай отырып, білім алушылар қолда бар деректерді тапсырма сұрақтарымен байланыстыра алады, тапсырма сұрағынан қолда бар деректерге іздеу қадамдарын жоспарлайды, табылған шешімді тапсырма сұрақтарымен салыстырады, нәтижені алудың әр қадамының дұрыстығын дәлелдейді, табылған шешімнің дұрыстығы мен толықтығын тексереді.


Математикалық сауаттылықты дамыту үшін мыналар ұсынылады:

  • білім алушылардың әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану қабілетін дамыту;

  • математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;

  • дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;

  • математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен таңбаларды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру;

  • когнитивті және техникалық дағдыларды қажет ететін ақпаратты табу, бағалау, құрастыру және ұсыну үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану қабілетін дамыту;

  • білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыстарды жүргізу: тапсырмаларды орындау үшін алгоритмдер жасау;

  • математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

  • тапсырманың орындалу барысын ауызша және жазбаша талдау ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет