АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласы аясында:
бастауыш білім беру деңгейінде «Дүниетану» (1-4 сыныптар);
негізгі орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» (5-9-сыныптар), «Құқық негіздері» (9-сынып);
жалпы орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады.
Аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 ,30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бұйрықтың 1-3, 11-15 (1-4 сыныптар)
қосымшаларында, 6-8, 16-20 (5-9 сыныптар) қосымшаларында, 21-30, 85-90 (10- 11 сыныптар) қосымшаларында берілген.
«Адам және қоғам» саласы білім беру жүйесінде үлкен мәнге ие негізгі білім беру саласының бірі болып табылады. Бұл саланың маңыздылығының бірнеше себептері:
Өзін және қоршаған әлемді түсіну: бұл білім саласы білім алушыларға өзін жеке тұлға ретінде және қоғамдағы рөлін жақсы түсінуге көмектеседі. Ол тұлғалық және әлеуметтік бірегейлікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Азаматтық жауапкершілікті дамыту: осы сала аясында оқыту білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін дамытуға және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Құндылық бағдарларын қалыптастыру: оқу пәндері білім алушыларға әділеттілік, төзімділік және адам құқықтарын құрметтеу құндылықтарын сіңіруге арналған.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал етеді, бұл оларға ақпаратты талдауға, негізделген шешім қабылдауға және өз көзқарасын дамытуға көмектеседі.
Қоғамдағы белсенді өмірге дайындық: білім беру саласы білім алушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білуге, өмірде кездесетін ситауциялық жағдаяттарды шешуге, сондай-ақ күрделі әлеуметтік және мәдени ортада жұмыс істеуге көмектеседі.
Тарих пен мәдениетті түсіну: «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» сияқты пәндер білім алушыларға қоғамның тарихи және мәдени аспектілерін және олардың қазіргі заманға әсерін түсінуге көмектеседі.
Әлеуметтік дағдыларды дамыту: Бұл салада оқыту қарым-қатынас, ынтымақтастық, көшбасшылық, өзгерістерге бейімделу және топтық жұмыс сияқты әлеуметтік дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
«Адам және қоғам» саласы бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылар үшін әлемді тарихи, географиялық және әлеуметтік тұрғыдан түсіну үшін маңызды рөл атқарады. Бастауыш білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы пәнінің мазмұны «Адам – Қоғам» жүйесі аясында пропедевтикалық білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Білім алушылардың өткен және қазіргі әлеуметтік құбылыстарды және олардың өзара байланысын зерделеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, отбасындағы, жергілікті, аймақтық, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын түсінуге бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны - білім алушылардың тарихи ойлау, бүгін және өткенді түсіну және пайымдау дағдыларын және олардың өзара байланысын, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтанулық ақпарат көздерінің материалдары бойынша негізделген қорытындылар жасау, зерделеу, талдау дағдыларын қалыптастыру және олардың негізінде тәуелсіз пайымдаулар жасау, өз шешімдерін қабылдау; патриотизмге тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны білім алушылардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихы мен құқықтық сауаттылығының негізгі мәселелері бойынша білімдерін қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғамның құндылықтарын түсінуге бағытталған. Білім алушыларда тарихи оқиғалар, құбылыстар мен процестерін талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және бағалауға негізделген тарихи ойлау дағдыларын, құқықтық нормалар, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер негізінде құқықтық жағдаяттарды талдау, бағалау үшін қажетті құқықтық сауаттылығын дамытуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |