Сабақтың тақырыбы С. Мәуленов. Менің Республикам Сабаққа негізделген оқу мақсаты



Дата01.01.2020
өлшемі16,9 Kb.
#55353
түріСабақ

04.04.2017 жыл

5 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы

С.Мәуленов. Менің Республикам

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің идеялық мазмұнына талдау жасау; Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз Қазақстан туралы сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар.Сырбай Мәуленовтың өмірбаянымен танысып,біледі.

Оқушылардың басым бөлігі. Өлеңді мінерлеп оқып,мазмұнын түсінеді.

Кейбір оқушылар:Өлеңді оқи отырып,идеясын ашады,талдау жасай алады.


Күтілетін нәтиже

Оқушылар туған жерін ,елін құрметтеп,аялауға үйренеді.

Қоланатын әдістер

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.ой-қозғау, талдау, еркін жазу стратегиясы,түсіндірме,сұрақ-жауап

Басталуы

І.Ұйымдастыру.

Сыныпқа жағымды атмосфералық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар «Ыстық алақан» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.



«Тұғырлы тәуелсіздік тарландары»
«Қайратты Қазақстан қырандары»
«Жайдарлы ел жастары»


Ортасы

ІІ.Қызығушылықты ояту.

Күн-ана Су-ана

Әлемге қуақты Өңірдің өзені-

Сәуле мен шуақты Өмірдің өзегі;

Алып күн беріп тұр Сусыз жер-өмірсіз:

Жарық күн-көрік,нұр. Нусыз өр,өңір,түз.

Жер-ана Ауа-ана

Аялар анамыз, Жер шары-«дәу» әлем

Саялар панамыз, Қоршаулы ауамен.

Құлпырған тірлікпен- Ауасыз кім шыдар?

Жер құтты гүл біткен. Күн,жер,су,ауамен

Күнде ду мына әлем.


Балалар,Күн,Су,Жер,Ауа-аналар- біздің өміріміздің бөлшегі.Олар-туған жер,орта,атамекен бөлшегі,яғни Отанымыз.Ал,біздің Отанымыз-Қазақстан.

2.Мағынаны тану.С. Мәуленов шығармашылығына тоқталу.



2. «Менің Республикам» өлеңімен таныстыру.

3.«Менің республикам» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасап көрейік.

«Тұғырлы тәуелсіздік тарландары» алғашқы 4 сатысына талдайды,

«Қайратты Қазақстан қырандары» кейінгі сатыларына, яғни өлең құрылысына талдау жасайсыздар, «Жайдарлы жасыл ел жастары» троп түрлеріне, яғни әдеби көркемдегіш құралдарына тоқталасыздар.
1-топ.Өлеңді сатылай кешенді талдау жұмысы.
1.Авторы: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, қазақ поэзиясына елеулі еңбек қосқан ірі дарын иесі Сырбай Мауленов.
2.Тақырыбы: Ұшы - қиыры жоқ ұлан байтақ Республикамыз, тамаша мекеніміз туралы.
3.Идеясы: Туған Отанына деген сүйіспеншілігін насихаттау, туған жеріміздің әсемдігін дәріптеу.
4.Жанр түрі: поэзия (өлең)
5.Шумақ: 3
6.Тармақ: 12
7.Бунақ: 3
8.Буын: 11
2-топ.Ұйқас түрі: а,а,б,а Ендеше мұндай өлеңнің ұйқасын қалай атаймыз?
-Қара өлең ұйқасы дейміз,-деп оқушылар жауап береді.
Тау/ды көр/сең// күн кө/зі/мен// та/лас/қан. 11б а
Ас/пан көр/сең //Ай мен Күн/ге/ /жол/ ашқан, 11б а
Ме/нің бай/тақ// Рес/пуб/ли/кам// тау/ла/ры 11б б
Ме/нің кө/гім//-мөл/ді/ре/ген// сол ас/пан. 11б а

3-топ.Метафора,теңеу сөз айшықтарын табады.

Метафора- Мөлдіреген аспан,көкжиекпен ұштасқан дала,түскі аспан,теңізбен қол ұстасқан көл,Жерде гүл мен көктегі күн бір жүзген-қатар суреттеу.

Теңеу-Қызыл бұлттай қырдың гүлдері.

4.Сөздік жұмыс.
ұлан-байтақ-кең-байтақ
Ай мен Күнге жол ашқан-аспан айдың,күннің еркін жүретін жолы,поэтикалық қолданыс болып табылады.Отан да солай адамдарға жол ашқан деген ұғымға жақын.
Көкжиек-аспан мен жердің қиылысу сызығы
Түскі аспан-ашық аспан деген ұғымда


Аяқталуы

5 жолды өлең құрастыру.Бас бармақ арқылы бағалау.

Үйге

С. М «Менің Республикам» жаттау, «Ой толғаныс». Тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу. Ұланымын ұлы елдің. Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Ысық. Елім. Тіршілік. Отан. Ақын. Ырыс. Бақыт. Болашақ


Рефлексия.Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет