Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»



Дата28.11.2016
өлшемі73,41 Kb.
түріСабақ
Сынып: 5 «а» , «ә»

Күні: 05.04.2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Менің Республикам». 
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің идеялық мазмұнына талдау жасау;

Дамытушылық: өз ойларын ашық айтуға үйрету, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой-қозғау, талдау, еркін жазу стратегиясы.


Көрнекілігі: Сырбай Мәуленовтың портреті,.
Пәнаралық байланыс: математика, музыка.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.

Сыныптағы оқушыларды түгендеу.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік





ІІІ.Жаңа сабақ. Сырбай Мәуленов «Менің Республикам».

(17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын.Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары,1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды.Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды.

Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.



Өлеңді мәнерлеп оқу. «Менің Республикам». 
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ Республикам таулары
Менің көгім- мөлдіреген сол аспан.


Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ Республикам бұл менің.

ІV. Өлеңді сатылай кешенді талдау жұмысы

1

Авторы:

Қазақ поэзиясына елеулі еңбек қосқан ірі дарын иесі Сырбай Мауленов.

2

Тақырыбы:

Ұшы - қиыры жоқ ұлан байтақ Республикамыз, тамаша мекеніміз туралы.

3

Идеясы:

Туған Отанына деген сүйіспеншілігін насихаттау, туған жеріміздің әсемдігін дәріптеу.

4

Жанр түрі:

поэзия (өлең)

5

Шумақ:

3

6

Тармақ:

12

7

Бунақ:

3

8

Буын:

11

9

Ұйқас түрі:

а,а,б,а Қара өлең ұйқасы

Тау/ды көр/сең// күн кө/зі/мен// та/лас/қан. 11б а


Ас/пан көр/сең //Ай мен Күн/ге/ /жол/ ашқан, 11б а
Ме/нің бай/тақ// Рес/пуб/ли/кам// тау/ла/ры 11б б
Ме/нің кө/гім//-мөл/ді/ре/ген// сол ас/пан. 11б а

Сөздік жұмыс. 
ұлан-байтақ-кең-байтақ
Ай мен Күнге жол ашқан-аспан айдың,күннің еркін жүретін жолы,поэтикалық қолданыс болып табылады.Отан да солай адамдарға жол ашқан деген ұғымға жақын.
Көкжиек-аспан мен жердің қиылысу сызығы
Түскі аспан-ашық аспан деген ұғымда


V.Балалар бізге ертегі кейіпкері Алдар көсе ұялы телефондарымызға тапсырма жолдапты қане сол тапсырмаларды орындап көрейікші.

2014 - 92=1922

Сырбай Мәуленов 1922ж Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.

2008-60=1948

Ақынның «Өлеңдер» атты тұңғыш жинағы 1948ж жарық көрді.

2001-31=1970

«Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекетінің лауреаты (1970ж), 1 - дәрежелі Отан соғысы(1985ж),

2050-68=1982

«Қызыл Ту», Халықтар достығы(1982ж) марапатталған.

2050-2030=20




2017-24=1993

Қайтыс болған


VI. Үйге тапсырма: «Менің Республикам» өлеңін жаттау. 
«Менің елім», «Туған жердей жер болмас», т.б. тақырыптарына оқушылар қабілеттеріне қарай ой толғау, өлең жазу, сурет салу.
Каталог: uploads -> doc -> 099d
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
099d -> Беретін мектебі Дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Митанова Эльвира Кумарханқызы
099d -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Допты жерге соғып алып жүру
099d -> Сабақтың тақырыбы: Гидраның көбеюі, регенерациясы. Сілтемелер
099d -> Сабақтың тақырыбы: "Жемістер " Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
099d -> Сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ. Ойын ережелері мен ерекшеліктері Пәнаралық байланысы: Тарих, математика,әдебиет


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу