«1-11 сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардыңорнынтолықтырубойынша әдістемелік ұсынымдар» құралынәзірледі. Әдістемелік ұсынымдарда білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнынтолықтырубойыншахалықаралықтәжірибе,Қазақстанмектептеріндеқашықтаноқытужағдайында білім алушылардың білім сапасына талдау, 1-11 сынып оқушыларының оқупәндері бойыншабіліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әдістемелікұсынымдарберілген. Әдістемелік ұсынымдама жалпы бiлiм беретiн мектептердiң басшылары менпедагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары/бөлімдері мен білім саласындағы сапанықамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен пән мұғалімдеріне арналғанAltynsarinAcademy(uba.edu.kz)сайтында қолжетімді).
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 547 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Қашықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларға білім беру бағдарламаларын академиялық күнтізбелікке сәйкес меңгеру үшін жүзеге асырылады.
«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес білім алушылардың жетістігін бағалау өткізіледі.
Ауа райының қолайсыз метеожағдайларына байланысты қашықтан оқыту «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органының бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірдің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі ортажәнежалпыорта)ұйымдарықызметінiңүлгілікқағидалары»8-бөліміне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.
Ақпараттықжүйенітаңдауөтемаңыздымәселе,себебіматериалдыигерусапасыплатформадағы білім мазмұнына байланысты.
Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде, оқу іс- шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып нақты
уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта, бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.
Мәтіннің көлемі аз болуы керек. Егер тақырып білім алушыны қызықтырған болса,қосымша материалдың болуы туралы ескертулер жасай отырып, мәтінде ең маңыздынәрсеніқалдырукерек.
Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-аналар, сабақ барысында оқушы орындайтын іс-әрекеттер нақты жазылуы керек