1 Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланыстыенгізілгенөзгерістерментолықтырулар «Шет тілі» («Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі») оқу пәні «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұнында жүзеге асырылады. Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді. Білім беру ұйымдарында шетел тілін таңдау құқығы берілген. Олар:
«Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі». Тілді таңдауды жалпы білім беретін білім алушылардың қажеттіліктерін және ата-аналардың пікірін ескере отырып жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен журналдарда оқытылатын шетел тілі көрсетіледі. Шетел тілді деңгейлеп меңгеруге бағдарланған.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 Бұйрығының 33-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу 24 және одан да көп білім алушылар болған кезде жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады (өзгерістері және толықтыруларҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен енгізілген.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Шетел тілі» пәнін оқытуға бөлінетін оқу жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты әртүрлі болады (10.1-кесте).
10.1-кесте. 2-11-cыныптарға арналған «Шетел тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу пәнінің атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)