Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет79/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Сынып

Пән бойынша тілдік деңгей

«Ағылшын тілі»

2 сынып

А1 low (төмен)

3 сынып

А1 mid (орташа)

4 сынып

А1 high (жоғары)

5 сынып

low-mid A2 (ортадан төмен)

6 сынып

mid-high A2 (ортадан жоғары)

7 сынып

low B1 (ортадан төмен)

8 сынып

mid B1(төмен)

9 сынып

high B1(жоғары)

10 сынып

В2 low –mid (ортадан төмен)

11 сынып

В2 (жоғары)

«Немістілі», «Француз тілі»

2-4 сынып

А1

5-9 сынып

А2

10-11 сынып

В1 (орташа - В1.2)



Бастауыш білім беру деңгейіндегі «Шетел тілі» оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың ойын және танымдық іс-әрекет арқылы тілдерді үйренуге деген қызығушылығы мен оң көзқарасын дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, сөйлеу материалы ретінде мәтінмен жұмыс істей білу қабілетін дамытуға, нақты жағдайларда мәтіннен сөздер мен сөз тіркестерін пайдалануға бағытталған.
2-4 сыныптарда «Шетел тілі» пәнін оқу білім алушылардың тілдің A1 деңгейін:

    • білім алушылардың шығармашылық ойлауын талдау, бағалау және дамытуға ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;

    • әр түрлі қызықты және ынталандыратын мазмұндағы ауызша және жазбаша дереккөздер арқылы меңгеруге бағытталған.

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Шетел тілі» оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес олардың тілдік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді; қазіргі әлемде шетел тілдерін оқытудың маңыздылығын түсіну; рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту; көптілді және көп мәдениетті әлемнің тұтас бейнесін, ұлттық құндылықты түсіну; өз елінің және әлем мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі көзқарастарды құрметтеуге тәрбиелеу ақпарат көздерімен, оның ішінде
интернет-ресурстармен өз бетінше жұмыс істей білу; шығармашылық және сыни ойлауды дамыту және пайдалану.
Негізгі орта білім деңгейі аяқталғаннан кейін білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В1 тілдік деңгейіне, «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша А2+ тілдік деңгейіне жетуі тиіс.
5-9-сыныптарына арналған «Шетел тілі» пәнін оқыту:

  • білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды саналы меңгеруді қамтамасыз етуге;

  • әртүрлі тапсырмалар арқылы тілдің А2-В1 деңгейін меңгеруге;

  • оқу бағдарламалары оқу процесінің оқу пәнінің әдістемелік әлеуетін кеңейтуге, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет