Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойыншажүргізілетінэлективтік курстардыңтақырыптары Элективті курстар оқу пәнін тереңдетуге бағытталған. Пәннің Үлгілік оқу бағдарламасына кіретін негізгі курстың жеке бөлімдерін тереңдетіп оқытады.
Сонымен қатар білім беру процесін жандандыруға және жекелендіруге арналған. Әдетте, бұл курстар стандартты бағдарламадан алуға болмайтын терең білім береді.
Элективті курстардың функциялары мен міндеттері өте кең:
бейінді оқу пәндерінің бірін, оның бөлімін меңгерудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
пәнаралық негізде оқу пәндерін игеруге қызмет етеді;
базалық оқу пәндерінің біреуін (немесе бірнешеуін) меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
іс жүзінде маңызды мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттің дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға қызмет етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
танымдық қызығушылықтарды қанағаттандыруға, өмірлік маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді;
білім алушыларыдң еңбек нарығында табысты ілгерілеуі үшін білім беру нәтижелерін алуға ықпал етеді.
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатынтақырыптар Әдістемелік бірлестік үлгілік оқу бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ететін мектептің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол оқытудың заманауи деңгейін қамтамасыз ету және жас ұрпақты оқыту сапасын арттыру, жалпы білім беру мекемесіндегі оқу процесін жетілдіру мақсатында өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін құрылады.
Оқу жылы ішінде мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің кемінде 4 отырысы, яғни тоқсанына бір рет өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестікте қарастырылатын мәселелер мұғалімдердің қажеттілігіне қарай анықталады.
Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастыруға ұсынылатын тақырыптар:
Сабақты талдау мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы;
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастыру;
Математиканы оқытуда қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі;
Пәндік және метапәндік нәтижелерді диагностикалау жүйесі;
Факультативтік сабақтар мен элективті курстарды ұйымдастыру.
Жалпығаміндеттібілімберустандартынаенгізілгенөзгерістерментолықтырулар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық» (1- сыныптан басқа), «Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады.
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда сынып бөлінбейді.
Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17,5 сағатты; 2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат; 8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат. 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат.
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 72 сағат.
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
ОқупәнініңмазмұныбойыншаҮлгілікоқубағдарламаларынаенгізілгенөзгерістер мен толықтырулар
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4- қосымша) өзгерістер енгізілді).
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған. 3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін
мынадай ұсынымдар беріледі: