Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет84/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Пәннің атауы

Сыныптар

Үлгілік оқу
жоспары (негізгі)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Математика

5-6

БЖБ, ТЖБ

Алгебра

7-9

БЖБ, ТЖБ

Геометрия

7-9

БЖБ, ТЖБ

БЖБ, жартыжылдық

Алгебра және анализ бастамалары

10-11 (ЖМБ)

БЖБ, ТЖБ

10-11 (ҚГБ)

БЖБ, ТЖБ

Геометрия



10-11 (ЖМБ)

БЖБ, ТЖБ

10-11 (ҚГБ)

БЖБ, жартыжылдық






  1. Төмендетілген оқу жүктемесі бойынша 7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы сыныптарда «Геометрия» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

  2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Геометрия» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы сыныптарда «Геометрия» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

  3. Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-11-сыныптардағы оқу пәндері бойынша (инварианттық компоненттегі таңдау пәндері) жиынтық бағалау өткізілмейді,

оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және


«Геометрия» пәндерінен бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізу барысында
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген) келесі пункттеріне міндетті түрде назар аудару қажет:

    • БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді; БЖБ үшін

максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек;

    • БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

БЖБ сандарын анықтау барысында 5-11-сыныптарда әрбір тоқсан бойынша қарастырылатын бөлімдер саны ескерілді.
«Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және
«Геометрия» пәндерін бойынша БЖБ-ның ұсыныс түрінде берілген саны 11.4-кестеде көрсетілген.
11.4-кесте – Пәндер бойынша БЖБ саны








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет