Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет83/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Сынып



Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат



Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Математика

5

180

5

180

6

Математика

5

180

5

180

7

Алгебра

3

108

2

72

7

Геометрия

2

72

1

36

8

Алгебра

3

108

2

72

8

Геометрия

2

72

1

36

9

Алгебра

3

108

2

72

9

Геометрия

2

72

1

36

10 (ЖМБ)

Алгебра және анализ бастамалары

4

144

3

108

10 (ҚГБ)

Алгебра және анализ бастамалары

3

108

2

72

10 (ЖМБ)

Геометрия

2

68

2

72

10 (ҚГБ)

Геометрия

1

36

1

36

11 (ЖМБ)

Алгебра және анализ бастамалары

4

144

3

108

11 (ҚГБ)

Алгебра және анализ бастамалары

3

108

2

72

11 (ЖМБ)

Геометрия

2

68

2

72

11 (ҚГБ)

Геометрия

1

36

1

36



Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.



Егер білім беру ұйымы төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарларын таңдаған жағдайда 7-11 сыныптарда вариативтік компонент есебінен білім алушылардың қажеттілігіне қарай таңдау пәндері ретінде инварианттық компоненттің кез-келген пәндерін қосымша оқытуға болады.



7–9-сыныптарда вариативтік компонент есебінен таңдау пәндері оқытудың мақсаты – білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету.
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығында инвариантты компоненттен таңдалатын оқу пәндерінің комбинациялары берілген. Комбинациялардың ішінде «Алгебра», «Физика» және «Алгебра»,
«География» оқу пәндерінен тұратын комбинациялар бар.
Егер білім алушылардың қажеттілігіне қарай осы комбинациялар таңдалған жағдайда 7–9-сыныптардың әр қайсысында «Алгебра» пәні қосымша 2 сағаттан оқытылады.
Сонымен қатар, білім алушылардың қажеттілігіне қарай үшінші таңдау пәні ретінде «Геометрия» пәні қосымша 2 сағаттан оқытылуы мүмкін.
10–11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен тағдалатын инварианттық пәндерді оқытуға барлығы 4 сағат бөлінген. Осыған орай, осы сыныптарда білім алушылардың қажеттілігіне қарай «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндері оқытылуы мүмкін.



Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша 711- сыныптарда вариативтік компонент есебінен білім алушылардың қажеттілігіне қарай
инварианттық компоненттен таңдаңдалған пәндер тізімі міндетті түрде білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде бекітілуі тиіс.

  1. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес оқу процесі білім беру ұйымдарының таңдауына байланысты негізгі Үлгілік оқу бағдарламалары және оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу бағдарламаларының бірімен жүргізіледі. Қолданыстағы оқу бағдарламалары бекітілген бұйрықтар түріне қарай 11.2-кестесінде берілген.

11.2-кесте – Қолданыстағы оқу бағдарламалары бекітілген бұйрықтар




Үлгілік оқу бағдарламалары ның түрлері

Сынып

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен енгізілген толықтырулар мен
өзгерістер

Негізгі

5-9

25.10.2017 ж. №545

10-11


27.07.2017 ж. №352
07.03.2019 ж. №105
(Геометрия, 10-11 сыныптар, ЖМБ, Ұзақ мерзімді жоспар)

оқу жүктемесі төмендетілген



7-11

27.11.2020 ж. №496
(Алгебра 7-9 сыныптар,
Геометрия 7-9 сыныптар, Алгебра және анализ бастамалары
10-11 сыныптар, ЖМБ; ҚГБ)

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламалары да пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.


«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.
Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлеріне қарай негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерінің базалық білім мазмұны мен оқыту мақсаттарының жүйелеріне тоқталайық.
5-6-сыныптар, «Математика» оқу пәні.
5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» пәнінің білім мазмұнында пәнді әрі қарай жалғастыруға қажетті материалдар игерілетін болғандықтан оқыту жүктемесін төмендету бұл сыныптарда қарастырылмаған, яғни Үлгілік оқу жоспарларында бөлінген оқу жүктемесі аптасына 5 сағат болып қалдырылған (11.1-кесте) және осы сыныптарда математика курсы жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылады.
Оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген.
7-9-сыныптар, «Алгебра» оқу пәні.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Алгебра» оқу пәнінің әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Мысалы, 8-сыныпта айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген квадрат теңдеулерді шешу; квадраттық функцияны қолданып, қолданбалы есептерді шығару; 9-сыныпта геометриялық ықтималдыққа есептер шығару және т.б.
7-9-сыныптар, «Геометрия» оқу пәні.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-9-сыныптарда «Геометрия» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Оқыту мақсаттарына қойылатын басты талап сәйкес теореманы, қасиетті білу және қолдану. Апталық оқу жүктемесінің азайтылуына байланысты теоремалар мен формулаларды қорытып шығару мақсаты білім алушылардан талап етілмейді.
Сонымен қатар, кейбір бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары нақтыланып, кейбір оқыту мақсаттарының реті өзгертілді.
7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9- сыныптарда «Геометрия» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Геометрия» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
10-11-сыныптар, «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні
11.1-кестеден көріп отырғандай, апталық оқу жүктемесі жаратылыстану- математика бағытында және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын
«Алгебра және анализ бастамалары» пәндерінен ғана төмендетілген.



Сондықтан 11-сыныптағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша


«Геометрия» оқу пәнінен күнтізбелік жоспар енгізілген өзгерістер бойынша жасалады.
10-11-сыныптарда «Геометрия» оқу пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген) негізінде жүргізіледі.
Осы бұйрықтың 11 тармағына сәйкес «Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады». Яғни, Үлгілік оқу жоспарларында бөлінген апталық оқу жүктемесіне қарай жүргізілетін БЖБ және ТЖБ «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндері бойынша 11.3-кестесінде көрсетілген.

11.3-кесте – Апталық оқу жүктемесіне қарай БЖБ және ТЖБ туралы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет