Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


«Музыка» оқу пәні, 5-6 - сыныптар



бет122/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Музыка» оқу пәні, 5-6 - сыныптар


2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «25» қазандағы № 545 бұйрығына 20-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 210-қосымша).
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;

  2. 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.

  1. сыныптағы «Музыка» пәнінде қазақ халқының ұлттық құндылықтары (күй, айтыс, тұрмыс-салт әндері) таныстырумен ғана шектелмей,

театрландырылған сабақтар өткізу ұсынылады. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін интерактивті тақталарды қолдану арқылы өткен тақырыптарды қорытындылау ұсынылады.

  1. сыныптағы «Музыка» пәнінде білім алушының музыкалық танымын, ой- өрісін кеңейту үшін музыка тарихына, әдебиетіне ерекше назар аудару, ән орындаудан көрі, музыка тыңдау, талдау, аспапта ойнау бөлімдеріне баса мән беру ұсынылады.

«Музыка» пәні аясы шеңберінде домбыра тартып үйрену сабағын енгізу ұсынылады, сабақ барысында білім алушылар қазақ күй өнерінің тарихымен, күйші-дәстүрлі әншілердің шығармашылығы жайлы мәліметтермен қатар, домбыра аспабының шығу тарихы мен құрылымымен тереңірек танысып, аспапты тартып үйренеді. Нәтижесінде білім алушы бірнеше күй мен әнді меңгеріп шығады.
6-сыныптан кейін домбыра тартып үйренуді жалғастыруға ниетті білім алушылар жоғарғы сыныптарда вариативті компоненттер сағаттары есебінен оқуларына болады.

  1. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың санын негіздеу және ұсыну

«Музыка» пәні бойынша 1-6 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 16-тармағына өзгерістер мен толықтырулармен).
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады».
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. Оқу жетістіктерін бағалау кезінде критериалды бағалау қағидаттарын басшылыққа алу қажет.
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің білім алушыны сүйемелдеуіне бағытталған, білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс негізінде ол өз іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Формативті бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін өз бетінше анықтайды.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Музыка» оқу пәні бойынша сынақ талаптары» әдістемелік ұсынымды қолдануға болады.
«Музыка» оқу пәні бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру кезінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу пәндері бойынша сынаққа қойылатын талаптар» әдістемелік ұсынымдарын педагог басшылыққа алуы қажет (www.nao.kz). Әдістемелік ұсынымдар жиынтық бағалау критерийлерін қамтиды, аталған пән бойынша сынақ өткізуге арналған тапсырмалардың үлгілері ұсынылған



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет