Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы



бет46/97
Дата07.02.2022
өлшемі369 Kb.
#86813
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97
Байланысты:
Қазақстан-2050 Стратегиясы

Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:

  • Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін.

  • Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.

  • Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз.

  • Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.

Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
Бұл – өзекті міндет. Бұл арада бізге:

  • Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет.

  • Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек.

Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет