Қазақстан Республикасының Президенті Н



бет4/4
Дата17.06.2018
өлшемі1,41 Mb.
#43151
1   2   3   4

Қазір ғаламтор желісін пайдаланбайтын бала кемде-кем шығар. Әсіресе жаз мезгілінде, демалыс уақытында балалардың дені ғаламдық торды жан серігіне айналдырып алатыны шындық. [3] 


Одан балаларды қорғау жолын да дұрыс қарастырмайды.

Ал ғаламтордан қорғалмаған бала түрлі психологиялық ауруларға душар болуда.

Бұрын жаз мезгілі бола қалса бала­лардың барлығы азаннан қара кешке дейін үй көрмей далада ойнап жүруші еді.

Ғаламтордан түрлі ойындар ойнап, түрлі әуен тыңдап, бейнежазба көруге құмартып алған олар тіпті компьютердің жанынан шықпайтын болды. Бүлдіршіндерді компьютерсіз көзге елестету де қиын болып бара жатқан сияқты.

Күндіз үй көрмей, түнде ұйқы көрмей жұмыс істейтін ата-аналар үшін де компьютер балаларын алдарқайтын жақсы құралға айналды. Конференцияға қатысқан мамандардың сөзіне қарағанда, осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалық­ты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді. Білсе де, одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген. Ал мұның салдары балалардың өскенде маскүнем, зинақор, жауыз болып өсуіне әкеліп соғады. Мәселен, Ресейдің Ішкі істер министрлігі ғаламторға арнайы тексеру жүргізіп, терроризм мен экстремистік сипаттағы 40-қа жуық сайтты анықтаған. Бір ғажабы, оның әрбір төртіншісі осы елде орнатылған екен.

Егер Қазақстанның ақпарат нарығын Ресейдің жаулап отыр­ғанын ескерсек, демек, әлгі сайттарды біздің балаларымыз да көреді деген сөз. "Балалар қарапайым мектеп тапсырмаларынан бастап, түрлі тақырыптағы рефераттарды, басқа да танымдық дүниелерді интернет арқылы орындайтын болды.




– Балаларды ғаламтордан қорғау­дың түрлі жолдары бар.

Біріншіден, әр ата-ана баласына ғаламтор туралы толық мәлімет беруі тиіс. Оның пайдасымен қоса зияны туралы да айтуы керек. Балаларды ғаламтордан қорғайтын жалғыз періште – ата-ана. Қазір неше түрлі ақша табуға құралған сайттар бар.


Бірақ ата-аналар да, ұстаздар да, тіпті балалар­дың өздері де көп ескере бермейтін бір мәселе бар, ол – ғаламтордың қауіптілігі, ондағы кейбір дүниелердің адам пси­хо­логиясына кері әсер етуі. Мәсе­лен, қазіргі күні ата-аналардың көбі ғалам­торда бала­ларды кішкене күнінен терроризм мен экстремизмге, зорлық-зом­­былыққа тәр­бие­лейтін қара ниетті сайт­тар­дың бар екенін білмейді.

Балалар интернетті ақтарып отырып, оларға кіріп кетеді. Егер ата-аналары қадағаламаса, бұл оларға үлкен шығын алып келуі ғажап емес. Бұдан басқа интернеттегі бұзақылар, мәселен, хакерлер балаға шабуыл жасауы мүмкін. [2]

Негізінен, қазір бала­лардың көбі кітаптан алшақтап барады. Менің оларға берер кеңесім: компьютермен қатар бір мезгіл кітап оқу да – пайдалы дүние. 

Екіншісі – білім беру компанияларын дамыту. Яғни әрбір ата-ана, ұстаз­дар қауымы балаларға ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып отыруы керек.

Үшіншісі – жаңа технологияларды пайдалану. Қазір ғалам­тордағы сайттарды рет­теп, бақы­лап отыратын арнайы бағдар­лама­лар бар. Сіз бағдарлама арқылы бала­ңыздың қандай сайттарға кіріп жүргенін біле аласыз. 

Жалпы, ақпарат жүйелерінің дамуынан гөрі, оны қолданушылар санының жылдам артатыны белгілі. Мамандар соңғы жылдары Қазақстанда да ғаламторды серігіне айналдырып алғандар қатарының екі есеге көбейгенін айтады. Оның дені мектеп жасындағы балалар екен.

Зерттеу жүргізу барысында мынадай жағдайларды анықтадым, яғни Қазақстандағы ғаламторды тұрақты пайдаланатын балалар 65% құраса, соның ішіндегі 14% ғаламтордағы виртуалды қатынас кезінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлікке ұшыраған, 10% интернет арқылы кездесуге шақырылған, 14 пайызы порносайттарды көреді, 13% пайызы зорлық-зомбылық туралы сайттарды ақтарады.



Біздің мектебімізде осы ғаламтордың оқушыларға пайдасы мен зияны жайлы оқушылар, ата-аналар және дін қызметкерлерімен жиналыс өткіздік.



Ата-аналарға және оқушыларға сауалнама қойылды, соның нәтижесінде компьютер көптеген оқушылардың үйінде бар екенін және олардың компьютерде жұмыс жасаудың қарапайым ережелерін сақтамайтынына көз жеткіздім. Сонымен қатар, оқушылар көп уақытын кітап оқумен емес, ғаламторға кіріп түрлі ойындар ойнап, агентке кіріп, уақытын тиімсіз өткізуде. Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Өзім оқып жүрген мектеп медбикесіне келесі сұрақты қойдым: оқушылардың қаншасының көру қабілеттілігі нашарлады? Соңғы кезде оқушылар арасында қандай науқастар көбеюде? Сонда мынадай нәтижелер көрсетіп отыр:

Ал балаларды қорғау агенттігінің хабарлауынша, балаларымыздың 16 пайызы ресейлік сайттарды тұрақты пайдаланады. Бұл сандарға қарап, әрине, ғаламтордың балалар психологиясына қаншалықты соққы беріп жатқанын көруге болады.

Сон­дықтан әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балаларды осындай кері дүниелерден сақтау үшін арнайы шара қолданып, ғаламторды үнемі бақылап отыруы тиіс.

Ғаламторға кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Ғаламтордың пайдасы көп. Ғаламтор арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, буклет болсын, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? [2]

Біздің тәуелсіз ел болғанымызға 20 жылдай уақыт . Әрине бұл көп емес. Бүгінгі таңда еліміздің орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану міндетке айналып отыр. Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан кезіміздің ақпараттандыру заманы деп айтуға болатының екенің бәрі біледі. Компьютерсіз осы кезде бірде-бір жұмыс орындалмайтын сияқты. Біздер технологияның өсуімен жетістіктеріне ат салысып күресудеміз. Әрбір ел болсын, өзінің ақпараттандырырылған жақтарынан мақтан ұстап, әлемге жар салуда.

Бұлардың барлығы дерлік үлкен жетістіктер. Бірақ, біз адам балалары өзіміздің денсаулығымызды естен шығарған сияқтымыз. Өзімнің сыныптастарымды және мектеп оқушыларын бақлай отырып, оларды компьютерді пайдалану ережелерін сақтай бермейтіндігіне көзім жетті. Информатика сабағында мұғалім компьютерде жұмыс істеу ережелерін сақтауды талап етіп отырғанымен, ал үй жағдайында ешқандай ережелер сақталмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді.

Сезімдік, нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Сондықтанда мен компьютерді дұрыс пайдаланбау зиян әкелетінін айтуды жөн көрдім.

Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нәшарлауы. 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нәшарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Көздің барлық көру қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің синдромдары уақытша рефракцияның нашарлауына немесе күшеюіне, қарама-қарсылық сезімталдығының, сезіну қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Жалпы, бейне монитордың, жазу столының, отыратын орындықтың, тағы да басқаларының орналастырылуы дұрыс болуға тиісті. Орындықтың биіктігін, арқалығының дұрыс тұруын, клавиатураның тұрған орнын, дисплейдің көлемін, экранмен ара қашықтықта жұмыс істейтін адамның өзіне ыңғайластырып қойғаны абзал. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда дисплей өте жоғары тұрады, жүйелік блоктың үстіне қойылады. Соның салдарынан, басты үнемі көтеріп отыруға тура келеді де, мойын омыртқа тұсы ауыратын болады. Жарыққа да мән берген жөн. Мамандар бөлмеге жарықтың 300-500 люкс шамасында біркелкі түсуіне ақыл-кеңес береді. Негізінен, жарықтың қапталдан түскені қолайлы және бөлменің төбесі қабырғасына қарағанда ашық, ақ болуы шарт.

Компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің адам ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді. Алайда бұл барлық компьютерлерге тән емес. Қазіргі компьютерлерге қарағанда ертеректе шыққандары қауіпті. Олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Кейінгі жылдары шығарылған компьютерлер өз құрылысына қарай үш түрге бөлініп келді: «ақ», «сары», «қызыл» болып. «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылғаны. Олар сапалы да қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Азия елдерінде (Гонконг, Тайвань) жасалынғаны. Сапасы өте жоғары емес. «Қызыл» құрылысты компьютерлер өзіміздің шеберлердің құрастырғандары. Зиянды сәулені көбірек бөлетіні де осылар. Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапозаннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

Компьютер әсерінен қолданушылардың көру қабілеті төмендеуімен қатар, дәрігелер тағы бірнеше синдромдарды анықтайды. Яғни, ол синдромдар ЭЕМ (ЭВМ) қолданушыларда кездеседі. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылуы жағдайы байқалады. Бұлшық ет ұлпасының дем алуға мүмкіндігі болмағандықтан, олардың қан айналымы төмендеп, зат алмасуы бұзылып, өнімнің түсуі көбейеді. Нәтижесінде бұлшық ет үнемі шаршау жағдайында болады және ақырында әлсірейді. Бұл белдің қисаюына және қаңқаның басқадай өзгеруіне, бұлшық ет ұлпасының өсуіне әкелуі мүмкін. Басқа синдром бел тунелдің немесе бел каналының синдромы деп аталады. Бұның пайда болуы қол бұлшық ет сіңірлері орталық жүйке жүйесінің әсер етуімен саусақтардың ұзақ ыңғайсыз бүгілуі клавиатурамен жұмыс істеумен байланысты. Ыңғайсыз жағдайда алақан сүйектері көп қайталанантын іс әрекеттер кезінде сіңірлер білезік сүйектері мен байламдарға қажалады. Нәтижесінде жүйке мен сіңірдің қысылуы қатты жетіспеуі дамиды. Аурудың алғашқы белгілеріне: компьютерде жұмысты аяқтағаннан бірнеше сағаттан кейін ғана дірілдеу, қышыну, саусақтадың ұйюы пайда болады. Қолда ақырында ұйып, ауырсыну және ауырлау белгілері қосылады. Білезік тунельдік синдромы ауыр түрінде адамның еңбек қабілеттін ауруды хирургиялық жолмен емдеуді талап етеді.

Ғаламтордың зиянынан сақтандыру

Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті. Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Балаларының ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру – ата-аналар парызы.

Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы мектептің ролі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз.



Ғаламторға тәуелділік. Бұл терминді (интернет-зависимость — Internetaddiction disorder) алғаш рет 1995 жылы американдық профессор-психиатор Айвен Голдберг ұсынған болатын. Ғаламтор ғасырының алғашқы жылдарында-ақ ол Бүкіләлемдік Ғаламтор жүйесіне тәуелділікті құмар ойындарына тәуелді адамда пайда болатын белгілерді салыстырды: бәрінен бұрын бұл әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың адам үшін маңыздылығының төмендеуі. Алғашында бұл терминді ғалым әзіл ретінде айтқан, ал қазіргі таңда бұл «әзіл» күлкілі болатындай жағдайда емес. АҚШ-тың әрбір 8-ші тұрғыны осы «аурумен» ауырады. Халықаралық аурулар классификациясына атауы енгізілмегенімен бұл «аурудың» салдары өте қиын жағдайға әкелуі мүмкін екендігін ақ халаттылар ескертіп отыр.

Компьютер, не ноутбугыңызды көре қалған жағдайда «Поштамды тексере салайыншы» деп кіріп, кейін бірнеше сайттарды аралау мен чатта сөйлесу арқылы көп уақытыңызды сарп еткеніңізді сезбей де қаласыз. Сөйтіп, көп уақытыңыз өзіңізге кері жұмыс істеп, интернет денсаулығыңызға да  кері әсер етеді.

Интернет тәуелділіктен арылуды сол пошта тексеруге арнайы уақыт тағайындаудан бастау керек. Арнайы уақыт тағайындаңыз да сол ережеден ауытқымаңыз.

Өзіңізге жаңа қызығушылық не хобби ашыңыз. Түрлі қауымдастықтар мен клубтарға барыңыз, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылданыңыз. Досыңызы ертіп дене шынықтырумен айналысыңыз. Кинотеатрға, концертке барыңыз, кітап оқыңыз. Жалпы интернеттің орнын баса алатын бір қызығушылық табыңыз.

Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.

Ас үйге көңіл бөліңіз. Чатта не болмаса форумда отырудың орнына анаңызға кешкі ас дайындауға көмектессеңіз, үйдегілердің бәрі қуанып қалары сөзсіз.

Достарыңызбен қыдырыңыз. Боулингке, сауда орталығына, сырғанаққа баруды жоспарлап, қыдырыңыз. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.

Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Мысалы, күнделікті теледидарға не мониторға телміргенше, кешкі астан кейін жиналып, үстел ойындарын ұйымдастырып, ойнаңыздар.

Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.

Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.



Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.

Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.

Ғаламтордағы онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін. [1]

Ғаламторға қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Ғаламтор желісіне жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Ғаламтор - болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып ХХІ ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды – дегендей қазіргі заман талабына сай барлық жастар ғаламторға тәуелді болғандай.

Жастарға арнаған сөзінің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек” деген болатын.

Бүгінгі әңгіме де жастардың білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалана білуіне ықпал ету мақсатын көздейді. Нақтырақ айтсақ, тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ақпарат, ғылым мен білім, жалпы әлеуметтік саланың дамуына ықпалы артып, жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігіне деген әсері күшейіп келе жатқан, Өздеріңіз күнделікті қолданатын Ғаламтор жайында болмақ.


Осыдан оншақты күн бұрын ғана Гуглдың негізін қалаушылардың бірі, әрі оның басшысы Эрик Шмидтың “Жаңа сандық дәуір” атты кітабы жарық көрді. Интернеттің ықпалы бар барлық саланың мамандары асыға күткен бұл кітап – Ғаламтор пен оның төңірегіндегі технологияларды сараптай келе, қоғам, мемлекет пен бизнестің болашағына жаңа көзқарас ұсынады.

Технологиялар мен олардың негізінде пайда болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың мүмкіндіктері де кеңейе береді. Осы саланың мамандарына жақсы таныс Годон Мур тапқан заңдылыққа сәйкес, кез келген компьютердің күшін анықтаушы процессорлардың жылдамдығы әрбір 18 ай сайын екі есе көбейіп отырады. Яғни, 2025-ші жылғы компьютер қазіргі супер компьютерден 64 есе жылдам болады деген сөз.

Бүгінде ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда болғаны жасырын емес. The Independent басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе марихуанаға тәуелділікпен бірдей екен. Негізінен, компьютер тұтынушыларының 5-10 пайызы ғаламторға тәуелді. Ересектерді былай қойғанда, бұл күнде жасөспірімдер мен бүлдіршіндер де ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр. Өкінішке қарай, елімізде ға­лам­тордан зиян шеккен балалар тура­лы де­рек жоқ. Өйткені ел аумағында ар­на­йы зерттеу жұмыстары жүргізіл­мей­ді екен. Әйткенмен мектеп жасында­ғы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына» айналғалы қа­шан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон ар­қылы хат алысатын оқушылар да жет­кілікті.

Өзгесін былай қойғанда, ба­ла­лар ғаламтор арқылы бейтаныс жан­­­дармен танысып, «сәбиқұмар» жа­уыз­дардың құрбанына да айналып жүр. Оның үстіне сіз бен біз тұтынатын ға­ламтор әлемі озбырлық пен асқан қа­нішерлікті де кеңінен насихаттайты­ны жасырын емес. Тіпті ғаламтор арқы­лы баланы суицидке итермелейтін жан­дар да бар. Ал ата-ана баланы интернеттен қорғай алмай әлек. Шыны керек, бү­гін­де балалар ғаламтор арқылы та­ра­тылатын түрлі ақпараттан сақтанып отыр­ған жоқ. Бүкіләлемдік желі бала­­лар үшін қауіпті екені де түсінікті жайт. Кейінгі кездері күйіп тұрған отбасы мәселесінің бірі – баланың ғаламторға тәуелділігі. Кеңес дәуірінде жеткіншектерге арналған түрлі тегін үйірмелер мен аула клубтарының орнын компьютер клубтары басқалы қашан. Кейбір ата-ана баласының бос уақытында компьютерлік клубтарға баруына рұқсат береді. Дәрігерлер мен психолог мамандардың жан айқайы түптің түбінде баланың «наркомания» сияқты бұл тәуелділіктен де арылуына мезгілдің өте кеш болатынын ескертеді.

Астанадағы психологиялық жәрдем беретін дағдарыс орталығына қиын баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар жиі жүгінеді. Көбі баласының сабаққа барғысы келмейтінін, тіпті, «мектепке кеттім» деп алдап, таңертеңнен кешке дейін қыдырып жүретініне алаңдайды. Зерттей келе, мұндай балалар қара кешке дейін компьютер клубтарында бас алмайтыны белгілі болып отыр.

Мамандардың айтуынша, бала компьютерлік ойындардың қызығына 4-5 жасынан бастап үйренеді. Егер, осы бастан жүгендемесе, бұл есейгенде  құмар ойындарына түбегейлі тәуелділікке апарады. Олай дейтін себебіміз, бұл орталыққа «тәуелділіктен» арылуға жәрдем сұрап келгендердің қатарында жоғары сынып оқушылары, студенттер, тіпті букмекерлік кеңседен қалай құтылудың жолын сұраған атпалдай азаматтар да бар. Яғни, ХХІ ғасырдың «жетістігі» барлық жастағыларды өзіне баурап алған. Бұл өз кезегінде бүлдіршіндердің психологиясына кері әсер етсе, мектеп оқушылары қажетті білімді игеруде артта қалғаны былай тұрсын, тәрбиесі тым төмендейді. Ал ересектер соңында ақшасынан, жұмысынан, тіпті отбасынан да айырылып жатады.

Бұл мәселеге ата-аналардың бей-жай қарамағаны жөн. Компьютер ойнайтын баланың психологиясында көп өзгеріс болады. Бойында іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен агрессияшылдық билейді. Сондықтан, баласының болашағын ойлайтын ата-аналардың бәрі қауіпті дерттің алдын алған жөн. Баланың бос уақытын тиімді пайдалану үшін ақыл-ойды дамытатын үйірмелер мен білім беру орталықтарына жаздыртқан абзал. Әйтпесе, «батпаңдап кірген аурудан» құтылу қиындық тудырмасына кім кепіл болмақ.

Қорыта келгенде, қай халық болса да, өзінің дамуында қилы-қилы жолдардан өтеді.

Дүние жүзі бойынша халықтың 89 пайызы ғаламторды пайданады, соның ішінде 66 пайызы ғаламторды пайдалы десе, ал 23 пайызы зияны да бар деп отыр.




Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды терең зерттеп меңгеруі керек.

«Шет елдің ойынына ей, құнықпа!

Кей клубтар айналды ғой «гей клубқа».

Лә иләхә иллалламен ішкі сарай,

Есіктерін мықты етіп сен құлыпта!» деген дұрысырақ па деймін.

Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді.

Ғаламтордағы болған құбылыстардың терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай - талай ғасырларды артта қалдырып, бай тәжірибелер жинақталады. Ғаламтордағы кұбылыстарыдың өзі кейде адамзат сенгісіз немесе тіпті түсініксіз болып жатады. Ерте заманның өзінде - ақ дүниенің жаралуы табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі, зерттеулері болды. Ғаламторда болып жатқан кейбір азамзат және табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.



Ұсыныс

1. Ғаламторды ауыл балаларының өз ана тілінде пайдалану қолжетімділігі ескерілсе, мәселен ғаламторда қазақ тіліндегі сайттардың ашылуы, олимпиадалық жұмыстар, компьютердің қондырма дискілеріндегі орнатылатын бағдарламаларды қазақ тілінде ұйымдастырылса;

2. Ғаламтордағы сайттарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты пайдалану ғылымда ескерілсе, өйткені балалар сайттады ашқанда пернография бейәдеп суреттер және бейне фильмдерді кәмелетке толмаған балалар да көріп отырады. Жас ерекшеліктеріне қарай сайттар ұйымдастырылса деген ұсынысым бар.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет