Ќазаќстан республикасыныњ



бет90/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Өнеркәсіптік аймақ шағын өзара бөлінген кәсіпорындар орналасатын және бірегей өндірістік алаңда («бір шатыр астында») қызмет ететін объектті сипаттайды.

Мақсаты: шағын кәсіпкерлік пен отандық тауар өндірушіні дамытуды жақсарту, кәсіпкерлерге,әсіресе қызметтің бастапқы сатысында көмектесу және қолдау көрсету

Өнеркәсіптік аймақ алаңында бөлініп қызмет ететін шағын кәсіпорындар орналасады. Олардың әрқайсысының жеке орны мен онда ұйымдастырылған өндірісі болады. Бір Өнеркәсіптік аймаққа алуан түрлі шағын кәсіпорындарды орналастырудың жалғыз шарты салалық және технологиялық сәйкестігі болып табылады. Өнеркәсіптік аймақтың барлық кешенінің қалыпты қызмет етуі арнайы органмен – басқарушы компаниямен қамтамасыз етіледі. Ол алаңдарды жалға бергеннен басқа бизнесті басқару мен жүргізумен байланысты басқа да қызметтерді көрсетеді.

Мемлекет тарапынан құрылып жатқан кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының көмегімен жаңа кәсіпорындардың табысы өседі және өндіріс көлемдерін өсіруге септігін тигізетін кәсіпкер мен қоршаған орта арасындағы қатынастар жүйесі құрылады.

Мемлекет арнайы құрылған даму институттары арқылы кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін икемді жағдайлар жасайды, өнеркәсіпті дамыту мәселелері мен болашағын зерттейді. Кәсіпкерліктің мәселелері бойынша құрылған кеңес пен комиссия көмегімен, ағымдық мәселелерді шешуге және даму жолындағы кедергілерді жоюға көмек көрсетеді.

13.4 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Кәсіпкерлік қызметтің қарқынды дамуы кәсіпкерлік құрылымдардың тиімді қызмет етуін ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілуінің қажеттілігін тудырады. Көбінесе олардың даму жолындағы маңызды кедергілердің бірі болып кәсіпкерлердің бизнестің бірқатар бағыттары бойынша нақты ақпараттық мәліметтер мен қамтамасыз етілмеуі. Бұл жағдай өз кезегінде ақпараттық жүйелердің жеткіліксіз даму деңгейімен байланысты. Яғни, олар кәсіпкерліктің табысты түрде жұмыс істеуіне кедергі болады, оның өз қызметінде табысқа деген мүмкіндіктерін төмендетеді.



Кәсіпкерліктің ақпараттық қамтамасыз етілуі – отандық шағын бизнесті дамытудың маңызды элементтерінің бірі. Бұл үрдіске құрылымдардың бірқатары жұмылдырылған, олардың әрқайсысы басқалармен тығыз әрекеттесе отырып, өзіне тиесілі функцияларды орындауы қажет.

Кәсіпкерлік қызметтің ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етілуі нарық инфрақұрылымының қосалқы жүйелерінің немесе алуан түрлі элементтерінің дұрыс жолға қойылған үйлесімді жұмысы арқылы қол жеткізіледі, олар: қаржы-несиелік, әлеуметтік-тұрмыстық, институционалды, сыртқы экономикалық, сауда-делдалдық, ғылыми-техникалық, экономикалық-құқықтық, ақпараттық (42-сурет). Жиынтық түрде инфрақұрылымның бұл түрлерінің барлығы кәсіпкерлік қызметтің тиімді қызметін қамтамасыз ететін ортаны құрайды.




42-сурет. Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Нарықтық жүйенің аясында, оның ішінде мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың қызметі мен аяларындағы инфрақұрылым арасында өзара тиімді әріптестік негізінде жүргізілетін іс – шаралар кәсіпкерлердің жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.

Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы ақпараттық ағымдармен жиі алмасуы, бизнесті жүргізу үшін интернет-ресурстарды кең түрде пайдалану, ғаламдану жағдайында кәсіпкерлердің әріптестермен виртуалды тұрғыдан байланыстарының ұлғаюы – кәсіпкерлік тиімді жұмыс істеуі үшін ақпараттың озық үлгілерімен қамтамасыз етілуі керек..

Ақпараттық технологиялардың дамуымен және олардың мәнінің артуына байланысты, ақпарат іскерлік қызметтің барлық аяларында байланыстырушы элементке айналуда. Кәсіпорын интернет, компания сайты, электронды және пошталық хабарландырулар, факс, телефон, электронды пошта арқылы жіберілетін хаттар арқылы алынатын ақпарат мәліметтері болмаса кәсіпорынның тұрақты дамуы қамтамасыз етілмейтіндігі белгілі.

Шағын бизнестің дамуын кәсіпкерліктің сыртқы ортасын жетілдіруді талап етеді. Оны құрудың шарттарының бірі ақпарат нарығының қалыптасуы мен жаңа ақпараттық қатынастарды дамыту болып табылады. Ақпарат пен жаңаша ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі факторының бірі болып отыр.

Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік оны мемлекеттік қолдау нақты жүргізілетін жерде және ақпараттық жүйенің ұтымдылығы жағдайында жақсы нәтижелер беруде. Сондықтан да шағын кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық инфрақұрылымының өміршеңді институттарын қалыптастыру маңызды болып табылады. Аталған жағдайда мемлекеттің ақпараттық саясаты, жоғары технологияларды, қазіргі телекоммуникацияларды дамытуға, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық инфрақұрылымын дамытуға, шағын бизнесте ақпараттық қатынастарды реттейтін өміршеңді институттарды құруға бағытталуы қажет болып отыр.

Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету Қазақстандағы ақпараттандыру үрдісінің айрықша ерекшелігіне айналуда.



Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым (ҰАИ), келесідей басты компоненттерден тұрады:

1) ақпараттық ресурстар, ол ақпаратты алып жүруші, мәліметтер мен мағлұматтарды және т.б. қамтиды;

2) ұйымдық құрылымдар, ол ҰАИ қызмет етуі мен дамуын. Атап айтқанда ақпаратты жинақтауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздеу мен беруді қамтиды;

3) азаматтарға ақпараттық әсер ету мен сәйкес ақпараттық технологиялар негізінде олардың ақпараттық ресурстарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету құралдары, ол бағдарламалық-техникалық құралдар мен ұйымдастырушылық-нормативті құжаттарды қамтиды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құру мен дамыту ашық жүйелер концепциясы негізінде әлемдік қоғамдастықпен жүзеге асырылатын, ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымды (Global Information Infrastructure - GII) қалыптастыру үрдісінің бір бөлігі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет