Ќазаќстан республикасыныњ



бет31/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Жоспарлау қағидалары кәсіпорындағы жоспарлау қымзетінің сипаты мен мазмұнын анықтайды, олар:

  1. Жүйелік жоспарлау қағидасы.

  2. Жеке бөлімшелердің жоспарларын қадағалау қағидасы.

  3. Қатысушылық қағидасы.

  4. Үздіксіздік қағидасы.

  5. Икемділік қағидасы.

  6. Нақтылық қағидасы.

Жалпы ережелерден шыға отырып, қаржылық жоспарлау қағидаларын келесідей түрлерге бөледі:

    1. Мерзімдердің қаржылық арақатынас қағидасы.

    2. Төлемқабілеттілік қағидасы.

    3. Капитал салымдарының рентабельділік қағидасы.

    4. Тәуекелдердің теңестірілген қағидасы.

    5. Нарық талаптарына икемделу қағидасы.

    6. Шекті рентабельділік қағидасы.

Жоспарлау үрдісі келесідей ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. экстенсивтілігімен (әлеуметтік – саяси және экономикалық құбылыстардың кең көлемін қамтиды);

  2. интенсивтілігімен (жетілген техниканы қолдануды қарастырады);

  3. тиімділігімен (қорытындысында қаржылық басқару жүйесі қойған мақсаттарға қол жеткізуді білдіреді).

Қаржылық жоспарлауда келесідей тәсілдер қолданылады:

  1. Автоматты (алдыңғы жылдың берілгендері келесі жылға ауыстырылады. Егерде инфляция болған жағдайда, берілген көрсеткіштер инфляция коэффициентіне көбейтіледі.) Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және уақыт тапшылығы болған жағдайда қолданылады;

  2. Статистикалық (алдыңғы жылдардың шығындары жинақталып, алдыңғы жылдардың санына бөлінеді);

  3. Нөлдік базалы (мұнда барлық позициялар қайта есептелуі тиіс. Бұл әдіс нақты қажеттіліктерді ескереді және оларды мүмкіндіктерімен байланыстырылады).

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау, басқару функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің жалпыға бірдей, барлық жақтарын қамтитын түрі болуы керек. Егерде жоспарлы экономикада қаржыларды жоспарлауда бөлу үрдістеріне көп көңіл бөлінсе, нарықтық экономика айырбас аясына көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда ол арқылы тауарларды сату мен қызмет көрсету кезіндегі жұмсалған қажетті шығындар ескеріледі.

Сәйкесінше, нарықтық экономикада тауарларды сату мен қызмет көрсету барысында басымдыққа ие және анықтаушы байланыс тәсілі болып, өз механизмі бар нарық болып табылады. Оның құрамына ақша, баға, құн заңы, сұраныс пен ұсыныс заңдары кіреді. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өнім өндіру мен айырбас нәтижелерін анықтау әдісінде болжауға жоспарлау элементтерін пайдаланады.


    1. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстанда капитал мен еңбек, өндіріс құралдар нарығының және нарықтық баға белгілеудің қалыптасуы барысында кәсіпорындағы қаржыларды басқару механизмі түбегейлі өзгеруде.

Нарықтық экономикаға бейімделген әдістерді ескере отырып, қаржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру қаржы менеджменті шегінде жүзеге асырылады.



Қаржылық менеджмент ағымдық және стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметі үрдісінде пайда болатын ақшалай ағымдардың қозғалысын ұтымды басқару жүйесі болып табылады.

Басқарудың кез – келген жүйесі сияқты, қаржылық менеджмент екі қосалқы жүйеден тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі) (13 - сурет).




13 - сурет – Қаржы менеджментінің жалпы сызбасы

Қаржылық менеджментте басқару объектісі ақшалай түсімдер мен төлемдердің тұрақты ағымын сипаттайтын шаруашылық субъекттің ақшалай айналымы түріндегі қаржы ресурстары болып табылады. Ақша қорының жұмсалуының әрбір бағытына белгілі бір көздері сәйкес болу керек: кәсіпорын капитал көздеріне өндіріске жұмсалатын инвестиция және активтер түріне енетін меншікті капитал мен пассивтерді жатқызуға болады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында ақша айналымының бастапқы және шекті нүктесін анықтау мүмкін емес. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының көлемі уақыт аралығы бойынша өзгереді және өндірістік үрдістің сипатына, сату көлеміне, дебиторлық борышты өтеуге және т.б. байланысты. Шикізаттың қорлары, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің қорлары, дебиторлық борыш пен төленуге тиісті коммерциялық несие қорлардың қалыптасуына, кредиторлық және дебиторлық борышқа қатысты кәсіпорынның қаржы саясаты мен өндірістік үрдісіне, өнім өткізуге байланысты.

Ақша айналымын басқару үрдісі біршама көлемде ақша қаражаттарының қозғалысының ұзақ мерзімді уақытқа болжау мен оның кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға қажетті әсерінен тұрады. Ақша айналымын басқару – кәсіпорынның ақша айналымының барлық тараптары мен капиталдың айналымын, қаржы ресурстарының қозғалысын, кәсіпорынның экономикалық үрдісінде, басқа қатысушылармен қаржылық қатынастарын талдау негізінде, жақын мерзімге және болашаққа деген ақша қаражаттарының көлемі мен қарқындылығын дұрыс есептеу дегенді білдіреді.

Нарықтық экономика жағдайында қаржыларды басқару үрдісінде кез – келген шаруашылық субъект қаржы нарықтарында әртүрлі рөл атқарады: инвестор мен бағалы қағаздардың эмитенті, қарыз беруші мен несие алушы. Мұнда, пайда болған байланыстар алуан түрлі қаржылық құралдар көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына акциялар, облигациялар, фьючерстер және т.б. жатады.

Басқару объектісіне әсер ету көптеген әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. .

Экономиканы басқарудың негізгі тобын мемлекет тарапынан анықталған әдістер жүйесі құрайды. Бұл әдістер жалпы экономикалық сипатқа ие, оларға салық салу, несиелендіру, амортизациялық аударымдар, кассалық және есеп айрысу операциялары, сақтандыру және т.б.

Күрделі жүйелер мен үрдістерді қазіргі заманғы талдау мен синтездеу әдістері қаржылық және салықтық жоспарлау, коммерциялық ұйымның қызметін болжауға негізделеді. Бұл әдістер нарықтық үрдістердің негізгі сипаттамалары мен тенденцияларын математикалық модельдер арқылы нақты сипаттауға мүмкіндік пайда болады.

Соңғы жылдары отандық тәжірибеде қаржыларды басқарудың келесідей тәсілдері қолданылады: факторинг, франчайзинг, селенг және т.б. Олардың негізінде туынды қаржы құралдары жатыр.

Қазіргі қаржы менеджментінің қызмет етуін электронды – есептеу машиналар жүйелері мен дербес компьютерлерді және бағдарламалық қамтамасыздандыру пакеттерін қолданусыз мүмкін емес.

Басқару субъектісі пайданы алу мен тиімді пайдалану арқылы кәсіпорынның өтімділігі мен төлемқабілеттілігін арттыру мақсатында, қаржы менеджментінің тактикасы мен стратегиясын жасап шығаратын және жүзеге асыратын қаржы қызметі болып табылады.

Қаржы қызметінің нақты құрылымы көбінесе кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанына, оның көлеміне, қызмет түріне және компания басшылығымен қойылған міндеттерге байланысты болады.



Ірі кәсіпорындарда қаржыларды басқару үшін әдетте бухгалтерия мен қаржы бөлімінен тұратын қаржы дирекциясы түріндегі арнайы бөлім құрылады. Бұл бөлім қаржы бойынша вице – президентке (қаржы директорына) бағынышты болады. Қаржы дирекциясы мен оның бөлімшелері алдында тұрған міндеттер кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын қамтиды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет