Ќазаќстан республикасыныњ



бет33/131
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#127164
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131
Байланысты:
Ќазаќстан республикасыныњ

КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР

Кәсіпорындар үшін қазіргі таңда лизингтік операциялар біршама қызығушылық тудырады.

Лизинг негізгі құралдарды иемденуге жұмсалған шығындарды қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизингтік қызмет – бұл мүлікті алу мен оны лизингке беру бойынша инвестициялық қызмет. Лизинг – лизинг келісімшартын жүзеге асыру үшін, оның ішінде лизингтік затты алу мақсатында экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы (14 - сурет).





14 - сурет – Лизинг кәсіпорын өнімін өткізу түрі ретінде

Лизинг заты кез – келген күнделікті тұтынылмайтын заттар болып табылады. Оның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүлік кешендері, үйлер, ғимараттар, құрал – жабдықтар, көлік құралдары және кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын басқа да жылжымалы мүліктер бар. Жер участкелері мен басқа да табиғи объектілер, сонымен қатар еркін айналым үшін қазақстандық заңнамалармен тыйым салынған немесе ерекше айналым тәртібі белгіленген мүлік лизинг заты бола алмайды.

Лизинг субъектілері болып келесілер табылады:

  • лизинг беруші – лизинг мәмілесін жүзеге асыру барысында тартылған немесе өз қаражаттары есебінен мүлкі иеленіп оны лизинг заты ретінде лизинг алушыға белгілі бір ақы үшін, белгілі бір шарттар мен мерзімге уақытша пайдалануға беретін немесе лизинг алушыға өту немесе өтпеу арқылы лизинг затына деген меншік құқығын беретін заңды немесе жеке тұлға;

  • лизинг алушылизинг келісімшартына сәйкес лизинг затын белгілі бір ақы үшін, белгілі бір мерзім аралығына мен белгілі бір шарттар бойынша уақытша пайдалануға және лизинг келісімшартына сәйкес пайдалану үшін қабылдауға міндетті болатын жеке немесе заңды тұлға;

  • лизинг мүлкін сатушы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен жасалған сату-сатып алу келісімшартына сәйкес, белгілі бір мерзімде лизинг заты болып табылатын ,онымен өндірілетін (сатып алынатын) мүлікті лизинг берушіге сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы, сату – сатып алу келісімшартының шарттарына сәйкес, лизинг затын, лизинг алушыға немесе лизинг ұсынушыға беруге міндетті. Сатушы бір мезгілде бір лизингтік құқықтық қарым – қатынас шегінде лизинг алушы ретінде шығуы мүмкін.

Лизинг субъектілерінің барлығы Қазақстан Республикасының резиденттері болуы немесе болмауы мүмкін.

Лизинг, кәсіпорынға ақша айналымында ұзақ мерзімді негізде басқа кәсіпорынның қаражаттарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қаржыландырудың аталған нысаны үшінші тарап үшін мүлікке деген меншік құқығын иемденетін және оны белгілі бір мерзімге жалға беретін лизингтік компания арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыруда да лизингі ерекше рөл атқарады.



Өткізу мерзіміне байланысты келесідей лизинг түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • ұзақмерзімді лизинг – үш жыл және одан астам мерзімде жүзеге асырылатын лизинг;

  • ортамерзімді лизинг – 1,5 - 3 жыл аралығында жүзеге асырылатын лизинг;

  • қысқа мерзімді лизинг – 1,5 жылдан аз уақыт аралығында жүзеге асырылатын лизинг.

Лизингті сатып алуды ұзақ мерзімді несиелеу нысаны ретінде қарастыруға болады. Лизингтік компания өз қаражаттары есебінен лизинг алушының тапсырысы бойынша негізгі құралдардың құнын толығымен төлейтіндіктен, сатып алу затына деген меншік құқығы соған өтеді.

Жалға алушы – кәсіпорын үшін, мәмілеге лизингтік компанияны тарту қажеттілігі негізінен, негізгі құралдарды иемдену үшін қаржы ресурстарының болмауымен және ұзақмерзімді ссудаларды алу қиындығымен байланысты туындайды. Лизинг негізгі құралдарды тиімді пайдалануды ынталандырады және орнатылмаған құрал – жабдықты, оны тиімсіз пайдалануды болдырмайды. Өйткені лизинг затын іске қосудан түсетін табыс жалға алу ақысын қосқандағы барлық шығындарды өтеп, пайда әкелуі керек.

Лизинг беруші мен лизинг алушының арақатынастары лизинг келісімшартымен анықталады. Ол уақыт мерзіміне байланыссыз жазбаша түрде жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет