Ќазаќстан республикасыныњ


тақырып: Психолог қызметінің бағыттары: Психологиялық диагностика ғылым саласы және практикалық әрекет ретінде



бет14/36
Дата06.02.2022
өлшемі317 Kb.
#58706
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
12 тақырып: Психолог қызметінің бағыттары: Психологиялық диагностика ғылым саласы және практикалық әрекет ретінде.

1.Психодиагностика пәні.


2.Практик-психолог жұмысының бағыттарындағы психодиагностиканың алатын орны.
«Психодиагностика» ұғымы тура мағынасында «психологиялық диагноз қою» дегенді білдіреді.«Диагноз» грек тіліне аударғанда танып білу дегенді білдіреді.Ал «диагностика» - «бір нәрсені танып білдіру» дегенді білдіреді.Мысалы: медицинада – ауруды, техникада – қандай да болмасын құралдың бұзылуын т.б. білдіреді.Қазіргі кезде психодиагностика адамның жеке физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және оларды зерттеу әдістерін жасайтын психологиялық пән ретінде қарастырады. Психодиагностика түсінігінде сонымен қатар әр түрлі қасиеттерді анықтауға арналған психолог жұмысының практикалық әрекеті де енеді.
Психодиагностика дифференциалды психологиямен,психометрикамен тығыз байланысты.
Психодиагностиканың қолдану салалары:психотерапия, психологиялық кеңес беру, экспертиза, кәсіби таңдау т.б.
Психодиагностика – жеке адамның даралық психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және өлшейтін психология ғылымының бір саласы. Психодиагностика үшін математикалық-статистикалық амалдар өте маңызды, соның ішінде әсіресе – коррекция және факторлыұ талдау болды.Психометрия мүмкіндіктерін қолдану психодиагностиканың практикалық нәтижесіне маңызды әсерін тигізеді.
Теория мен практика арасындағы және сол сияқты тұлға туралы академиялық концепциялыр мен оны іс жүзінде зерттеу арасындағы байланыс психодиагностиканың негізгі міндеттерінің бірі.
Психодиагностика негіздерін білу психолог маманына психологияның математикалық аппаратын дұрыс пайдалануға, психодиагностиканың теориылқ концепцияларын орынды қолданып зерттеудың мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді дұрыс таңдауға, экспериментті ұйымдастырып жүргізуге, нәтижелержі өңдеуге және интерпретациялацға мүмкіндік береді.
Психодиагностика білімдерін меңгерген психолог маманы өзі үшін жаңа немесе жаңадан шығарылған тестті практикалық, ғылыми зерттеуге сәйкестгін тексеру үшін қандай көрсеткіштер бойынша талдау жасау керек екекнін; қандай да болмасын тесттің құрылымы, интерпретация ерекшелігі туралы, сонымен қоса нақты тест қандай парадигма шеңберінде шығарылып, пайдалануға ұсынып отырғанын біле алады. Сондықтан практикалық психолог мамандығын меңгеруде «психодиагностика негіздері» курсы негізгі дәрістердің бірі болып ессептеледі, өйткені ол тесттердің психологиялық мәнісін түсіндіруге және олардың математика тұрғысынан өңдеу әдісеріне бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет