9 тақырып: Психолог және құқықтық практика.
Тергеуші және адвокат қызметіндегі психологиялық ақпараттар.
Заң саласындағы психолог қызметінің маңызы.
Заң саласындағы практикада психологиялық ақпараттың параметрлері қолданылатын қызметтер – тергеу және адвокаттық практика.
Тергеуші үшін адам әрекет-қылығының мүмкін моделдерінен құралған оқиғалардың логикасын қалпына келтіру үйреншікті жайт. Адам әрекет-қылығының ортақ моделі нақтыланған сайын, зерттелетін адам немесе адамдар тобының құрайтын дәл жағдайлары мен дәл логикасының профессионалды іс-әрекеті соғұрлым тура құралатын болады.
Адвокаттың да нақты жағдайларда өз практикасында адам әрекет-қылығының жалпы моделін нақтылауға бағытталғандығы табиғи құбылыс. Бұл құқықтық практиканың түрлеріндегі болымды айырмашылықтың бірі профессионалды ойлау процесінің дұрыстық өлшемдерімен байланысты деген ой келеді. Бұл өзгешеліктерді, тергеуші үшін нақты фактілерменбекітілген объективті дәлдік маңызды болуынан, ал адвокат практикасында адамның іс-әрекет логикасының субъективті негізделуі үлкенмағынаға ие болуынан көруге мүмкін болады.
Егер айырмашылық сызығын сызсақ, онда ол шамамен былай болар еді: тергеушіні шын мәнінде болған жайттар қызықтырады; адвокатты ол жайттар неге болғандығы қызықтырады.
Осыдан психологиялық ақпаратты қолданудағы айырмашылық: тергеуші үшін – адам не істегені туралы, адвокат үшін – ол мұны неге істегендігі туралы сұрақ актуалды.
Психологқа сұраныс жасағанда, құқықтық мамандықтың иелері нақты жағдайлар туралы ойлары – құрал негізінде қолданылуы қажет деген адамның әрекет- қылығының жалпы моделіне бағытталған.
Психолог алдында мүлде басқа спецификалық мәселе пайда болады – зерттелетін жағдайдағы адам әрекет-қылығының субъективті логикасын жасау мәселесі. Құқықтық мамандық пен психолог иелерінің өзара қарым-қатынасының зат спецификасын және соған сәйкес оның мамандық иелерінің арасындағы қарым-қатынасының басқа мүмкін нұсқаларынан айырмашылығын бөліп алуда мағына бар деген ой келеді.
Бұл ерекшелік, юристерде де, олармен жұмыс істейтін психологта да, адам әрекет қылығының моделін нақтылауынан көрінеді. Бұл сөздердің астын сызу үшін бөлек бөліп алғың-ақ келеді, шынымен біріккен қызметте психолог және юрист -адам болмысы мен формасын нақтылауға қарайды.
Жауапкершілік категориясы, оның адам әрекет-қылығының моделіне міндетті қосындысы адам әрекет қылығын жануарлар әрекет-қылығынан ерекшелейді.
Индивидуалды әрекет-қылықтың логикасын (профессионал ойлауында) нақтылау сызығы дәл осы категориядан өтеді.
Психолог юристтерге адам әрекет-қылық моделіндегі жауапкершілік категориясын қолданудағы индивидуалды варианттар туралы мәліметтерді бере алады және беруі керек.
Бұл юристтің профессионалды қызметіне қатысушылар туралы психологиялық ақпаратты қолдануды анықтайтын бастама категория болады. Психолог пен құқықтық практикаға қатысушыларды және оларға қатысты тұлғалардың арасындағы бірігіп әрекет ету құралы – жауапкершілік нормалары болып табылады.
Психолог психологиялық ақпаратты алу арқылы келесі проблемаларды шеше алады және шешуі тиіс:
Юристтің адам әрекет-қылық моделінде жауапкершілік категориясын адекватты қолдану проблемасын;
Юристтің профессионалды қызметіне қатысатын тұлғалардың жауапкершілік категориясын индивидуалды жүргізу проблемасы;
Юристтің оның прфессионалды қызметі жауапкершілік категориясының басқа қатысушылармен меңгерілу дәрежесін адекватты бейнелеу проблемасын;
Юристтің профессионалды қызметіне қатысатын тұлғаның оның жауапкершілік категориясын меңгеру деңгейін адекватты бейнелеу проблемасын;
Жауапкершілік категориясының индивидуалды мазмұны мен құқықтық жауапкершілік нормасының сәйкес келу проблемасын.
Осы ортақ проблемаларды шешу арқылы психолог әр нақты жағдайда адам әрекет-қылық моделінде жауапкершілік категориясына сәйкес келетін психологиялық ақпарат мазмұнын анықтай отырып, құқықтық практикаға қатысушылардың барлығына олардың өзара бірігіп әрекет ету мақсатында нақты психологиялық көмек көрсете алады.
Бірақ өкінішке орай қазіргі уақытта біздің елімізде заң қызметтерінің психологиялық негізделуі бойынша жұмыстар өте аз, бірақ заман өзгеріп, жаңа психологтар әлеуметтік өмір заңдылықтары туралы да өз сөздерін айтады деген үміт бар.
Достарыңызбен бөлісу: |