5 тақырып: Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету.
Бастауыш сынып жасындағыларға психологиялық сипаттама.
Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін психологиялық қиындықтар.
Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай.Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелей психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады.Сондықтан мектеп психологы баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ойы дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады.Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады. Дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде танымдық әрекеті жетекші бола бастайды.Осы әрекеті мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін, интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді.Әсіресе, баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді.Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені, мектепті бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір саласы ретінде қабылдайды.Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады.Бұл талаптарды бала орындауға болмайтын қағида деп қабылдайды.
Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршуына алып келуі мүмкін.Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.
Мектеп қойып отырған талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыруы керек. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберуі , үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алады. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.
Бірінші сынып оқушыларының басым көпшілігі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастарымен қарым-қатынас жасауы болып табылады.Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психолгтың келесі міндеті болып анықталады.
Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады.Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындату тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ауыстыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осы жас кезеңдегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.
Қазіргі кезде көптеген мектептер, гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |