6 тақырып: Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету.
Жеткіншектік кезең психологиясы.
Жеткіншектік шақта болатын өзгерістер.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жаскезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы» т.б көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда бұндай кезең даму дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екіжақтылық орын алады. Сондықтан, бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатыны, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер менбаланың арасында текетірестік орын алуы мүмккін.
Жеткіншектердің дене мүшесінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мысалы, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарымжан сезіну» деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денсін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезінде балалардың эндокриндік жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |