Ќазаќстан республикасыныњ


тақырып: Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі



бет4/36
Дата06.02.2022
өлшемі317 Kb.
#58706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
3 тақырып: Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі.
Мектептің психологиялық қызметінің мазмұны.

Жоспары:
1. Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер.


2. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері.
4. Мектеп психологы іс-қағаздары тізімі.
3. Балаға психологиялық қызмет көрсету міндеттері, салалары.
Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасы білім мекемесінде өткен ғасырдың соңғы он жылдығында ғана өз дәрежесінде екекнін дәлелдеді. Қазіргі кезеңде мектеп басшыларының практикалық психологтардың назарын аударатын келесі мәселелер:

  • Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек;

  • Психолог пен мектеп әкімшілігінің әрекеттерін бір-біріне қалай сәйкестендіру керек;

  • Жұмыс жоспарын құру;

  • Оқушылармен диагностикалық зерттеулерді, түзету жұмыстарын қашан немесе қай уақытта жүргізуге болады, егер оларда күніне 6-7 сағат болатын болса;

  • Тұлғаны, сынып ұжымдарын зерттеуде әдістемелердің деңгейі қандай болуы керек.

Бұл мәселені талқылаудың қажетілігі, біздің ойымызша, практикалық психологтың жұмысы тек адамдармен байланыстылығында.
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан астам тарихы және мол тәжірибесі бар.Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр.Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген.
Өткен ғасырдың басында Францияды Бине жекелік қасиеттерді зерттеу жөнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалды қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып, психологиялық қызметті ұйымдастыруғы ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Френк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам уш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті:
1. Өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу
2.Таңдаған мамандық бойынша жұмыс жағдайымен танысып, өз қызметін орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу;
3. Әр баланың арманы мен мүкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.
Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:

  • Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету;

  • Мектепке оқу параллельдерін анықтап алуға жәрдем беру;

  • Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.

Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрлі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметтіұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін , теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.
Психологиядық қызметтің мақсаты – бала дамуының әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне , қоршаған ортаға деген көзқарасының , қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау.Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады.
Психологиялық қызметтің міндеттері:

  • психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғылан қиындық көріп жүрген балалардың мәселелерін анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;

  • оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру;

  • мәселесі бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;

  • дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер жүргізу;

  • оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап, әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын арттыру.

Қазақстанда мектеп психологы енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі аз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтау үшін ізденіс үстінде.
Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес.Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдануға болады.
Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат толық мағлұат алу керек.Бұл мағлұмат психодиагностикалық херттеу барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процесстерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп, жұмыс жоспарында көрсету керек.Жоспарларды жасау үлгісі курстың келесі тарауларында беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет