Жекелей психокоррекцияда- психолог клиентін бөтен адамның қатысуынсыз, тек бір адаммен жұмыс істейді.
Топтық психокоррекцияда- психолог топ адаммен жұмыс істейді.
14 тақырыбы: Психотерапия пәні мен міндеттері
Психотерапия туралы түсінік. деген
Ғылым ретінде қалыптасып дамуы.
Ғылыми – зерттеу әдістері.
«Психотерапия» грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген ұғымды білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің «Театр киім ілгіштен басталады» сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірімен астасып жатыр.
Ю.В.Каннабих «Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану» дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психикалық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған дәрігер диагноз туралы ойы, сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған рецепті берердегі жігерлендіру сөздері т.б. жатады.
Психотерапия – грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» - термині 1872 жылы Д.Тьюктың «иллюстарция»влияние разума на тело» - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың аяғынан кең қолдана бастады.
Психотерапияның бұл күндері кең мағынада қолданылуы туралы Страсбург қаласында Европа психотерапевтер ассоцияциясының 1990 жылы қабылданған Декларациясында көрсетілген. Аталған декларацияда психотерапия «көңіл – күйдің жалпы гармониясы» - на бағытталған және төмендегі міәндеттерді қамтиды:
психотерапия гуманитарлық ғылым саласы ретінде мамандықтарды еркін қолданылады;
психотерапия білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты талап етеді.
психотерапия әдістердің көптеген түрлері қолданылады.
Психотерапия дегеніміз – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негіздлген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі – сөзбен әсер ету. Бірақ психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады.
Жалпы және арнайы психотерапия болады. Психотерапияның көптеген әсерлерін барлық маман дәрігерлер қолдануы керек. Психотерапияның кейбір арнайы түрлерін (гипноз, өзін - өзі жаттықтыру) тәжірибелі, бұл саланың арнайы тәселдерін игерген психотерапевтер жүргізуі керек.
Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия), оларға күн сәулесі де, есік пен желдеткішті ашып – жабуда, оларғакүн сәулесі де, әтірдің иісі де тез әсер етеді. Ауру адам сыпайылығын сақатап осыларды кейде айтпауы мүмкін. Ал мұны дәрігер түсінуі керек.
Ауру адамдарды қарау, процедуралар мен белгілеулердің орындалуында адамдардың табиғи ұялшақтығын ескеру керек. Сондықтан айтылған ерекшеліктерді естен шығармау қажет. Аурухана жағдайында мейіркештер дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқаша болған жағдайда, ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады. Қорғау режимін сақтауда қызметкерлердің өзара қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Лауазымы жоғары тұрған қызметкерлер басқаларға ауру адамның көзінше даусын көтеріп сөйлемегені, ескерту жасамағаны дұрыс.
Аурухана кафедраларын клиникалық базасы болғандықтан, олардың жағдайы мүлде ерекше. Қорғау режимі студенттердің үнемі есінде болуы керек. Егер студенттердің сыртқы пішіні жарасымды, сыпайы болса әрі олар өз ісіне ұқыпты қараса, ауру адамдардың да көңіл күйі дұрыс болары қақ. Ешбір ауру адам студенттің дөрекілігін көтермейді. Мекеменің бағытына байланысты қорғау режимінінің ерекшеліктері де түрліше болады. Ауру адамды ауруханаға қабылдау кезінде оны қай палатаға орналастырудың да мәні зор. Мұндайда ауру адамның жасы, ерекшеліктері, ақыл – ойының дамуы, ауруының күштілігі барынша ескеріледі. Ауруы асқынған адамдарды жеке палатаға жатқызған жөн.
Рентгендік тексерудің өзіндік ерекшелігі бар. Ауру адамдар (әсіресе туберкулез, жара не ісігі барлар) осы тексеруді объективті санап, үмітпен асыға күтеді. Бұл тексерудің алдында ауру адамдар түні бойы ұйықтай, мазасызданып, қобалжып, сақтанады. Сондықтан рентгенолог дәрігер, емдеуші дәрігер мен мейркеш рентген бөлмесінде абайлап сөйлеп, ауру адамның көзінше дәрігерлік тұрғыдан пікір айтпау керек. Кез келген таныс емес сөзді ауру адам өзінше түсінеді. Дәрігердің «өкпесі мөлдір» екен деген сөзіне ауру адам секем ала. Егер ауру адам түсіндіруді сұраса, оның ол сұрауын орындау қажет. Өйткені ауру адам дәрігердің журналға жазғанын өінше түсінетіндіктен, олардың өзін - өзі өлтірмекші болғаны, сөйтіп психиатриялық ауруханаға түскені туралы деректер аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: |