Аяқ- астылық- сыртқы әсерлерге реттелмейтін әрекет- қылық пен сезім, сондықтан психодрамада алдын- ала жазылған сценарийлер мен рөлдер болмайды. Д. Морено психодрамадағы аяқ- асты әрекет- қылықты әлеуметтік рөлдердің өспелі ригидтілігіне қарсы дәрі деп қарастырған. Д. Морено түсінігінде аяқ- астылық- шығармашылықты босатуға арналған кілт: «Шығармашылықты ұйқыдағы ару сияқты ояту керек. Бұған ең қолайлы құрал- аяқ- астылық»- деп жазды.
Аяқ- астылық екі маңызды параметрді шамалайды: жауаптың адекваттылығы, жаңашылдық.
Психодрамалық әрекеттің өткені мен болашағы болмайды- тек қана осы шағы бар, барлық болған жағдайлар реалды әрекетте ғана уайымдалады.
Егер «тасымал» ұғымы З. Фрейд бойынша эмоцияны пайиенттен психотерапевтке тапсырудың бір жақты процесін білдірсе, ал «контртасымал»- психотерапевтен пациентке, онда «теле» Д. Морено бойынша клиент пен режиссер және топ мүшелерінің арасында эмоция тапсырудың екі жақты процессі. «Теле» психодрамалық жағдайда туындайтын жағымды (жағымды «теле»)да және жағымсыз (жағымсыз «теле») эмоцияларды қамти алады.
«Телені» қолданудың нәтижесі басқа адамдарды шын мәнінде қалай екенін көрмеу, ал бізге қатынасын қалай білдіретінін мойындау болып табылады.
Психодрама топта лабораториялық жағдай тудырады, яғни қатысушылардың біреуі басқаларды қабылдауы анализделеді.
«Теле» ұғымы социодрамада тиімдірек- психодраманың ерекше түрі, оған топтық ортақ тақырып тән.
Социодраманың қатысушылары әрбіреуінің жеке проблемаларын зерттеудің орнына, барлық қатысушыларға әсер ететін фактормен айналысады. Топ мүшелері рөлдік ойындарды өздерінің әлеуметтік- мәдени қажеттіліктерге қатынасын, яғни ата- ана мен балалар арасындағы қатынас, тұрғындар мен чиновниктер арасындағы конфликтер, расизм және т.б. зерттеу үшін қолданады.
Катарсис- сезімдік әсерлену мен ішкі тазару деген мағына береді. Д. Морено бұл ұғымды біршама кеңейтті, яғни катарсис әрекетін тек көрермендерге ғана емес, актерларға дейін өрістетті. Ол былай деді, психодраманың емдік эффектісі көрермендерге қатысты ғана емес (екінші катарсис), актерге қатысы да бар.
Инсайт- проблеманың шешілуі мен жаңаша түсінуіне әкелетін таным түрі болып табылады. Инсайт- психодрама қатысушысының перцептивті алаңының құрылымының өзгеруі. Инсайт тек қана катарсис кезінде ғана емес, ойналған психодраманы талқылау кезінде де пайда болады, себебі онымен байланысты уайымдар басылады.
Психодраманың мақсаты катарсис пен инсайттың максималды шығуына мүмкіндік болатын топтық климатты тудыру болып табылады.
Психодраманың негізгі фазалары:
Қызу және жаттығу
Өзіндік драмалық әрекет
Талқылау
1 фаза кезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия үшін материал алу, проблеманы қайта талқылау, протагонист және басқа қатысушылардың дайындығы психодрамалық әрекетке кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.
1-ші фаза 3 стадиядан тұрады:
1. Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету.
2. Аяқ- астылы қылық- әрекеттік реакция стимуляциясы.
3. Нақтылы проблемаларда топ мүшелерінің фокусировкасы.
Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлерін бөлеміз.