лизинг берушімен төленген, лизинг келісімшарты бойынша берілетін мүлік салығы;
лизинг берушінің инвестициялық шығындар сомасы;
лизинг келісімшартымен қарастырылған лизинг берушінің басқа да шығындары.
Лизингтің тартымдылығы кәсіпорынның құрал – жабдық сатып алу үшін бір мезгілде өз қаржылық ресурстарын жұмсамайтындығында. Өйткені банктер оны өз қаражаттары есебінен сатып алады. Банктер ақырында құрал – жабдықты сатып алуға деген бастапқы шығындардан жоғары болатын жалға беру ақысы түрінде табыстар алады. Қаржылық лизинг (мерзімі 5-10 жыл) кәсіпорынды ұзақмерзімді несиелеу нысанын сипаттайды. Сонымен қатар қарапайым ссудаға қарағанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Ол несиені ұсыну мен өтеудің шектеулі мерзімдерімен байланысты.
5.5 КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ФАКТОРИНГ Факторинг деп кәсіпкердің дебиторлық қарызын өтеуді өз мойнына алатын (кәсіпкер тауарды алып, оның құнын төлей алмаған жағдайда) немесе кәсіпкерден төлем туралы қандай да бір серіктеске деген талабын сатып алатын (кәсіпкер тауар тасымалын жүзеге асырып, бірақта сатып алушы төлемді создыруды пайдаланса) өзара қатынастар жүйесін айтады.
Фактор – кәсіпорын рөлінде көбінесе банктер (көптеген банктер қазіргі таңда банк топтарына айналуда; олар тек қаржылық қызмет көрсетумен айналысып қоймайды, сонымен қатар өз құрылымында факторингтік, лизингтік, инжинирингтік, консалтингтік кеңселерді қалыптастыра отырып, клиенттерге кешенді қызмет көрсетуді жүзеге асырады) шығады.
Факторинг – бұлфактор – компаниямен клиент шоттарын сатып алу арқылы, клиенттің айналым капиталын несиелеумен үйлесетін сауда – комиссиялық операцияның бір түрі.
Факторинг – өзіне бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, өткізу, көліктік, сақтандырушы, несиелік және заңды қызмет көрсетуді қосатын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйе элементтерінің бірі.
Факторингтік операциялардың таралуы қазіргі таңда төлемнің қарапайым мерзімінің 1 айдан 3 айға дейінгі аралықты қамтитындығымен байланысты. Егер, банк мұндай төлемдер бойынша талаптарды төлесе, онда сконто (италиян тілінен аударғанда sconto – баға бойынша жеңілдік) шарты қолданылады, қаражаттар айналымы көбейеді.
Әртүрлі ерекшеліктері бар белгілердің негізінде жіктелетін, факторингтік операциялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады (15 - сурет).
Факторингтік операциялар ішкі және халықаралық болуы мүмкін. Егерде жабдықтаушы – фирма және оның клиенті, яғни сату – сатып алу бойынша тараптар, сонымен қатар факторингтік компания бір елдің территориясында орналасса, онда бұл - ішкі факторинг. Егерде факторингтік келісімшарттың қатысушылары әртүрлі елдердің территориясында орналасса, онда бұл – халықаралық факторинг.