Отбасылық
Ірі кәсіпкерлік субъектісі (жалдамалы қызметкерлер саны
250-ден жоғары, жылдық активтері 325 мың АЕК-тен жоғары)
Жай серіктестік
4 - сурет – Жеке кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары
4 – суреттен көрініп тұрғандай, жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылатын дара кәсіпкерлер үшін заңнамамен жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, олар үшін нақты шарттарды ұстанған жағдайда арнаулы салық режимдері түрінде салық салудың жеңілдетілген тәртібі, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен белгілі бір параметрлерге сәйкес келетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бір бөлігі (шағын кәсіпкерлік субъектілері) үшін келесідей арнаулы салық режимдері қарастырылған:
бір реттік талон негізінде;
патент негізінде;
оңайлатылған декларация негізінде.
Арнаулы салық режимі дара кәсіпкерлер үшін, әлеуметтік салықты және жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Арнауы салық режимінен басқа, шағын бизнес субъектілеріне жатқызылатын дара кәсіпкерлер, басқа дара кәсіпкерлер секілді салықты есептеу, төлеудің және салықтық есептілікті ұсынудың жалпыға ортақ тәртібін таңдауына да болады.
Дара кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Адамға жұмысқа тұру және жалақы алу мәселесін шешуге мүмкіндік береді;
Жеңіл және арзан түрде тіркеледі;
Мемлекеттік тарапынан реттеу, қадағалау механизмдерінің әсері төмендеу;
Көптеген құжаттық деректерді жинауды талап етпейді.
Дара кәсіпкерліктің кемшіліктері:
Шығармашылық белсенділіктің өсуіне септігін тигізбейді;
Бастапқы капиталды жинау қиынға түседі;
Ресми бизнестен біреудің сізбен жұмыс істеу ықтималдығы аз;
Сіздің жеке меншігіңізге қауіп төнуі мүмкін және т.б.
2.4. шетел капиталының қатысуымен жүргізілетін кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қатысуымен болатын кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық нысандарының бірі Қазақстан резиденттерінің жеке және заңды тұлғаларының кәсіпкерлік бизнестің шетелдік субъектілерінің қызметіне қатысу мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалардың және қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғалардың шарттарының кейбір жағдайларын ұстану барысында шетелде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қатысу құқығы бар. Мұндай қатысудың кез-келген нысаны міндетті түрде мемлекеттік басқарудың құзіретті органдарымен сәйкестендірілуі керек және инвестиция тарту қазақстандық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Өйткені мұндай қатысу заңмен шетелге отандық капиталдың экспорты ретінде түсіндіріледі. Кәсіпкерлік табыс табудың немесе қаражаттарды салудың кез-келген нысаны, немесе жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті салудың, коммерциялық банктердің депозиттік шоттарында орналастыру мемлекеттік органдардың келісімімен ғана жүзеге асырылады. Мұндай іс-әрекеттер туралы ақпарат міндетті түрде Қазақстан Республикасының салықтық органдарына хабарлануы керек. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс орналасқан акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу немесе халықаралық қорлар мен қоғамдық ұйымдарға толық мүше немесе қатысушы ретінде тіркелуі сияқты қарапайым іс-әрекеттерде Қазақстаннан шетелдерге капитал экспорты ретінде түсіндірілуі мүмкін.
Кәсіпкерлік бизнестің шетелдік субъектілерінің қызметінде қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың заңды қатысудың қарама-қайшылықтары болмаған жағдайда, аталған субъектілер таңдалған мемлекеттерде орнатылған, атап айтқанда сәйкес ел үшін заңмен қарастырылған кәсіпкерліктің ұйымдық –құқықтық нысандарына қатысуы қажет болады. Мұндай іс – әрекеттер кәсіби дайын болуы үшін, ең алдымен әртүрлі шетелдік мемлекеттерде қолданылатын кәсіпкерлік заңнаманы зерттеу және кәсіпкерлік компанияларды тіркеу мен қатар олардың жұмысын жүргізу бойынша мамандар, білікті кеңес берушілердің қызметіне жүгіну керек.
Кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген кәсіпкерлік бизнес субъектілерімен және шетелдік капиталмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі мен жолдары:
тауарлар мен қызметтер, несиелер, инвестициялар, ақпараттық ресурстар мен басқа да нарықтарда шетелде тіркелген кәсіпорындардың Қазақстанда тіркелген кәсіпкерлік бизнес субъектілермен мәміле жасасудың алуан түрлі жолдары;
Қазақстанда тіркелген және Қазақстан территориясындағы шетелдік капиталдың жүз пайыздық қатысуы бар кәсіпорындардың қызметі;
Қазақстан шекарасынан тыс орналасқан, бірақ Қазақстан территориясында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына ие (лицензиялар, арнайы рұқсаттар және т.б.) шетелдік капиталдың жүз пайыздық қатысуы бар Қазақстан территориясында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметі;
Қазақстанда тіркелген заңды тұлға құқығы жоқ, өз филиалдары арқылы қызмет жүргізетін Қазақстан шекарасынан тыс тіркелген кәсіпорындардың қызметі;
отандық және шетелдік құрылтайшыларының аралас қатысуымен, Қазақстан территориясында тіркелген кәсіпорындардың қызметі.
Қазақстан территориясында шетелде тіркелген компаниялар да кәсіпкерлік бизнесін жүзеге асыра алады. Мұндай компаниялардың үш тобын бөліп көрсетуге болады, атап айтқанда:
әр түрлі шетелдік мемлекеттерде қарапайым әдіспен құрылған кәсіпорындар;
оффшорлы экономикалық аймақтарда құрылған кәсіпорындар;
Қазақстанда тіркелген филиалдар арқылы әрекет ететін трансұлттық компаниялар.
Жалпы, шетелде тіркелген кәсіпорындар, міндетті лицензиялауды талап ететін кәсіпкерлік қызмет түрлерін орындау үшін алынған лицензиялар мен басқа да рұқсатты құжаттар негізінде Қазақстан территориясында өз қызметін жүзеге асыруға құқықтары бар.
Мұндай кәсіпорындар Қазақстанда өз өкілдіктерін құра алады, олар қазақстандық заңнамаға сәйкес бизнес субъектілерінің мүдделерін көздеп, оларды қорғауға құқықтары бар. Қаржылық операцияларды өткізу мен салықтарды төлеуді қосқандағы барлық кәсіпкерлік функцияларды мұндай фирмалар Қазақстаннан тыс жерде жүзеге асырады. Тікелей Қазақстан территориясында кәсіпкерлік бизнестің аталған субъектілері тек контрагенттерді іздеумен, Интернет арқылы қызмет көрсетумен және жалғыз клиенттердің бір реттік тапсырыстарын (мысалға, сараптаманы өткізу немесе оның өткізу бойынша кеңес беру аясында) орындаумен айналысады.
Қазақстан территориясында шетел капиталының жүз пайыздық және аралас қатысуы бар Қазақстанда тіркелген кәсіпорындар әрекет етуге құқылы. Белгілі нысандарда Қазақстан территориясында кәсіпкерлік қызметке қатысуға қалауы болған жағдайда шетелдік жеке және заңды тұлғалар, Қазақстанның мемлекеттік құзіреттік басқару органдарында шетелдік инвестор ретінде тіркеуден өтуге міндетті. Шетелдік қатысушылары бар қазақстандық компанияларға, тек отандық қатысушыларды қосатын кәсіпорындарға қарағанда, статистикалық кодтар беріледі. Қазақстанда қабылданған кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысандарынан таңдау және салықтарды төлеу тәртібі, кәсіпкерлік бизнестің мұндай субъектілерінің таза отандық фирмалардан басқа ерекшелігі жоқ.
Қазақстан территориясындағы шетелдік инвесторлар деп Қазақстан экономикасына инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік бизнес түрлерінің бірі – инвестициялық бизнестің субъектілері танылады. Шетелдік инвестициялар деп ең алдымен инвесторлармен өз іскерлік мүдделерінен пайда алуды жүзеге асыру мақсатында, экономикаға салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлерін айтады. Қазақстандық экономикаға шетелдік инвестициялар екі түрде тартылуы мүмкін. Атап айтқанда:
- жоба қатысушыларының барлығының арасындағы инвестициялық келісімшарттар негізінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға салынатын ресурстар ретінде;
- кез – келген жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру құқығы бар кәсіпкерлік бизнестің субъектілеріне ресурстарды салу ретінде.
Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік корпорациялардан басқа, қазақстандық кәсіпкерліктің кез-келген нысандарында іскерлік қатысуды жүзеге асыруға құқығы бар. Олар заңды тұлғалармен және қазақстандық азаматтармен біріге отырып және оларсыз кез-келген кәсіпкерлік фирмаларды құра алады. Олар өз кезегінде толығымен немесе жартылай солардың иелігінде болады. Шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындарды құру нәтижесінде әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандары бар отандық кәсіпкерлік бизнес субъектілері қызметінің халықаралық деңгейге шығуына болады.
Шетелдік капиталдың қатысуымен қызмет ететін кәсіпорындарды екі түрде бөледі – шетелдік капитал жүз пайыз қатысатын кәсіпорындар және бірлескен кәсіпкерлік фирмалар (бірлескен кәсіпорындар).
Шетелдік капитал жүз пайыз қатысатын кәсіпорындар отандық нарықта әр түрлі түрлі себептер бойынша пайда болады. Мұндай іс-әрекеттердің жалпы себептері болып әдетте өнімді өткізудің кеңейтілген нарықтарына қызығушылық тудыру және жалдамалы қызметкерлердің жұмыс күшін қосқандағы өндірістік ресурстардың арзан түрлерін тарту болып табылады. Мұндай компаниялар отандық нарықта әртүрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Олардың қатарына кәсіпкерліктің келесідей нысандары жатады:
отандық коммерциялық емес ұйымдарға ресурстарды инвестициялау;
отандық инвесторларды тартпай-ақ, Қазақстан территориясында жаңа еншілес және тәуелді кәсіпкерлік фирмаларды құру;
қатысушылар құрамында отандық инвесторлар болмайтын Қазақстан территориясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік фирмалардың акцияларының бақылау пакеттерін және қатысудың басым үлесін иемдену.
Бірлескен кәсіпорын (БК) деп әр түрлі резиденттері болып табылатын, қатысушылары құрамына жеке және заңды тұлғалар кіргізу нәтижесінде пайда болған кәсіпкерлік фирманы айтады. БК екі және одан да көп шетелдік заңды және жеке тұлғалармен құрыла алады. Бірақ, қатысушыларының бірі ретінде міндетті түрде – жеке немесе заңды тұлға болуы керек.
Бірлескен кәсіпорын – бұл Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше ұйымдық – құқықтық нысаны емес. Бұл қатысушылардың құрылымының ұлттық ерекшелігі және аталған фирманың жарғылық капиталы туралы сипаттама беретін кәсіпорынның ерекшелігі. Бірлескен кәсіпорын мемлекеттік корпорациялардан басқа Қазақстанда танылған кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысаны құрамында қалыптасуы мүмкін. Ал егерде ол акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылса – жарғылық капиталға БК қатысушылары салымдарының кез-келген комбинациясында болуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпкерлік, көпұлттық компаниялар деп аталатын кәсіпкерлік бизнестің отандық алуан түрлілігі ретінде шығады. Көпұлтты компаниялар (ағылшын термині multinational company) деп өз жарғылық капиталдарының ұлттық негізге жатқызылуы мен қатысушыларының құрамы бойынша халықаралық болып табылатын кәсіпкерлік фирмаларды айтады. Көпұлтты болып, мұндай компаниялардың құрамына алуан түрлі мемлекеттердің азаматтары кіретін кәсіпкерлік фирмаларды басқару органдары болып табылады. Сонымен қатар, көпұлтты компанияның кәсіпкерлік қызметі тек бір мемлекеттің шекарасында ғана жүзеге асырылады және халықаралық сипатқа ие болмайды.
Көпұлтты компаниялардың құрылуы әдетте әртүрлі итермелеуші мотивтер әсерінен болады және бір – бірінің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін пайдалануда, алуан түрлі мемлекеттердің резиденттерінің өзара қызығушылығына негізделеді. Қазақстан территориясында бірлескен кәсіпкерлік келесідей себептердің әсерінен болады:
шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тек бірлескен кәсіпкерлік нысанында өзара әрекеттесуге сәйкестірілген, аталған нарықты білетін отандық әріптестер арқылы өз тауарлары мен қызметтерін жылжытуға мүдделі;
шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары орналасқан елдегі алуан түрлі үкіметтік, қоғамдық немесе қаржылық мекемелермен, бірлескен кәсіпорынды құруды талап ететін халықаралық ұйымдармен мақсатты жобаларды жүзеге асыруға, қаржылық және несиелік ресурстарды пайдалануға мүдделі;
шетелдік мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары бірлескен кәсіпорын арқылы – қолайлы имидж, қоғамдық коммуникацияларды, маркетингті, басқаруды, инновацияларды жасап шығаруға, технологиялық дамуға, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру аясындағы отандық әріптестің мүмкіндіктерін пайдалануға мүдделі;
БК отандық қатысушылары жоғарыда аталған мүмкіндіктерді пайдалануға және шетелдік әріптестің қолайлы имиджін пайдалануға мүдделі;
БК отандық катысушылары көпұлтты кәсіпкерлік бизнестің қатысушысы ретінде, өз бәсекелік позицияларын құрастыру мен күшейту арқылы халықыралық нарыққа өз қызметін шығаруға мүдделі;
БК отандық қатысушылары әлеуетті клиенттер мен контрагенттер халықаралық бизнестің субъектісі ретінде өз мәнінің дәрежесі туралы немесе ұлттық нарықтарда және жергілікті нарықтарда қосымша беделге ие болу үшін – өте әдемі және жақсы сипатталатын халықаралық кеңістікті құруға мүдделі.
Бірлескен кәсіпкерлік әлемнің алуан түрлі елдерінде экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланудың нақты бағыты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |