ӨЗ КӘСІПОРНЫН ҚҰРУ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
Кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ортада жұмысын жүргізеді. Сондықтан да қажетті құқықтық шарттарды құрудың маңызы зор. Осы тұрғыда кәсіпкерлік қызметті реттейтін және кәсіпкерліктің дамуы үшін ең қолайлы жағдайларды реттейтін заңдардың болуы: кәсіпорындарды ашу мен тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібі, кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, Қазақстан кәсіпкерлерінің шет мемлекеттермен бірлескен қызметін дамыту бағытында салықтық заңнаманы жетілдіру.
Құқықтық нормалар – шаруашылық құқықтың даму дәрежесі, шаруашылық жүргізу нысандарының өзара қарым – қатынасын реттеу, кәсіпкерлікті заңнамалық түрде қорғау, мемлекеттік реттеу тұрғысынан кәсіпкерлерге әсер ету – кәсіпкерлік қызметтің алғышарттарын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның белсенділік дәрежесін анықтайды. Бұған шағын кәсіпкерлікті қолдау, статистикалық есеп беру, нысандары мен есепке алу әдістерін жетілдірудің аймақтық орталықтарын құру да кіреді. Сонымен қатар, ең алдымен, келісімдік міндеттемелерді ұстану мен меншікке деген құқықтарды, кәсіпкерлік қызметті құқықтық жағынан кепілдендіру, заңнамалық бастаманы дайындау, бірінші кезекте келісім – шарт міндеттемелерін орындау өте маңызды рөл атқарады.
Кәсіпкерлік құқықтық нормалардың тұрақтылығы шамалы және ішкі қайшылығы бар жағдайда, қандай да бір қоғамдық топтардың мүдделерін ұстануға бейім болады. Сондықтан заңды тұрғыдан бекітілген кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық түрлері оған деген сенімді арттырады және экономикалық қатынастардың нақты түрлерін қалыптастырады. Кәсіпорынның құқықтық негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Оны келесі суреттерден көруге болады (5,6,7,8 суреттер).
5- сурет – Кәсіпорынның мәні
6-сурет – Кәсіпорынды құру тәртібі
7 -сурет – Кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың жіктелуі
8- сурет – Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін құру немесе тоқтату себептері
Жоғарыда келтірілген 5,6,7,8 суреттерді талдай отырып, қазақстандық заңнамаға сәйкес кез–келген әрекет қабілетті азамат белгілі бір ұйымдық – құқықтық нысанда өз ісін құра алады деп айтуға болады. Өз ісін құру келесідей бірқатар міндетті шараларды талап етеді:
бастапқы капиталды қалыптастыру үшін мүліктің болуы;
жарғылық (қоймалық) капиталдың минималды мөлшерін қалыптастыру үшін қажетті қаржылық ресурстардың болуы;
болашақ кәсіпорынның кеңсесін орналастыру және міндеттемелерін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті тұрғын үй емес ғимараттардың болуы;
кәсіпкер өз тауарларын (қызметтерін, жұмыстарын) ұсынатын нарықтың жағдайын зерттеу;
қызығушылық тудыратын саладағы, аймақтағы тауарларға деген сұраныс;
құрылтайшылар (серіктестер) құрамын анықтау;
кәсіпорынды құру туралы құрылтай келісімшартын жасау.
Болашақ кәсіпкер:
тәуекелден болатын залалдарды шамалап есептей алуы;
кәсіпкерлік құпияны сақтай алуы;
өз кәсіпорнының қызметі, өнім тұтынушылары, клиенттері, жабдықтаушылары, бәсекелестері және т.б. туралы барлық ақпаратты білуі;
өз ісін құрғысы келетін қызмет аясында құзіретті болуы;
өз ісін ұйымдастыруда шағын кәсіпкерлік ғана мемлекет тарапынан белгілі бір қолдауға ие болатындықтан, өз күшіне ғана сену керектігін естен шығармауы керек.
ФРАНЧАЙЗИНГ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Франчайзинг әдісі бойынша ұйымдастырылған кәсіпкерлік өз қызметін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, олардың көбісінің істі табысты жүргізу үшін жеткілікті білімі, тәжірибесі және қаржылық мүмкіндіктері болмайды. Сондықтан да табысты жұмыс істеп жатқан фирмалар тарапынан қолдауды қажет етеді.
Франчайзингің мәні - ірі және болашағы бар кәсіпорын (франчайзер) өз бизнесін жаңадан бастап келе жатқан шағын кәсіпорынға (франчайзи) персоналды оқыту мүмкіндігін, белгілі және танымал сауда маркасын, «ноу-хауды», өзін-өзі ақтаған технологияны пайдалана отырып белгілі бір уақыт аралығында және белгілі бір жерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу құқығын (франшиза) береді .
Франчайзер әріптеске сауда мен қызмет ету сферасын таңдау, сауда және өткізу желісін ұйымдастыру, жарнамалық компанияны өткізу барысында кеңес береді, шикізат пен материалдарды, құрал-жабдықты тасымалдау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады, бизнесті басқаруды ұйымдастыруда, кейде тікелей қаржылық (несиелер нысанында) немесе жанама (кепілдемелер мен кепілдер ретінде) көмекті көрсетеді. Франчайзер мен франчайзидің өзара қарым – қатынастарының барлық мәселелері келісімшартта көрсетіледі.
Франчайзинг келісімшартының мәнінің ерекшелігі франчайзиге тек лицензия беру ғана емес, сонымен қатар оны тәжірибелік тұрғыдан пайдалануда. Көптеген жағдайларда ол үшін техникалық құжаттаманы, жұмысқа қажетті нұсқауларды беру, франчайзиге жұмыс істеу әдістеріне оқыту мен кеңес берушілік қызметтерді ары қарай жалғастыру.
Шағын кәсіпорын франчайзер көмегін пайдалана отырып, салыстырмалы қысқа мерзімде өз ісін бастай алады, және де мұнда бас кәсіпорын тарапынан тұрақты қолдау, қиындықтарды (әсіресе бастапқы қызмет ету барысында) жеңуге мүмкіндік береді. Франчайзер тарапынан көмек пен қолдау ақылы болады (роялти) және жеткілікті түрде жоғары болады.
Франчайзинг пен франчайзингтік құрылымдарды бірнеше типтер мен түрлерге бөлінеді (9-сурет). Франчайзингтің негізгі типтері болып тауарлық, өндірістік, іскерлік, еншілес және конвенсиялық франчайзинг табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |