Ќазаќстан республикасыныњ


Ө зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет30/145
Дата07.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#95129
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   145
Байланысты:
Seidahmetov-Kasipkerlik

Ө зін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісінің мәні неде?

  2. Бизнес – жоспар қалай сипатталады?

  3. Бизнес – жоспардың функциялары, құрамы мен құрылымы қандай?

  4. Бизнес – жоспардың мақсаты қандай?

  5. Бизнес-жоспарды жасап шығару сатылары қандай?

  6. Бизнес-жоспардың мазмұнын ашып көрсетіңіз және оның негізгі тарауларына сипаттама беріңіз.

  7. Қазіргі таңда бизнес-жоспарды жасап шығару барысында кәсіпкерге қандай ерекшеліктерді ескеру қажет?



  1. -
    КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
    тақырып:


5.1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ


Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру – бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Қаржыландыру деп ақшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада – капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. «Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Егер де қаржыландыру – бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау - бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та біріншісі екіншісін туындатады: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізіледі.
Кәсіпорынды қаржыландыру көздерін таңдау барысында келесідей бес негізгі міндеттерді шешу қажет:

  1. қысқа және ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілікті анықтау керек;

  2. оптималды құрылымын анықтау мақсатында қаражаттардың активтері мен пассивтерінің құрамын анықтау керек;

  3. кәсіпорынның тұрақты төлемқабілеттілігін және сәйкесінше қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету керек;

  4. максималды пайда әкелетіндей етіп кәсіпорынның өз және қарыз қаражаттарын пайдалану керек;

  5. шаруашылық қызметті қаржыландыруға деген шығындарды төмендету керек.

Кез – келген кәсіпорын экономикалық жүйенің элементі болып табылады және кәсіпкерлік қызмет бойынша серіктестермен, әртүрлі деңгейдегі бюджеттермен, капитал иелерімен және басқа да субъектілермен белгілі бір қарым – қатынастарға түседі. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде кәсіпорында нарықтың басқа субъектілерімен қаржылық қатынастар пайда болады. Дәл осы қатынастар кәсіпорын қаржысының мәнін құрайды.
Кәсіпорын қаржылары оның өндірістік – шаруашылық қызметі барысында пайда болатын және оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды.
Қаржылық қатынастар құрамында кәсіпорынның ақшалай қатынастарының келесідей топтарын бөліп көрсетеді:

  • контрагенттермен – бастапқы табыстарды қалыптастыру және шаруашылық ішіндегі мақсатты қорларды құру мен қолдану бойынша (жарғылық капитал, жинақтау мен тұтыну қорлары);

  • ұйымдар мен кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу бойынша, бұл жағдайда қаржылық ресурстардың қозғалысы қор сипатында емес түрде жүзеге асырылады (келісім шарттық міндеттемелерін бұзған жағдайда айыппұл төлеу, әртүрлі пайлық салымдар салу, бірлескен қызметтен түсетін пайданы үлестіру, мемлекет пен басқа да кәсіпкерлік ұйымдардың құнды қағаздарын сатып алу, олардан дивидендтер алу);

  • өнім тұтынушылармен – кәсіпорындар олармен байланысқа түсе отырып келісім – шарттардың түрлері мен нысандарын өзі таңдайды. Міндеттерді орындау шарттары мен санкцияларды пайдалану тәртібін өздері анықтайды. Өз өнімдеріне деген бағаны өздері қалыптастырады. Жабдықтаушылар бағаларының негізділігін өз бетінше анықтайды. Жоғарыда аталған факторлар кәсіпорынның қаржылық шекті нәтижелеріне біршама әсер етеді;

  • сақтандыру ұйымдарымен – міндетті және ерікті сақтандырудың әр түрлі түрлерін таңдау бойынша;

  • банктік жүйемен – қарыздарды алу және өтеумен, пайыздарды төлеумен байланысты есепті-кассалық қызмет көрсету бойынша, сонымен қатар банктерге өзінің бос ақша қаражаттарын белгілі бір ақы үшін уақытша пайдалануды ұсыну бойынша;

  • мемлекетпен – бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құрастыру және қалыптастыру, қолдану бойынша. Ақшалай қатынастардың бұл тобы бюджетке және бюджеттен тыс қорларға алуан түрлі салықтарды, алымдарды, жарналарды және т.б. төлеу арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағынан, өндірістік емес сфераны, мақсатты бағдарламаларды және т.б. бюджеттік қаржыландыру түрлері жүзеге асырылады;

  • жоғарғы басшылық құрылымдармен – кәсіпорын ішіндегі қаржылық ресурстарды қайта үлестіру бойынша «тікелей» және «көлденең» өзара байланыстар.

Жоғарыда аталған қаржылық қатынастар үшін ортақ нәрсе, ол:

  • олардың ақшалай нысанда сипатталуы және ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелеуі;

  • екі жақты сипатқа ие болатындығы және кәсіпорынның нарықтың басқа да қатысушыларымен белгілі бір шаруашылық операцияларының нәтижесі болып табылатындығы;

  • ақшалай қаражаттың қозғалу үрдісінде, қаржылық қарым – қатынастық негізінде әр түрлі бағыттағы кәсіпорынның ақшалай қорлары қалыптасады.

Кәсіпорынды қаржыландыру көздері - ішкі (меншікті капитал) және сыртқы (қарыз және тартылған капитал) болып бөлінеді. Ішкі қаржыландыру өз қаржысын пайдалануды, оның ішінде ең алдымен – таза пайда мен амортизациялық аударымдарды пайдалануды қарастырады.
Ішкі және сыртқы көздерден түсетін қаржы ресурстарының құрамы 12 – суретте келтірілген.



12 – сурет. Қаржы ресурстарының құрамы


Өз қаражаты есебінен қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар:

  • кәсіпорын пайдасынан толтырылу есебінен оның қаржылық тұрақтылығы артады;

  • өз қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұрақты түрде жүргізіледі;

  • сыртқы қаржыландыру бойынша шығындар азаяды (несие берушілерге қарыз бойынша қызмет көрсету);

  • қосымша шығындарды жабу көздері алдын-ала белгілі болғандықтан, кәсіпорынды дамыту бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісі жеңілдейді.

Кәсіпорынның өзін – өзі қаржыландыру деңгейі тек оның ішкі мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортасына (мемлекеттің салықтық, амортизациялық, бюджеттік, кедендік және ақша- несие саясатына) да байланысты болады.
Негізінде, кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін қаржыландырудың негізгі ішкі көздері пайда мен амортизациялық аударымдар болып табылады. Кәсіпорын пайдасы оның шекті нәтижесі болып өндірістік қызмет үрдісінің барысында қалыптасады. Бәсеке жағдайында еңбек ұжымы пайданың өсуіне мүдделі болып табылады. Өйткені ол өндірістің өсуінің, сәйкесінше кәсіпорын қызметкерлерінің әл – ауқатының жақсару көзі болып табылады. Бірақ, кәсіпорынның мұндай көз ретінде жалпы табыс емес, тек оның бюджетке барлық салықтар мен төлемдерді төлеп болғаннан кейінгі таза пайдасы болып табылады. Ол резервтік қорды, жинақтау және тұтыну қорларын қалыптастыру үшін қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржыгерлер «капитал» түсінігін негізге алады, ол пайданы алу үшін әсер етудің нақты объектісі болып табылады. Капиталдың және қаржылық ресурстардың табиғаты бір, ол – ақшалай қаражаттар. Бірақта капитал – бұл кәсіпорынмен айналысқа жіберілген және осы айналымнан табыс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі. Бұл жағдайда капитал ұзақ уақыт бойынша ақша қаражаттары түрінде қала алмағандықтан қаржы ресурстарының айналмалы түрін сипаттайды.
Амортизациялық аударымдар негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтердің тозу құнының ақшалай сипаттамасын бейнелейді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің мәні артуда. Олардың ішінде жаңа түрлері пайда болуда, оларды қалыптастыру құрылымы өзгеруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет