Ќазаќстан республикасыныњ


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА



Pdf көрінісі
бет115/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА 
ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ 
1.
Контент-талдау – түрлі бағыттағы мәтіндердің мазмұнын талдауға 
арналған танымал әдіс. Контент-талдауға мәтін таңдап, талдаңыз. Талдау 
нәтижесін презентация түрінде жалпылаңыз.
 
2.
Америка 
құрылымдық 
мектебі 
(дескриптивті 
лингвистика) 
тарапынан дистрибутивті талдау, трасформациялық талдау, тікелей 
құрамдастар әдісі ұсынып, талқалаудан өткен. Қазақ, орыс немесе ағылшын 
тілдері мысалында аталған әдістердің қалай қолданылғанын көрсетіңіз.
 
3.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің корпусы көмегімен берілген 
нұсқалардың қайсысы жиі қолданылатынын анықтаңыз: қаз. 
мекен жай – 


116 
мекенжай – мекен-жай
; ор. 
тюль, шампунь (муж. р.), тюль, шампунь (жен. 
р.). 
Анықталған фактілер берілген тілдердің лексикалық жүйесінде орын 
алған үрдістерді көрсете алады ма?
 
4.
British 
National Corpus-тан 
(BNC) 
http://www.natcorp.ox.ac.uk/
 
іздеудегі алғашқы жиырма нәтижеде ағылшын тіліндегі test сөзі қай 
мағынада қолданылатынын анықтаңыз.
 
Зерттеу нәтижелерін бяндама түрінде 
ресімдеңіз. Баяндамаңызды тілдерді зерттеудегі Ұлттық тіл корпустарын 
қолдану мүмкіндіктері тақырыбындағы тезіспен қорытындылаңыз.
 
5.
Тілдердің шығу-тегі жөніндегі теорияларды (Ж.Ж. Руссо, И Гердер. 
М.В. Ломоносов)салыстырыңыз. 
 
6.
«Структурализмнің негізгі бағыттары: дескриптивті (америкалық) 
мектеп» тақырыбында конспект-жоспар құрастырыңыз. Дескриптивизмнің 
бастаушылары ретінде Фр. Боас, Л. Блумфилд, Э. Сепир, С. Лэм, 
Б.Л. Уорфтың еңбектеріне шолу жасаңыз. Б. Блок, Г. Трейгер, Ч. Хоккет, 
З. Хэрристердің дистрибуция үлгілерін талдаңыз (Деңгейлік тілдік жүйе 
түсінігі. Субституция және дистрибуция түсініктері. Аллофондар мен 
алломорфтар).
 
7.
«Тіл біліміндегі психология бағыты. В. Фон Гумбольдт идеяларының 
әсері. XIX ғасырдағы психология мен лингвистика» тақырыбында конспект-
жоспар құрастырыңыз. Г. Штейнталь лингвистикалық жүйесі. Логикалық 
бағыттағы сын. Тілдік ойлау мен ішкі форма туралы ілім. Этникалық 
психология. 
8.
Г. Пауль теориясының негізгі тұжырымдарын негіздеңіз: пән 
ретіндегі тілдің тарихы және тіл білімінің мазмұны, қарым-қатынас 
үдерісінің сипаты, индивид – қоғам – тіл, тіл және диалектілер. 
9.
«Ареалды лингвистика мен салыстармалы-тарихи зерттеулердегі 
тілдік одақтар идеялары» тақырыбында эссе жазыңыз.
10.
«Қазақстандағы тіл білімі: жетістіктері мен дәстүрлері» 
тақырыбында презентация дайындаңыз. Келесі мәселелерді қарастырыңыз: 
қазақ тіл білімі жалпы түркітанудың бір бөлігі ретінде (Н.И. Ильминский, 
М. Тереньев, В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский. 
С. Аманжолов, А. Құрышжанов, Қ. Өмірәлиев және т.б.); қазақ тіл білімі 
туралы ілім (А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Кеңесбаев, С. Аманжолов, 
И. Маманов, Н. Сауранбаев, Г. Мұсабаев, М. Балақаев, Ә. Қайдаров. 
Р. Сыздықова және т.б..). 
11.
Келесі 
тақырыптардың 
бірін 
таңдап, 
эссе 
жазыңыз: 
«А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың жалпылингвистикалық ойлары», «Қазақ 
графикасының мәселелері: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, 
Е. Омаров, Х. Досмұхамедов және т.б.». 
12.
«Орыс 
тіл 
білімі 
әлемдік 
русистика 
бөлігі 
ретінде 
(Х.Х. Махмұдов, Э.Д. Сүлейменова, Л.К. Жаналина, Н.И. Гайнуллина
Б.М. Жылқыбаев, Н.Ж. Шәймерденова, К.К. Ахмедьяров, З..К. Сабитова 
және 
т.б.)» 
тақырында 
тарихи-лингвистикалық 
шолу 
жасаңыз. 
Салғастырмалы зерттеулер қазақстандық тіл біліміның бір бөлігі ретінде 


117 
(В.А. Есенғалиева, Н.Ж. Шәймерденова, Ш.К. Жарқынбекова, С.Е. Исабеков 
және т.б.). 
13.
«Қазақстандағы 
әлеуметтік 
лингвистика 
(Қ. 
Жұбанов, 
Ә. Қайдаров, 
Б. 
Хасанов, 
М.М. 
Копыленко, 
А.Е. 
Карлинский, 
Э.Д. Сүлейменова, Ж.С. Смағұлова, З.К. Ахметжанова и др)» тақырында 
тезис дайындаңыз. 
14.
Формализм vs. өткен шақ мен қазіргідегі функционализм. 
15.
Қазақстандағы тіл білімі: жетістіктері мен дәстүрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет