Ќазаќстан республикасыныњ


Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет және назирагөйлік дәстүр (ХІІІ-



Pdf көрінісі
бет89/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология
4-5, 4-5, 4-5, 4-5, Диссертация Абиханова Г.Д., ensebaeva kk kazirgi kazak tili sintaksis
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет және назирагөйлік дәстүр (ХІІІ-
ХІV ғ.ғ.). 
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. Халқы – түркі жұрты, тілі – түркі 
тілі, діні – ислам екендігі. Мемлекеттің жай-жапсарына түсінік. Шыңғысхан 
және оның ұрпақтары. «Құпия шежіре» деректері.
 
Алтын Орданың алғашқы ханы – Жошы хан туралы. Мемлекеттің 
саяси-әлеуметтік жайы. Мәдениеті. Қалалары: Бату сарайы, Берке сарайы
Сарай, Сарайшық. Алтын Орда тұсындағы қыпшақ-қазақ жері. Сарай, 
Сарайшық қалаларының мәдениеті мен рөлі. Қазба жұмысында табылған 
бұйымдар, қолөнер кәсібі, сауданың дамуы. Астрахан маңайы, Сыр бойы
Талас-Шу аймағы, Жетісу өлкесі ежелден сауда айналысының қан 
тамырлары болғандығы. Қала мәдениетінің жандана бастауы. Алтын Ордаға 
қатысты деректер қалдырған елшілер мен саяхатшылар: 1246 жылы 
Қарақорымдағы Күйік ханға барған папа Иннокентий 4-нің елшісі Плано 
Карпини, 1925 ж. Моңғолияда болған Людовиктің елшісі Рубрук, ибн Батута, 
Цегалоттидің еңбектері. Жібек жолының маңызы. 
Әдебиеті. Аударма – нәзира әдебиет: «Қисас-и Рабғузи», «Гүлістан бит-
түрки», «Хұсрау-Шырын», «Қисса Жүсіп», «Жұмжұма сұлтан», т.б. ХІІІ-ХІV 
ғасыр әдебиетінің негізгі бағыты өткен тарихты, ежелгі сюжеттерді қайта 
жаңғырту екендігі. Шығыс Ренессансы, ерекшеліктері, оның Алтын Орда 
дәуіріндегі әдебиетке әсері. әл-Фараби дәстүрінің әдебиеттегі көрінісі. 
«Нәзирашылдық», оған М. Әуезовтің берген анықтамасы. Алтын Орда 
дәуіріндегі ескерткіштерді «аударма-нәзиралық әдебиетке» жатқызу себебі. 


93 
Әдебиеттегі «нәзира» тәсіліне түсінік. Нәзирагөйліктің алғашқы 
белгілері. Қазақ даласына исламның орнығу кезінде кіре бастауы. Йасауи 
шәкірті Сүлеймен Бақырғани қиссаларынан көрініс табуы («Смағұл 
қиссасы», «Ибраһим және оның шәһит ұлы», «Ғазіреті Ғали», т.б.). Бұрыннан 
белгілі сюжеттерді қайталай жазып, көне мифтер мен культтерді жаңғырту – 
шығыста ежелгі Ассирия – Вавилон дәуірінен (б.з.д. 2 мыңыншы жылдар) 
дамыған үрдіс екені. «Гилгамеш», грек кикликтері, «Илиада», «Одиссеяны» 
қайталай жазу үрдістері. 
Нәзира тәсілінің тууына түрткі болған себептер. Түркі оянушылығы. 
Оның негізгі шарттары. Түркі тілінің мән-маңызын көтеру мәселесі. Түркі 
өркениетіндегі оянушылықтың негізгі тәсілі болған нәзирашылдықтың орыс 
отаршылдығының қысымына қарсылық ретінде ғасырымыздың басында 
дами түсуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет