КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
12 – тақырып:
12.1КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Кәсіпкерлік қызметті талдау дегеніміз оның қызметінің дамуы мен тиімділігін жақсарту мақсатында, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, қажетті іс-шаралар жүргізу үшін зерттеу үрдісін айтады.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың басты мақсаты, оның болашық дамуына қажетті ұйымдық, инвестициялық, технологиялық және т.б іс-әрекеттер мен оның тиімді түрде қызмет етуін анықтау болып табылады (17кесте)
Талдаудың негізгі міндеттері:
кәсіпкерлік қызметтің экономикалық нәтижелеріне қол жеткізу;
бизнестің кемшіліктері мен оң жағдайларын анықтау;
кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін мен пайдасын арттыру жолдарын анықтау.
17-кесте – Кәсіпкерлік қызметті талдау түрлері
Аталуы
|
Сипаттамасы
|
Жедел талдау
|
Бұл жылдық талдауға қарағанда қысқа мерзіммен (ай, тоқсан, жарты жыл) ерекшеленеді. Ол мүмкіндіктер мен тәуекелдерді, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Жедел талдау, өндірістік – шаруашылық қызметтің барлық тараптары мен аспектілерін қамти отырып, мыналарды қарастырады:
кәсіпорын қызметінің қорытындыларын талдау
өндіріс шығындарын талдау
өнімді талдау
|
Жылдық талдау
|
Кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалауға бағытталған, ресурстарды басқарудың тиімді құралы болып табылады, сонымен қатар өнім сапасын қамтамасыз ету мен шығындарды оңтайтандыруда маңызды рөль атқарады
|
Кешенді талдау
|
Бұл талдауда кәсіпкерлік қызметтің барлық жақтары қарастырылады
|
Тақырыптық талдау
|
Кәсіпкерлік қызметтің жеке кезеңдері,түрлері талданады.
|
Толық талдау
|
Талдаудың барлық объектісінің тәжірибелік материалдары қолданылады.
|
Таңдамалы талдау
|
Белгілі бір нақты материалдары қолданылады.
|
Кәсіпкер жұмысының тиімділігі, оның құрылған кәсіпорынының жұмысының нәтижелерімен, сонымен қатар нақты қабылданған шешімдердің жоғары нәтижеге жеткен көрсеткіштері арқылы анықталады. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау барысында көрсеткіштердің кейбір жағдайда қарама-қайшылығы мен тепе-теңсіздігін ескере отырып талдау өте маңызды рөль атқарады (18 кесте).
18-кесте – Талдау мақсаттарына байланысты қолданылатын әдістер
Достарыңызбен бөлісу: |