Ќазаќстан республикасыныњ



бет90/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Биржа қағаздармен, валютамен сауда жасалатын немесе тауарларды көтерме сату жүзеге асырылатын, ұйым түрінде рәсімделген, тұрақты қызмет етуші нарық, нарықтық экономиканың маңызды реттеушілерінің бірі.
Биржалық мәмілелер – биржада өткізілетін мәмілелер белгілі бір ережелер бойынша биржалық делдалдармен өткізіледі. Нақты құндылықтары бар мәмілелерді, форвардты (жедел) мәмілелерді, фьючерстік және опциондық мәмілелерді қамтиды.
Брендингтауардың бәсекелестер арасынан ерекшелейтін және оның образын қалыптастыратын бір типті рәсімдеу мен белгілі бір идеялармен біріктірілген маркетинг құралдарының: тауарлық белгісінің, қораптаудың, жарнамалық ұсыныстардың және т.б. көмегімен тұтынушыға әсер етуге негізделген тауарға ұзақ мерзімді басымдылық беру бойынша қызметтің түрі.
Брокер – сатушы мен сатып алушы арасында делдал қызметін атқаратын және мәміле бойынша келіссөздерді жүргізуге септігін тигізетін адам.

В


Валюталық биржа – валюталармен ірі көлемде сауда жасалатын, ұйымдық жағынан жасақталған және тұрақты жұмыс істейтін рынок.
Вексельбелгілі бір уақыт өткеннен кейінгі оның ұстаушысының (вексель ұстаушының) вексель берушіден ақшаларды төлеуін талап етуге деген құқық беретін жазбаша борыштық міндеттеме.
Венчур – бұл ірі фирмалармен тәуекелді кәсіпорындарды қаржыландыру нысаны. Бірнеше тәуекелді кәсіпорындардың венчурлық капиталы жаңа технологияларға қол жеткізуге, немесе жоба табысты түрде жүзеге асырылғандағы акциялар құнының күрт өсуіне қызығушылық білдіретін ірі инвесторларға акциялар пакетін сату есебінен құралады. Венчурлық қаржыландыру шағын кәсіпорындарға бастапқы капиталды тез жинауға, ал ірі фирмаларға бүгінгі минималды тәуекелдермен болашақта ірі табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Г


Гиперинфляция – ерекше ірі ауқымдағы инфляция, ол айналыстағы ыақша көлемінің және тауар бағасының айрықша тез өсуімен сипатталады.
Грант – мәдени, ғылыми т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақшалай соманы қайтарымсыз бөлу немесе жабдықтарды, құралдарды т.б. сыйға тарту.

Д




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет