Ќазаќстан республикасыныњ


Акциялардың бақылау пакеті



бет89/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Акциялардың бақылау пакеті – меншік иелеріне бүкіл акционерлік қоғамның қызметін бақылауға мүмкіндік беретін акциялардың жалпы құнының (санының) үлесі. Теориялық тұрғыда бұл үлес акциялардың барлық сомасының 51% ретінде анықталады.
Антрепренер – меншік иесі, жалға алушы, жеке көрме кәсіпорнын ұстаушы.
Аутсорсинг – басқа бір ұйымға бизнестің қандай да бір функцияларын беру. Өнімді өндірумен байланысты қандай да бір міндеттер тәуелсіз фирмаға берілетін өндірістік аутсорсингті (дайындамалар мен құраушылар аутсорсингі және өнім өндірісін қамтамасыз ету бойынша операциялар мен функциялар аутсорсингін) бөліп көрсетеді. Сонымен қатар тәуелсіз ұйымдарға қандай да бір басқарушылық, көбінесе маркетингтік, өткізушілік және т.б. функциялар берілетін басқарушылық аутсорсингті бөліп көрсетеді.
Ә


Әмбебап этикабұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер, нормалар және қағидалар.
Әртараптандыру кәсіпорында өнім өндіру барысында негізгі өнім өндіруден басқа жаңа өнімдер өндіру, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін кеңейту.

Б


Банкроттық – жеке немесе заңды тұлғаның (фирманың, банктің, кәсіпорынның) күйреуі, төлемқабілетсіздігін, өзінің міндеттемелері бойынша борыштарын төлеуден бас тартуын ресми түрде (соттың) мойындауы.
Банктік несиелеу – төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық болған жағдайда кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыру әдісі.
Бәсекетабиғи жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субьекттің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.
Бәсекеқабілеттілік – нарықтық қатынастар жағдайында өз қызметін жүзеге асыру және өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру, қызметкерлерді ынталандыру және өнімді жоғары сапалы деңгейде ұстап қалу үшін жеткілікті пайда алу қабілеті.
Бизнес – өнімнің немесе қызметтің белгілі бір түрін құру мен өткізуге бағытталған, нарықтық экономика жағдайындағы субъекттің экономикалық қызметі.
Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары, онда кәсіпорын, оның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтері көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет