Байланысты: Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)
Ұйымның бөлінуі деп қайта құрылатын ұйымдарға барлық құқықтары мен міндеттерін беру жолымен, ұйымның қызметін тоқтатуын айтады.
Ұйымның бөлініп шығуы деп қызметін тоқтатпай, қайта ұйымдастырылатын ұйымның құқықтары мен міндеттерінің бір бөлігін беру жолымен бір немесе бірнеше ұйымдардың құрылуын айтады.
Ұйымның қайта өзгеруі деп заңды тұлғалардың жеке ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары туралы ҚР АК ережелеріне сәйкес бір ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлғаның басқасына айналуын айтады.
Беру актісі келесідей ақпараттарды қамтығаны жөн: • қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның және құқықтық мұрагердің аталуы мен ұйымдық – құқықтық нысаны;
• мерзімі мен қайта ұйымдастырудың ұйымдық нысаны;
• қайта құрылатын құқықтық тұлғаның, оны қайта құру мерзіміндегі активтері мен пассивтерінің баланстық сомасы және оның бөлімдері бойынша таңдамасы;
• алынатын бухгалтерлік есеп нысандарының және басқа да құжаттардың тізімі; дебиторлық және кредиторлық борыш бойынша аналитикалық мәліметтер; кәсіпорынның есептік саясаты бойынша бұйрығы, салыстыру ведомостары, түгендеу құжаттары және т.б.
Бухгалтерлік баланстың типтік нысаны бойынша құрастырылатын бөліну балансы, бұрынғы жұмыс істеген заңды тұлғаның жалпы балансы мен барлық жаңа тұлғалардың баланыстарынан тұрады.
Мүліктік құқықтар мен міндеттемелер құқықтық мұрагерге тіркеу кезінде өтеді. Егерде заңнамалық актілермен немесе қайта құру туралы шешіммен басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Қайта құру үрдісінде маңызды жағдайлардың бірі қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілерді уақытылы жазбаша ескертуі болып табылады. ҚР АК 48 бабы осы аталған жағдайды реттейді.
Жеке түрде заңды тұлғаларды қайта құру үрдістері толығырақ түрде арнайы нормативтік актілерде қарастырылады.
Қайта ұйымдастыру ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізілуі мүмкін.
Беру актісі мен бөліну балансында келесідей мәліметтер қарастырылуы қажет:
қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның аталуы, ұйымдық – құқықтық нысаны;
қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілер мен борышкерлерге қатысты міндеттемелері және тараптардың талас тудыратын міндеттемелерін қоса алғандағы құқықтық мұрагерлік ережелері;
қайта құрылған заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары тіркеу үшін немесе жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда олар әділет органдарына міндетті түрде тіркелуі керек.
14.2. КӘСІПКЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫ ТАРАТУ
Тарату – төлемқабілетсіз борышкердің қызметін тоқтату үшін, заңды тұлғаның міндеттері мен құқығының басқа құқықтық мұрагерлік тұлғаға өтпейтін, сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын рәсім. ҚР АК заңды тұлғаны тарату тәртібінің екі тәсілін қарастырады: қарапайым және мәжбүрлі (44,45 суреттердегі сызбаларды қараңыз).
44-сурет. Заңды тұлғаны тарату механизмі
45-сурет. Заңды тұлғаны тарату кезеңдері
Заңды тұлға мүлкінің иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган (ҚР АК 50 бабының 1- тармағы) ол туралы тіркеу органына бірден хабарлауға міндетті.
Тіркеу органына таратуды тіркеу үшін келесідей құжаттар ұсынылады:
бекітілген нысан бойынша таратуды тіркеу туралы өтініш (мемлекеттің үлестік қатысуы бар ұйым үшін – реестр-ұстаушының белгісі бар өтініш);
заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, құзіретті органның, заңды тұлға мүлкінің иесінің және т.б шешімі);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
таратуды тіркеу үшін алынған алымды төлегені үшін төлем құжатының түбіртегі немесе көшірмесі;
заңды тұлғаны тарату туралы және несие берушілердің өтініштердің мерзімі мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауды дәлелдейтін құжат.Заңды тұлғаны тарату туралы, сонымен қатар несие берушілермен өтініштерді ұсыну мерзімдері мен тәртіптері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің ресми мерзімді басылымдарында жариялануы керек;