Ќазаќстан республикасыныњ



бет82/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

Технопарктер – ЖОО-ның ғылыми потенциалын пайдалану мен технопарктер территориясында шағын инновациялық кәсіпорындарды құру мен дамыту арқылы, жасап шығарылған технологияларды коммерциализациялау мақсатында, негізінен ғылыми-зерттеушілік институттар немесе жоғары оқу орындарының мекемелерін негізінде құрылатын құрылымдар.

Мақсаты: ғылыми зерттеулер мен оның нәтижелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру

  • отандық және әлемдік ғылыми-техникалық прогресстің алдыңғы қатарлы жетістіктерін өндіріске енгізу;

  • ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновациялық өндірістерді инвестициялау;

  • инновациялық кәсіпкерлікті құру мен дамытуда материалды-техникалық көмек көрсету.

Бизнес-инкубаторлар – бұл кәсіпкерлерді қажетті кеңес берулермен және қолдаумен қамтамасыз ететін бизнеске көмектесу бағдарламалары. Әдетте бизнес-инкубаторлар жұмысын жаңа бастап келе жатқан фирмалар орналасқан арнайы кеңселерде орналасады. Олар орын мен құрал-жабдықты бірлесіп қолданып қана қоймайды, сонымен қатар бизнестің алуан түрлі бағыттары бойынша, кеңес берулерді қосқандағы, бизнес-инкубатормен көрсетілетін барлық қызметтерге де тең дәрежеде қол жетімді болады. Қызметтердің бірнеше түрлерінің құны жалдау құнына қосылуы мүмкін, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің құндары төмен дәрежеде болады.

Мақсаты: қайта құрылатын кәсіпорындар тәжірибе жинақтап ары қарай дамуына, өз позцияларын нарықта күшейту үшін көмек беруге, бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау

Дамудың белгілі бір дәрежесіне жеткеннен кейін, әдетте үшінші жылдан кейін, фирма бизнес-инкубатордан кетеді және өз бетінше жұмыс істей бастайды.Бірақ ол кезде оның оған бастапқы кезде кездесетін тек банкроттықты болдырмауға ғана емес, сонымен қатар ары қарай өсу мүмкіндігін беретін біршама тәжірибесі мен әлеуеті болады. Ал босаған орынға бизнесті жаңадан бастайтын жаңа кәсіпорындар келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет