Ќазаќстан Республикасыныѕ Єылым жјне білім министірлігі


Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң принциптерi



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі55 Kb.
#120183
1   2   3
Байланысты:
1 практика сот

Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң принциптерi
Заңдылық
Сот iстердi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының , осы Кодекстiң, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актiнi конституциялық емес деп тану жөнiнде ұсыныс жасауға мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.
Iстердi шешу кезiнде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актiлерiнiң күшiн жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кiнәлi судья заңда белгiленгендей жауапты болады.
Сот iстi шешу кезiнде мемлекеттiк немесе өзге органның актiсi заңға сәйкес келмейдi немесе ол өкiлеттiктi асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күшi бар құқықтық актiлердi қолданады.
Даулы құқықтық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негiздерi мен мағынасын негiзге ала отырып шешедi.
Егер заң актiлерiнде немесе дауласушы тараптардың келiсiмiнде тиiстi мәселелердi соттың шешуi көзделсе, сот бұл мәселелердi әдiлдiк пен парасаттылық өлшемдерiн негiзге ала отырып шешуге мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет