Ќазаќстан республикасыныѕ єылым жјне білім министрлігі



бет12/14
Дата18.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#69511
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
7 ИМСТлекции каз
7 ИМСТлекции каз, МИРАС
Негізгі әдебиет 1. [327-332].

Қосымша әдебиет 6. [420-479].

Бақылау сұрақтары:

1. Енгізу/шығару порттары.

2. Илюстративті микропроцессордегі енгізу және шығару порттарының сұлбасы.

3. Мәліметтерді енгізу және шығару уақытық диаграммалары.

4. Строб сигналы нені анықтайтын сигнал?
13 дәрістің конспектісі. Тақырып: Санды - аналогты түрлендіргіштер.

Санды - аналогты түрлендіргіштер.

Микропроцессорлар көп жағдайларда үзіліссіз физикалық параметрлермен жұмыс істеу керек. Бұл параметрлер электр мәндер түрінде көрсетіледі, сондықтан біз бұл мәндерді кернеу деп санаймыз. Микропроцессорлар сандық құрылғылар және сандық мәндерімен жұмыс істейді, сондықтан микропроцессордың аналогты мәндермен жұмыс істеуі мүмкін болу үшін сандық мәндерді аналогты түріне және қарама қарсы түрлендіретін құрылғылар керек.
Санды - аналогты түрлендіргіш.

Қарапайымдылық үшін сандық мәндерді аналогты түрлендіру үшін оларды оң деп санаймыз. N шамасының сандық екілік түрі k битті тізбектен тұрады:



Шаманың мәні келесі полиноммен анықталады:



Полиномды есептеу бөлек биттардың 2-ң дәрежесі болып табылатын салмақты коэффициенттерге көбейтуден және алынған сандардың қосуынан тұрды. Бұл биттарды сызықтық комбинациясы есептеумен сәйкес келеді. Мұндай сызықтық комбинациялар резисторлардан тұратын сұлбаларда орындалады. Егер бізде бөлек биттардың мәндерін көрсететін кернеу болса, онда резисторлардан тұратын сұлба көмегімен барлық екілік санның мәніне сәйкес келетін кернеуді ала аламыз. Осындай сұлбалардың бірі сыртқы түрі баспалдаққа ұқсайтын (техникалық әдебиеттерде аттенюатор деп аталады) суретте көрсетілген. Битің саны 8-ге тең. Сұлбаға ai бөлек биттарына сәйкес келетін 8 идеалды кернеу генераторы қосылады. Әр генератор сәйкес биттің мәніне байланысты 0В және 1В кернеу береді (генератордағы кернеу мәні сандық бит мәніне тең). Шығыстық кернеу Vвых екі дәрежелерібойынша өлшенген. Генераторлардағы кернеулер мәндерінің қосындысына пропорционалды. Сонымен, резисторлар «баспалдағы» N санының сандық аналогтық түрлендіргішінің функциясын орындайды.



Түйіндегі кернеу:


Сурет. Резисторлардағы сандық-аналогтық түрлендіргіш

а) резистрлер «баспалдағы»;

б) Рi түйініне сәйкес сұлбаның сол және оң эквивалентті кедергілері;



в) Рi; түйініндегі кернеуге әсерін анықтайтын кернеудің эквивалентті бөлгіші;

г) Piтүйініндегі кернеуге тәуелді Рi+1 түйініндегі кернеуді анықтайтын кернеудің эквивалентті бөлгіші.


Аналогты-сандық түрлендіргіш.

Кез-келген әдістің барлығында сандық аналогтық түрлендіргішпен аналогтық формаға түрленетін және берілген аналогтық кернеумен салыстырлатын алғашқы тексерілетін саннан басталады. Салыстыру нәтижелері бойынша тексерілетін сан коррекциоланады. Одан кейін берілген кернеуге сәйкес келетін сан алынғанша бұл жаңа санмен тағы да қайталанады. Сонымен қатар кіріс аналогтық кернеу масштабталған және санды аналогтық түрлендіргіш диапазонына сәйкес келеді деп қабылданады



Таңдаудың бастау (10 сан кезінде «0»-ден) және оны түрленген кернеу кіріс кернеуінен үлкен немесе тең болғанға дейін «1»-ге үлкейтіп отыру қажет. Мұны қосқыш санағыш көмегімен орындауы көрсетілген. Санағыштың шығыстары сандық аналогтық түрлендіргішке берілген. Бұл түрлендіргіштің аналогтық шығысы және берілген кіріс кернеу компараторға берілген (салыстыру сұлбасы). Егер берілген кернеу санды аналогтық түрлендіргіштен алынған кернеуден үлкен болса, онда компаратордың шығысында болса, онда компаратордың шығысында логикалық «1» шығады. Компаратор шығысы және импульс генераторының сигналдары И вентиліне беріледі. Оның шығысы санағыштың снақ кірісне беріледі. Аналогты сандық түрлендіру процесі санағышты 0-ге түсіруден басталады. Бұдан кейін компаратор шығысында логикалық 0 шыққанша санағыш үлкейе бастайды. Бұл санағыштың құрамы сандық аналогтық түрлендіргіштің шығысы кіріс кернеуден үлкен немесе тең болуы үшін жеткілікті болғанда орындалады. Осы сәтке дейін жиналған санағыштың құрамы шығыс түрленген сан ретінде алынады.


Сурет. Қосындылайтын санауышы бар аналогты-сандық түрлендіргіш



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет