Қазақстан Республикасының Заңы



бет11/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

179-бап. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiм қабылдау

1. Шағымды мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейін жоғары тұрған кеден органы жазбаша нысанда шешiм қабылдайды және оны шағымды берген тұлғаға жiбередi немесе тапсырады. Жоғары тұрған кеден органы берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органына шағым бойынша шешімнің көшірмесін жібереді.

2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған кеден органы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;

2) шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнiң күшiн жою.

3. Шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаның күшi толық жойылған жағдайда хабарламаны шығарған кеден органы жоғары тұрған кеден органының шағым бойынша шешімінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде берешектi өтеу туралы хабарламаны керi қайтарып алады.

Шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаның бiр бөлiгiнiң күшi жойылған жағдайда, берешектi өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы берешектi өтеу туралы хабарламаны керi қайтарып алады, берешектi өтеу туралы жаңа хабарлама шығарады және оны шағымды берген тұлғаға жоғары тұрған кеден органының шағым бойынша шешімінің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiбередi.»;

35) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.»;

36) 181-бапта:



тақырып және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«181-бап. Жоғары тұрған кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны

Жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) шағым жасалатын хабарламаның қысқаша мазмұны;»;

37) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«182-бап. Жоғары тұрған кеден органына және (немесе) сотқа шағым беру салдарлары

1. Жоғары тұрған кеден органына және (немесе) сотқа шағым беру берешектi өтеу туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Жоғары тұрған кеден органына шағым берiлген кезде берешектi өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы жоғары тұрған кеден органының жазбаша шешiмi шыққанға дейiн және осы Кодекстiң 180-бабында көрсетiлген кезең аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

Сотқа шағым берілген жағдайда, берешекті өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;

38) 186-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік-логистика орталықтарында, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кеден органдары кедендік бақылау аймақтарын құрады. Уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары да кедендік бақылау аймақтары болып табылады.

2. Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны алмастыратын адамның) өткізу пункттерінің, көлік-логистика орталықтарының аумақтарында, кедендік декларациялау және осы Кодексте көзделген, өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негізінде құрылады.»;

39) 205-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне бұзушылық анықталған жағдайда немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі).»;

40) 220-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Камералдық кедендiк тексеру тексерiлетiн тұлға табыс еткен кедендiк декларациялардағы, коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, бақылаушы мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметi туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәлiметтердi зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 3-1, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Камералдық кедендік тексеру жүргізу барысында кеден органы электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну бойынша талапты тексерілетін тұлғаға жібереді.

Электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды табыс ету мерзімі талап тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде, құжаттарды табыс ету мерзімі тексерілетін тұлғаның уәжді сауалы бойынша бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.»;

«5. Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.

6. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламадағы талаптарды орындау, оның ішінде тексерілетін тұлғаның кедендік декларацияны және (немесе) кедендік декларациялардың кедендік құнын түзетуді ұсынуы арқылы, қажет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомаларын өтеу жөніндегі төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып орындау камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп танылады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.

7. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны осы Кодекстің 221-1-бабының 13-тармағында белгіленген мерзімде орындамау кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап осы Кодекстің 18-тарауына сәйкес өндіріп алу шараларын қолдана отырып, осы Кодекстің 159-бабына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығаруға әкеп соғады.»;

41) 221-бапта:



10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың өзге де нысандарын қолдану, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша, оның ішінде тексерілетін тұлға бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда тағайындалуы мүмкін.»;

12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкiлеттi экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелi кедендiк тексерулердi кеден органдары үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізеді.»;

14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Хабарламада жоспарлы көшпелі кедендік тексеру мерзімі, күні, жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі (тексерілетін кезеңге қатысы бар құжаттар және есепке алу жазбалары), көшпелі кедендік тексеру жүргізілген кезде тексерілетін тұлғалардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.»;

17-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

«Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамаға көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар енгізіледі, тексерілетін тұлға нұсқаманың көшірмесі қоса беріле отырып, бұл жөнінде жазбаша хабардар етіледі.

Тексеретін лауазымды адамдардың құрамы, сондай-ақ көшпелі кедендік тексерудің кезеңі өзгерген жағдайларда, көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамаға толықтыру ресімделеді, онда негізгі нұсқаманың нөмірі мен тіркеу күні көрсетіледі.»;

42) 221-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау

1. Кедендік тексеру нәтижелері:

1) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде камералдық кедендік тексеру актісімен;

2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде көшпелі кедендік тексеру актісімен ресімделеді.

Кедендік тексеру актілерінің нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2. Кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

1) кедендік тексеру актісінің тіркеу нөмірі, оның жасалған орны мен күні;

2) тексеру жүргізу орны;

3) тексеру жүргізген кеден органының атауы;

4) кедендік тексеру тағайындаудың және (немесе) жүргізудің негізі;

5) кедендік тексеру нысаны (камералдық, жоспарлы көшпелі, жоспардан тыс көшпелі);

6) кеден органының тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);

7) тексерілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не тұлғаның толық атауы, тексерілетін тұлғаның орналасқан жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын орны туралы мәліметтер, оның сәйкестендіру нөмірлері;

8) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;

9) тексерілетін тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

10) тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

11) кедендік тексеру жүргізуге мамандар ретінде тартылған басқа да бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), олардың лауазымдары;

12) кедендік тексеру басталған және аяқталған күн (кедендік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған және (немесе) жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда олардың кезеңдері көрсетіледі);

13) тексерілетін кезең;

14) тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға табыс еткен құжаттар туралы мәліметтер;

15) кедендік тексеру барысында кедендік бақылаудың өзге де нысандарын пайдалану туралы мәліметтер;

16) алдыңғы тексеру және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер;

17) талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы не олардың жоқ екендігі туралы мәліметтер;

18) кедендік тексеру нәтижелері бойынша түйіндер.

3. Камералдық кедендік тексеру актісін жасау кезінде осы баптың 2-тармағының 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер толтырылмайды.

4. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын кедендік тексеру актісі жасалған күн кедендік тексеру аяқталған күн деп есептеледі.

Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.

Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.

5. Егер кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.

6. Кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.

7. Кедендік тексеру актісі арнайы кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.

8. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.

9. Кедендік тексеру жүргізу кезінде Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған кезде оның нәтижелері бойынша:

1) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

2) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талап;

3) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылады.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайларда тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 220-бабында көзделген тәртіпке сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін ресімделеді.

Бұзушылықтарды жою туралы талап көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.

Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде шығарылады.

10. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан басқа кеден органында шығарылған кедендік декларацияларына қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде кедендік тексеру актісінің көшірмесі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімдеуді жүргізген кеден органына жіберуге жатады.

11. Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 159 және 160-баптарында көзделген тәртіппен жіберіледі немесе тапсырылады.

12. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және бұзушылықтарды жою туралы талап тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір мезгілде тапсырылады немесе жіберіледі.

Көшпелі кедендік тексеруді өзге кеден органы жүргізген жағдайда, ресімдеуді жүргізген кеден органы бұзушылықтарды жою туралы талапты тексерілетін тұлғаға кеден органы кедендік тексеру актісінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырады немесе жібереді.

13. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны және көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама немесе талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

14. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру нәтижелеріне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқығы бар.»;

43) 242-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды және уәкілетті экономикалық операторлар әкелетін тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады.»;

44) 276-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«276-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі

Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарлар, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығу өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнім, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтар, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар, тірі жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық пошта жөнелтілімдері, экспресс-жүктер, гуманитарлық және техникалық көмек, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, жабдықтар мен құралдар және осындай басқа да тауарлар кедендік рәсіммен бірінші кезекте орналастырылады.

Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі уәкілетті экономикалық операторлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларға да қатысты қолданылады.»;

45) 281-бапта:



1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұндай құжаттарға:

1) шот-фактура (инвойс), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжат;

2) пайдаланылатын көлік түріне қарай көліктік (тасымалдау) құжаты жатады.»;

2-тармақта:

бірінші абзац және 1) мен 2) тармақшалармынадай редакцияда жазылсын:

«2. Төменде көрсетілген талаптар қолданылатын тауарлар мен мәмілелерге қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының валюта заңнамасындакөзделген жағдайда валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда тыйым салулар мен шектеулердің, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;»;

3) тармақша алып тасталсын;

46) 286-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:



«2-2) кеден органы талабының негізінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау кезінде электрондық құжат түрінде берілген, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз түрінде кеден органына табыс етуге;»;

47) 287-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«287-бап. Декларанттың жауаптылығы

Декларант, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік декларацияда көрсетілген анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды табыс еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет