Қазақстан Республикасының Заңы



бет13/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

19-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын.

14. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):



1) 15-баптың екінші бөлігінің 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар берудің тәртібі мен шарттарын;»;

2) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру түрлері

1. Қазақстан Ұлттық Банкі дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, ішінаражоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізеді.

2. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру - Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектіге барып жүзеге асыратын және Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындайтын тексеру.

Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде субъектіні тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкіжылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырады.

Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектілердің қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жартыжылдық негізде жасайды.

Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының тиісті бұйрығының негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекітеді.

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің жоспардан тыс тексеруі тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың сауалдарының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;

2) Қазақстан Ұлттық Банкі бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғанын және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын анықтаған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;

4) алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін қамтуы мүмкін.

4. Қазақстан Ұлттық Банкінің құжаттамалық тексеруі бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді талдау процесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу белгілері анықталған кезде не жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері және Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты тексерілетін субъектіге бармастан құжаттар мен ақпаратқа сауал нысанында жүзеге асырылады.»;

3) 62-2-бапта:



1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Ұлттық Банкі тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді және жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.

Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру немесе жоспардан тыс тексеру тағайындалған жағдайларда, тексеруді тағайындау туралы актілер тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері, аумақтық филиалдары тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеудің жеке журналдарын жүргізеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.

Тексеруді тағайындау туралы актіде:

1) актінің нөмірі мен күні;

2) тексеруші қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың тегі, инициалдары және лауазымы;

3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

4) тексерудің түрі;

5) тексеруге жататын мәселелер;

6) тексеруді жүргізу мерзімі;

7) тексерілетін кезең көрсетіледі.

2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылған күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін оның түпнұсқасына тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.

Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда тиісті акт жасалады, оған Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде, оған тиісті жазба жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сауалдарында көрсетілген мерзімдерде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, белгіленген мерзімдерде тексеру жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соққан, осы баптың шарттары орындалмаған жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адаммен келісу бойынша тексеру басшысының шешімімен тексеру жүргізілмеді деп есептеледі.

Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсырылған кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексеруді тағайындау туралы акт тапсырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарына табыс етілуге тиіс.

Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде тапсыру мүмкін болмаған кезде, тексеру жүргізілмеді деп есептеледі. Бұл ретте, тексеру басшысы тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адамды бұл жөнінде жазбаша хабардар етеді.»;

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру басшысының немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші қызметкерінің атына:»;

4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің ауқымдылығына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша актінің негізінде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.»;

«8. Тексерілетін субъектіге тексерудің аяқталуы туралы акт тапсырылған күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні деп есептеледі. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексерудің аяқталуы туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей тапсырылады.»;

4) 62-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«62-4-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші қызметкерлері қажет болған кезде тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылатын аралық актілерді жасайды.

2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына ескертпелері болған жағдайда өзінің жазбаша қарсылықтарын тексеру басшысына ұсынады.

Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала жасалған қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.

3. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъект басшысының атына Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші қызметкерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.

Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) актінің жасалған күні мен орны;

2) тексеруді жүргізген органның атауы;

3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, инициалдары және лауазымы;

5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), тексерілетін субъект басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;

7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;

8) тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың 7-тармағында аталған өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;

9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны Қазақстан Ұлттық Банкіне жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін атқарушы органға және тексерілетін субъектінің басқа да басқару органдарының назарына жеткізеді.

5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне жазбаша түрде ұсынады.

6. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған, тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болған кезде, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының (оның орынбасарларының), Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлімшелері басшыларының, тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.

Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысу үшін жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда, тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне жазбаша түрде ұсынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде, түпкілікті шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орынбасары қабылдайды және бұл тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.

7. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қояды.

Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы болмаған кезде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде әрекет ететін өзге қызметкер қол қояды.

8. Осы баптың 7-тармағында аталған адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда, тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру нәтижелері туралы акт ресімделді деп есептеледі.

9. Тексеру нәтижелері Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.

10. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсаттарда өзінің қаржылық дәрменділігін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

11. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне табыс еткен қаржылық және өзге де есептіліктің құжаттамалық деректері тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерден алшақ болған кезде, тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің нұсқауы бойынша өзінің есептілігін тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде өткен есепті күндерге сәйкес келтіреді.

12. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде жоспарланған шаралар, жауапты орындаушылар және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.

Іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкімен келіскеннен кейін тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктердің жойылғаны туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсіндірулерін ұсынады.

13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 62-2-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 62-3-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.

14. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».

15. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 6-бапта:

он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.»;

мынадай мазмұндағы он төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде субъект Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің критерийлеріне сәйкес санатты дербес айқындайды және оны өтініште көрсетеді.»;

2) 6-1-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:



«Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама береді.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;

3) 6-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделеді.»;

4) 7-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Бұл ретте тіркеуші органға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, нотариаттық тәртіппен куәландырылған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілегеннысан бойынша өтініштің үш данасы ұсынылады.»;

5) 9-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет