Қазақстан республикасыныңбілім және ғылым министрлігі



бет1/11
Дата03.11.2019
өлшемі378,14 Kb.
#51056
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
b58f33c8-bdb6-11e3-b0bc-f6d299da70ee3
Анарбай Асылбек, Анарбай Асылбек, Топ, Топ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.13/03-2013



«Басқару психологиясы» пәні бойынша

оқу-әдістемелік материалдар


№1 басылым 18.09.2013 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Басқару психологиясы»

«5В050300» – «Психология»мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013






Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (проект)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ


  1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.

  2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

  3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.

  4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.

  5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.

  6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.

  8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.

  9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.

  10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.

  11. Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.

  12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  14. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.

  17. Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.

  18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.

  19. Символ – белгі.

  20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.

  21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

  22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.

  23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.

  24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

  25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

  26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

  27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.

  28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.

  29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

  30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.

  31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.

  32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.

  33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

  34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

  35. Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

  36. Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.


2 Дәрістер

  1. Тақырып. Басқару психологиясының пәні мен әдістері.

1.Басқару ғылым мен өнер ретінде.

2. Басқару психологиясының пәні

3. Басқару психологиясының негізгі әдістері.

4. Басқардың психологиялық заңы.


Басқару біруақытта өнер мен жаңа ғылым болып саналады. Ғылым ретінде, басқару өз кезегінде білімдердің жинақталған жиынтығы мен олардың әдістерінің болуын талап етеді. Басқару психологиясы адамдардың басқа адамдарға әсер ету табиғатын, топ және жалпы қоғамды түсіну мен олардың механизмдерінің әсер етуі мен оларды жетілдіру құралдарын қамтамасыз етеді.

Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол- басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар зерттеу обьектісінің спецификасына сәйкес басқару обьектісіне белсенді әсер ету әдісі мен жүйесін құрастырады, және зерттелініп отырған болжауларды анықтайды.

Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.

Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады, бұлардың негізгі бағыттарына: жүйелік басқарушылық ұйымның өзгеруі мен жағдайларды болжаулары және диагностикалау, басқарушылардың іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыру, жетекшінің өз іс-әрекетін оңтайлы ету.

Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, басқарушылық ойлары мен миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен қатар, оның өз ішінде қабылдаған басқару ережелері мен принциптерін зерттейді.

Бір ғана басқару көп жағдайда тек дедуктивті және эксперименталды тану әдісіне сүйене алмайды, себебі, зерттелініп отырған құбылысты көпшілік факторлардың әсерінен шектеуге болмайды. Басқару тағыда бір ерекше – интуиция құралын алады. Әрине, интуиция зерттелініп отырған құбылыстың эмперикалық және теориялық білімінің негізінде жатыр, бірақ та интуиция механизімдері бейсаналы түрде ойша процестердің аяқастылық жағдайларын дұрыс шешімге келуін және оның нақты әдістермен байланысын куәләндырады. Жақсы жетекші яғни дұрыс шешім қабылдау кезінде немесе дұрыс жүріс-тұрысты анықтауда рационалды шешім қабылдау қиын жағдайда дұрыс жауап беретіндей басқарушылық сезімді иеленеді. Барлығын басқарып отырған адам, әр уақытта өзгеріп отырған әлеуметтік ортаның және әртүрлі адамдармен тығыз контактіде бола отырып, нақты жағдайларды есепке алып міндетті түрде шешім қабылдар алдында, өзінің тәжірибесі мен интуициясына сүйену керек.

Г. Кунц және С. О. Доннел сияқты зерттеушілердің пікірінше, басқару бұл ең алдымен өнер болып табылады. Олардың тұжырымдарына сәйкес: «барлық шынайы ситуацияда бұл ғылымды қолдану мәні болатын, басқару процесі өнер болып табылады». Дегенмен, бұл өнер мынадай ғылымға сүйенеді, яғни: «Басқару бойынша іс-әрекет өнер болғанымен де, оларды иегертін адамдар, бұл өнер ғылымының негізінде жатқандарды түсініп және қолданса ғана, жақсы нәтижеге жетеді». Егер барлық қоғамдағы топтық серіктестік тиімді әрі маңызды нәтижені көрсетсе, онда басқару- барлық өнерден де маңызды екендігін батыл айтуға болады.

Тәжірибелік тұрғыда барлық адамдар іс-әрекетінің сферасында ғылым мен өнер бірін бірі толықтырып тұрады. Басқаруда, жекелей адамдардың ұсыныстарының жауабы, топтық іс-әрекетте барлық нәтижелердің шешімдері варианттарынан ерекшеленсе, және саналы компромиссті таба білсе, ол басқарушы өнерінің көрінісі болып табылады. Бұл өнерді кімде-кім иегере алмайтындығына қарамастан, оның негізгі басқару өнерін білу, маңызды принциптері мен әдістерін қабылдай білуге ұмтылу - барлық деңгейдегі мамандар мен жетекшілердің міндеті .

Жетекші көндіру, сендіру, диалог, қарым-қатынас өнерінің мастері,ащы біркелкі емес ойлайтын және барлық білім сферасын жан-жақты білетін тұлға болу керек. Дегенмен, ол ең алдымен адамдармен жұмыс жасайтын болғандықтан, адами инженерияның барлық қыр-сырын біліп, кең ауқымды гуманитарлық және психологиялық білімді игеру керек.

Кең мағынада «өнер» термині барлық жұмыстар ебімен, шеберлі, эстетикалық және технологиялық мағынада істелінген жағдайда, яғни барлық адамша іс-әрекет орнағанда қолданылады.

Өнер импровицазияға деген қабілет ретінде көрінеді, яғни жеке білімдер элементтері мен жаңа интуицияларды жоғары ақыл-оймен біріктіретін, бұрынғы белгісіз комбинациялар. Біруақытта, ол шығармашылық қиялды дамытып, тұлғаның өзіндік санасы мен өнегелі өзіндік анықтауларына себеп болып, эстетикалық дәмдері мен идеалдарын қалыптастырады. Егерде өнер бізді қоршап отырған әлемді моделдеп және зерттеуге бағытталған іс-әрекет болса, онда өнерді басқару мынадай принциптерге жауап беру керек, яғни жетекші шынай пайда болған жағдайларды күнделікті зерттеп, басқарушылық шешімде қолданылатын варианттарды шығармашылық түрде моделдеу керек.

Сондықтанда, тиімді басқару үшін, оның теориялық негізін біліп, практикалық тәжірибе болып, шығармашылық тұрғыда теория мен практиканы қолдана білу керек, яғни басқару ғылымы мен өнерін игеру керек.

XX ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеу аймағында жекелей болып саналмады.1911 жылы Ф.У.Тейлордың «Ғылыми менеджмент принциптері» атты кітабының шығуымен байланысты еді, бұнда негізгі басқарушылық еңбектің принциптері көрсетілген, сол себепті ең алғаш бұл жайында әңгімелер айтыла бастады. XXғасырдың 20-жылдарында атақты металлургия компаниясын басқарушы, француз инженері А.Файоль менеджмент принциптері жүйесінің нәтижесін айтып кеткен болатын. А.Фейолдың арқасында басқаруды іс-әрекеттің ерекше спецификасы деп есептеді.

Осы уақытқа дейін психологияның ғылымы ретінде, оның теориялық пен қосалқы бағыттары ретінде қалыптасып үлгерді. Басқарудың психологияға бірігуі нәтижесінде – «басқару психологиясы» деп аталатын қосалқы пәнаралық ғылым пайда болды.

Басқару психологиясын көбінесе менеджментпен шатастырады. Егер де менеджмент бізге не істеу керектігін үйретсе, ал басқару психологиясы оны біз не үшін істеуіміз керектігін, немесе қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіреді.

Сәйкесінше, басқару психологиясының пәні болып менеджер іс –әрекетінің психологиялық негізі, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктер, адамның адамды қабылдауының механизмдері мен басқа адамдардың бір –біріне әсер ету механизмдерін, еңбек коллективінің қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері мен олардың арасындағы тұлғааралық қатынастарды, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен жалпы басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық факторлары жатады.

Басқару психологиясы ғылым мен практика ретінде жетекшілердің психологиялық басқарушылық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуын, жұмысшы тұлғасының басқаруды қолдану кезіндегі теориялық және практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек коллективінің заңдылықтарының қызметі мен тұлғааралық қатынастарды қалыптастырады.

Басқарушы басқарушылық процестің табиғатын түсіну керек, басқарудың тиімділін жоғарлату құралдарын білу керек, персоналды басқарудағы керекті бұқаралық ақпарат құралдары мен қатынас құралдарын білу керек, еңбек коллективінің психологиялық қалыптасу ерекшеліктерін , адамдармен жұмыс жасаған кезде әр түрлі жағдайлар мен шарттарда болатын басқарушылық шешімді қабылдау үшін білу қажет.

Еңбек ұжымын қалыптастырудың психологиялық факторларына топтағы психофизиологиялық сәйкестік, тұлғааралық әсер ету феномені, еңбек мотивациясы, көрсетілетін шарттар, әлеуметтік – психологиялық климат және басқа да психологиялық құбылыстар жатады. Ал басқарушылық шешімді қабылдаудағы психологиялық факторларға шешім қабылдау процесі мен іс-әрекет нәтижесінің құру мақсатындағылар жатады.

Басқару психологиясы тәжірибелік психологияның саласы ретінде менеджер мамандығы мен кәсіпқой басқарушылардың пайда болуымен біруақытта пайда болған. Басқа да психологияның салалары ретінде бұл салада, индустриалды дамушы қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде туған.

Басқару психологиясы қоғам дамуының белгілі бір этапында пайда болған, яғни бұл жерде еңбектің максималды нәтижесін алу ғана емес, сонымен қатар, еңбек процесі кезіндегі адамдардың өзіндік білдіру ерекшеліктерін, құндылықтарының шыңдалуын , еңбек нәтижесіне жетуін есепке алу керек.

Осыған сәйкес, басқару психологиясының пәніне басқару жағдайы көзқарасымен адамдардың қарым-қатынас мәселесі мен өзара әрекеттері келесідей болып табылады:



  1. Еңбек процесі кезіндегі тұлғаның өзіндік жетілуі мен өзіндік дамуы.

  2. Психологиялық тиімділік көзқарасымен басқарушылық іс-әрекет пен оның ұйымдастырылуы.

  3. Еңбек ұжымындағы топтық процесі пен олардың реттелуі.

Басқару процесі кезінде тұлға және оның өзіндік жетілуі мен өзіндік дамуы маңызды ролді ойнайды. Бұл жерде минимум екі жағдай маңызды болып табылады. Біріншіден, басқару психологиясы тұлғаның барлық мінезі, қыры мен сапасын яғни, басқарушылық іс-әрекетін табысты іске асыруға көмектеседі. Екіншіден, басқару процесі кезінде тұлғаны қарастырады.

Кез келген коллектив – ол, ең әуелі, өз мақсаттарын қуушы, өз міндеттерін шешуші, өздерінің формальды және формальды емес статустарын сақсап қалушы немесе өзгертуші адамдар. Еңбек ұжымдары бір бірімен, өкінішке орай, өте қиын қатынастар жүйесімен байланысты. Барлық кез келген ағза сияқты ұжым, дамуында жақсы әрі жаман пероидтарды кешіреді. Кез келген сәтте ішкі не сыртқы кешендердің себептері мен жағдайларының әсерінен дағдарыс болуы мүмкін. Жетекші деңгейі мен кезеңдері оның өз ұжымын қалай басқара алатындығында ғана емес, сонымен қатар, дағдарыс жағдайында, қиын сәттерде ол қандай іс- әрекет жасайтындығында. Жетекші кез келген, тіпті басқара алмаймын-ау деген жағдайларды басқара алу керек. Ал ол үшін, конфликт пен дағдарыс жағдайында нақты жетекшілік дағдылар мен білімдер керек.

Басқару психологиясы ғылым ретінде әртүрлі психологиялық әдістерге сүйенеді, олардың негізгілері бақылау мен эксперимент болып табылады.

Бақылау өз сипаты мен мәніне байланысты- шынайылылықты бейнелейтін қиын обьективті психологиялық процесс. Бақылауға ақпараттар жиынтығы ретінде әртүрлі жағдайлар қатысады. Біріншіден, жоспарланған зерттеуді нақтылау бағытында алдыңғы материалды алу. Зерттелініп отырған құбылысты нақтырақ кеңейту, іс-әрекет етуші тұлғаны анықтауда, маңызды жағдайлардың көрінуінде себеп болғанда , бақылаудың мақсаты іске асады.



Екіншіден, басқа бөтен психологиялық ақпараттар жетіспегенде, бақылау шартардың өзіндік әдісі ретінде қолданылады.

Бақылау кезінде көрінетін, мынадай маңызды элементтердің тізімдері кездеседі:

а) бақыланушылар- жағдайға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік- демографиялық құрылымы, ондағы қарым-қатынастың сиапты, жағдайға қатысушылардың арасыдағы бөлінген ролдері;

б) жағдай (обстановка)- іс-әрекетке заттық ортаның әсер ету ерекшелігі мен бақыланушы жағдайының орналасу орны;

в) топтың іс-әрекет мақсаты- кездейсоқ немесе заңды бақыланушы жағдай, топтың жинақталуының себебі ретіндегі формальды немесе формальды емес мақсаттардың жиынтығы, әртүрлі жағдайдағы қатысушылардың ұқсастықтары мен теріс жақтары.

г) әлеуметтік мінез-құлық- бақыланып отырған топтың іс-әрекет сипаты, іс-әрекет стимулы, іс –әрекет кімге (неге) бағытталған, топтың психологиялық атмосферасы,әлеуметтік мінез-құлықтың осы орынға тән типі, бақыланып отырған топтың мүмкін деген ауытқушы мінез-құлықтары;

д) жиілік пен ұзақтығы- бақыланып отырған жағдайдың уақыты мен, қайталанушылығы мен ұзақтығы, оның кереметтілігі мен типтілігі.

Бақылау орнына, оның бақылаушылық ұйымдастырылуына және т.б. әртүрлі факторларға қатысты оның бірнеше түрлерін көрсетуге болады:



  1. Тұжырымдалу деңгейіне қатысты құрылымдалған және құрылымдалмаған бақылау болып бөлінеді.

  2. Зерттелініп отырған жағдайда бақылауға қатысушылардың деңгейіне қатысты қосылған және қосылмаған бақылау.

  3. Бақылау шартын ұйымдастыру, өткізу орнына қатысты , табиғи және лабораториялық бақылау.

  4. Бақылуды жүргізу реттелуіне байланысты жүйелік және жүйелі емес болуы мүмкін.

Ережеге сай, жетекші жүргізетін бақылау, құрылымданбаған, қосылған, табиғи және жүйелі емес болып табылады.

Құрылымданбаған бақылау кезінде бақылушы әрекетінің жоспарлы детальдары жоқ болады, тек мүмкін деген бақыланушы топ жағдайларының жалпы қыры анықталады. Егер де жетекші зерттелініп отырған жағдайдың маңызды деген элеметтерін анықтауға мүмкіндік алып, бақылау нәтижесінің нақты жоспары мен инструкциясын құрса, онда ол өз бағынушыларының біреуіне жүктей алатындай , құрылымданған бақылау жүргізуге мүмкіндік алады.

М.К.Горшков пен Ф.Э.Шереги жиналыстар мен мәжілістерде ұйымдастыруға болатын құрылымданған бақылаудың келесідей карточкаларын мысал ретінде көрсеткен:

Ф.И.О. _______________________________

Должность ____________________________

1. По чьей инициативе выступил:

001 — записался заранее;

002 — сам попросил слово устно;

003 — сам попросил слово письменно;

004 — выступление предложил президиум.

2. Время начала выступления: ___ час. ____ мин.

3. Основные положения выступления:

Тема_______________________________

Объект выступления___________________

4. Реакция аудитории на появление выступающего:

005 — положительная;

006 — отрицательная;

007 — отсутствует.

5. Направленность выступления:

008 — одобрительное;

009 — нейтральное;

010 — критическое,

6. От чьего имени говорит:

011 — от себя лично;

012 — от имени коллектива;

013 — неопределенно.

7. Время окончания выступления: ___ час. ___ мин.

8. Продолжительность выступления: ______мин.

Қосылмаған бақылау бақыланушымен қатынас кезінде немесе оның қатысуынсыз жүргізіледі. Бұнда жалпы бақылаушының ролі мен бақылау мақсаты анық. ең алдымен бұл бақылаудың формасы жекелей процедурада еңбек процесі кезінде адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Көп жағдайда осы мақсатпен адамдар өте ерекше жағдайда бақыланады. Мысалға, автомашина айдау инструкторы оқушының жұмыс ерекшелігін тренажерде зерттейді. Бұл форманың ерекшелігі бақланушыға тек міндет қана анық емес, сонымен қатар оның бақыланушыға қатысты әлеуметтік орны анық.

Қосылған бақылау дегеніміз- бақылаушымен бірге әрекет ететін, зеретелініп отырған процес бақылаушымен сәйкес қосылған . Қосылған бақылау сипаты әртүрлі: бақыланып отырған топ іс-әрекетіне бақылаушы қатыса отырып, бірақ-та өз зерттеу мақсатын жасырып бақылайды. Бұл бақылау түрінің тиімді жағы бақыланушылармен тура қатынасқа түсіп және танысу арқылы бірнеше ақпараттарды алуға мүмкіндік алады.

Бақылау әртүрлі шарттарда жүргізілуі мүмкін. Егерде, шынай бақыланушы топтардың жағдайында болатын болса, мысалға, жұмыс орында, одан бұндай бақылау түрін табиғи деп атаймыз. Топты зерттеуде, әдетті жағдайдың болуы бақыланушыларыдың мінез-құлқын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Егер нақтырақ ақпарат алу үшін, бақылау процесі кезінде техникалық құралдарды қолдануға болады (магнитофон, фото-кино, тележабдықтар).

Ал егер, жаңа әдісті эксперименталды тексеру мен міндеттерді құрастыру керек болған жағдайда, бақылаудың лабороториялық түрі қолданылады. Осылайша, конфликтіден шығу немесе жаңа басқару дағдыларын қалыптастыру үшін, арнайы жабдықталған сыныптарда жаттығулар жүргізіледі. Іскерлік ойынға қатысушылардың әрқайсысы кезекпен, мысалы, бастық немесе бағынушы ролдерін ойнайды.

Жүйелік бақылау- берілген уақыт ішінде ретімен жүргізіледі. Ол үзіліссіз жалғаса беретін ұзақ бақылау болуы мүмкін. Жүйелік бақылау ертерек жоспарланбаған құбылыстармен жұмыс жасауға әкелуі мүмкін.

Бақылау әдісінің жетіспеушілігі болған жағдайда келесідей психологиялық әдісті-экспериментті қолдануға болады.

Эксперимент ақпарат жинауда ең қиын меңгерілетін және өзіндік бейнелі қатарға жататын әдіс. Экспериментті іске асыру өте мардымды ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Мысалға, еңбек өнімін өндіруді жоғарлату мақсатында жаңа моралдық және материалдық стимулдардың түрлерін қолданды. Бастыққа эксперимент құнды ақпаратты алу мен белгілі бір ситуацияны ойнауға мүмкіндік алу үшін керек. Бұны өткізудің негізгі мақсаты болып- гипотезаларды тексеру, әртүрлі басқарушылық шешімдерді тәжірибеге тура әкелетін нәтиже береді.

Экспериментті ең алдымен, үлкен емес (он шақты) зерттелуші топтарда, біріңғай шарттарға қатысты жүргізу ұсынылады. Эксперименттің табысты деңгейде болуы сәйкес болатындай шарттарды құрастыруына байланысты.

М.К. Горшков және Ф.Э. Шереги эксперименттік зерттеулерге қажетті бірнеше талаптарды ұсынады. Осы талаптардың ретімен орындалуы экспенименттік зерттеулердің тиімділігіне қатысты:

1. Эскпериментатор орнатқан эксперименталды щарттардың жүйесі обьективті шынайылық шарттарының гипотизалық жүйесіне сәйкес келу керек.

2. Эксперименталды жүйе жақсы басқарылатын шарттарды игеру керек.

3. Эксперименталды араласулардың нәтижесі бақыланатын болуы керек. Мүмкіндігінше эскперименталды факторлардың эффектісін (қасиеттердің өзгеруін, мінез-құлқын) тіркей білу керек.



Эсперимент түрлері және эксперименталды топтарды іріктеу әдістері.

Эсперименттер эксперименталды ситуациялардың сипаты мен гипотезаларды дәлелдеу логикасының құрылымы болып ерекшеленеді.

Эскперименталды ситуациялар сипаты бойынша табиғи(полевые) және лабораториялық болып бөлінеді. Табиғи экспериментте обьект (топ) өзінің қалыптасу шарттарда шынайы болады (мысалға, жұмыс уақытында, жаттығулар т.б.) Осы кезде топ мүшелері өздерінің экспериментке қатысып отырғаны туралы хабардар болады, немесе хабарсыз болады.

Лабораториялық экспериментте эксперименталды ситуация ретінде, эксперименталды топтар жасанды қалыптасады, сондықтан топ мүшелері , жасанды , эксперимент жайлы хабардар болады. Көп жағдайда лабораториялық эксперименттер жабық кеңістіктерде жеке тәжірибе түрінде жүргізіледі.

Табиғи және лабораториялық экспериментте , эксперимент жүргізу барысында қосымша ақпараттарды жинау әдісі ретінде сауалнама және бақылау қолданылуы мүмкін. Олардың нәтижесі зерттелушіге эксперимент барысында араласау керек пе немесе оның аяқталуына дейін бақылауды араластыру керек пе деген сұраққа негіз табуға мүмкіндік береді.

Гипотезаның құрылымдық логикасын дәлелдеуде сызықтық және параллелді болып бөлінеді.

Сызықтық эксперимент эксперименттелетін (оның бір немесе бірнеше сипатта өзгеретін жағдайы ) және бақыланатын(оның бастапқы жағдайы) сол не басқа да топтрда жүргізілетін талдаумен ерекшеленеді.

Паралелді экспериментте біруақытта екі топ қатысады: бақыланатын және эксперименттік. Олардың құрамы барлық бақылау кезінде біркелкі болуы керек, сонымен қатар, эксперимент кезінде әсер ететін (бірінші кезекте бұл әлеуметтік- демографиялық қасиеттер ) нейтралды сипатта болу керек.

Эскперименттің барлық кезеңінде бақылаушы топтың сипаты күнделікті болып қалады, ал экспернименттік- өзгереді. Эксперимент нәтижесінің қорытындысына сәйкес екі топтың бақылау сипаты салыстырылып, өзгеру оқиғасының ауқымы мен себептерінің қорытындысы шығарыладыы.

Психологтардың ойынша, экспериментті жүргізу мен дайындалу келесідей сұрақтардың шешімін табуға мүмкіндік береді:



  1. эксперимент мақсатын анықтау;

  2. эксперименталды және бақылау тобына қатысатын обьектіні таңдау;

  3. эксперимент пәнін анықтау;

  4. бақылау, факторлық және нейтралды қасиеттерді таңдау;

  5. эксперимен шарттарын анықтау және эксперименттік жағдайларды қалыптастыру;

  6. міндеттерді анықтау және гипотезаларды қалыптастыру;

  7. эксперимент ағымын бақылау тәсілі мен индикаторларды таңдау;

  8. нәтижелерін бекіту әдісін анықтау;

  9. эксперимент тиімділігін тексеру.

Экспериментті ғылыми гипотезаларды тексеру тәсілі ретінде, менеджментті зерттеуде статусты жоғарлату үшін, бастықтың басқарушылық қабілеттерін кеңейтуде қолданылады.

Кіші топтарда әлеуметтік құбылыстарды зерттеу кезінде социометрия әдісі атақты болып отыр. «Социометрия » термині латын тілінен аударғанда: socius- серіктес, жолдас, бірге қатысушы, metrum- өлшем деген екі мағынаны білдіреді. XIX ғасырдың аяғында американдық әлеуметтанушы және психолог Джекоб (Якоб) Морено , топтың басқа топқа әсер етуін зерттеуге байланысты ең алғаш қолданысқа енгізген.

Социометрияның көрсеткіштерін қолдану еңбек өндірісін жоғарлатуға, конфликтілерді жеңілдетуге, топтық шешім қабылдауға және қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Социометрияның әдістемелік тұжырымдамаларының нәтижелерін дұрыс қолдану, топтың дамуына, теориялық қорытынды жасауға, маңызды практикалық нәтижелерге жетуге және іс-әрекеттегі коллектив тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Негізгі социометриялық түсінікке «статус» және «әлеуметтік роль» жатады. Тура осылар топтағы тұлға ахуалына сипаттама береді. Статус- бұл топтық процестің дамуы кезіндегі, топтың өмір сүру іс-әрекеті жүйесіндегі индивидтің орны. Өз кезегінде, статус, топ мүшелерінің жетекші қызметін және оған артылған міндеттерді атқарады. Индивидтің әлеуметтік ролі коллектив жаны, басқарушы деген мінез-құлыққа ие болған, топты басқаратын қызметтердің мәнімен анықталады.

Социометрия көмегімен тұлғааралық қарама-қайшы әрекеттер процесінде көрінетін немқұрайлық пен жағымсыз қабылдаулардың, қалаулардың мөлшерін алуға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасында болатын антипатия мен симпатиялардың көрінуінде қолданылады.

Сонымен, социометри әдісі арқылы топ мүшелері арасындағы өзара байланыс ерекшеліктерін және олардың бірнеше мінездемелерін (характеристика) алуға болады.

Сонымен қатар, басқарушылық іс –әрекетті іске асыруда басқада психологиялық зерттеу әдістері қолданылады. Олар- әңгімелесу, тест, іс-әрекет нәтижесін талдау, сауалнамалар әдісі. Қосымша әдіс ретінде кроссмәдени әдісті жатқызуға болады, оның мәні әртүрлі мәдениет жағдайында басқарушының іс-әрекетін салыстырмалы талдауда жатыр. Ұлттық мәдениеттер, халықтардың дәстүрлері жетекші әрекетіне маңызды ой тудыртады, сондықтанда, шетелдік серіктестермен келісім шарттар жүргізген кезде , оның алдында тек фирма өкілі тұрған жоқ, қандай да бір мәдениет өкілі тұрғанын ескерген жөн.

Басқару психологиясы тәжірибелік психологияның саласы ретінде басқарушылық іс-әрекеттерді де зерттейді. Басқару психологиясының заңы топтық қатынас және тұлға аралық қатынастың өзара әрекеттесу кезінде көрініп, басқа да заңдар сияқты біз оны білемізбе не білмеймізбе соған сәйкес әрекет етеді. Жалпы басқару психологиясының және басқарушылық іс-әрекеттің негізгі заңдылықтарына мыналар жатады:

1. Закон неопределенности отклика.

2. Өзара қабылдаудың адекватты емес заңы

3. Өзін-өзі бағалаудың адекватты емес заңы

4. Ақпараттардың бұрмалануы заңы

5. Өзін-өзі сақтау заңы

6.Өтем (компенсация )заңы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет