Қазақстан республикасыныңбілім және ғылым министрлігі


Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы



бет5/11
Дата03.11.2019
өлшемі378,14 Kb.
#51056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
b58f33c8-bdb6-11e3-b0bc-f6d299da70ee3

Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы.


  • Эмоция және оның балалық шақта дамуы

    Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді. 
    Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор. Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.

    Эмоция және оның балалық шақта дамуы. Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.

    Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзғе тақырыптарында арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдііі туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияга тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытга баяндальш, өзге тақырынтармен салыстырғанда өз алдьіна ерекшеленіп, арпа ішіндегі бидай дәніндей болып көрінеді.

    Бұлай деп аныктаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасымды қозғалыстарының пайда болуы» деген еңбегінде бұрынғы биология ғылымынын дәстүрлерін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы хайуанаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффекттік серпілістерімен тығыз байланысты түрде дамып жетіле түсті дейді. Оның жақында орыс тіліне аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімінің пайда болуы, адамның өзі сияқты, жануарлар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазады. Мәселенің шындығына үңілетін болсақ, Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды.

    Бір тарихшы ғалымның айтуына қарағанда орта ғасырлық діни көзқарастарынан арыла қоймаған ағылшынның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған көзқарасын бетіне перде етіп тұтып, оған жанашырлық кейіп біріп былай депті: Дарвин адам тіршілігіне тән адам максат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күйі мен әмоциясының пайда болуын дәлелдеп берді.

    Сонымен осы айтылған жайттар психологиялық ойдың екі түрлі бағытта дамуына түрткі болды. Оның бірі Дарвин идеяларын дамытуға үлес қоскан психологтар (біршама үлес қосқан Г.Спенсер) мен оның шәкірттері, француз позитивистері Г.Рибо жәнс оның мектебі, немістің биологиялық бағыттағы психологтары адамның сезімі мен аффектік және хайуанаттрдың соқыр сезімге негізделген идеяларын әрі дарай дамыта түсті. Осы бағыттағы зерттеушілердін эмоция жайындары теория (бұл теорияны тиісті әдебиеттерде рудиментарлық деп атайды) барлық дерлік оқулықтарға, соның ішінде орыс тілінде жазылған құралдарымызға да енгізілді.

    Осы теория тұрғысынан алып қарағаида біздін бойымызды қорқыныш билегенде, бет құбылысы мен денеміздегі әр ал) қимыл-қозғалыстар арғы тегіміз жануарлар дүниесінің өз жау- ларынан қорқып, сақтануға бейімдеу әрекетінең не бойымыз ашу-ыза кернеп, өз сезімдеріміздің сыртқы әсерлерге серпінуіне пайда болатын қозғалыстардың бәрі хайуанатардың тіршілігі бейнесінен қалған сипатгар екенін байқатады. Соран орай қорқыныш кезінде бөгеліп аңырып қалу, ашу-ыза кернегенде төбелесу де сезім күйдің (эмоцияның) сыртқы көріністері болып табылады. Басқаша айтқанда, адамның абжыл да, шапшаң қимыл-қозғалыстарының бәрі сол ертедегі жануарлар дүниеси тіршілігінен қалған ерекшеліктер деп саналады. Осыган орай Рибо эмоциялық құбылыстардың бәрі адам психикасында ертеден сақталып қалган бірден-бір қасиет, немесе оның өз сөзімен айтұанда эмоциялар «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп анықтайды. Рибоның бұл салыстырмалы пікірін адамның сезім күйі оның жан дүниесінің билеушісі деген мағынаны білдіріп, ол адам мінезіндегі ертеден қалған ұнамсыз қылық деп есептейді. Осы орайда қазақ халкының мақалы: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылына ақыл қос» дейді. Рибоның білдірмек болған ойының мәнісі – эмоция жойылып бара жатқан тайпа, не «біздің, психикамыздағы сығандар». Шындығында, осы ретте психолог мамандар белгілі бәтуаға келіп, адамның бойын ашу-ыза кернеп, оның қимыл-қозғалыстары мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын бәрінің сырттай көрінісі сол хайуанаттар дүниесінен қалған сарқыт дейді. Осындай сипат адам психикасының дамуында біртіндеп әлсірейді де, ол адамның сырт көрінісінен де, жан дүниесінің ағымынан да өшіп кететін болады.

    Сонымен, сезімнін қисық сызығы уақыт озған сайын бәсенси бермек. Егер, – дейді Сненсердің соңғы шәкірттерің; бірі, – біз хайуа». мен адамды, бала мен ересекті, қарапайым кісі мен мәдениетті адамды өзара салыстырып көретін болсақ, онда эмоцияның біртіндеп әлсіреп, ізін жоғалта бастағанын айқын байқаймыз. Міне, осындай мәліметтерге сүйене отырып, зерт -теушілер мынандай жорамал жасайды: болашақтың адамы эмоциясыз болады, ол өз сезімін ақыл-ойға, жүйелі ойлауға билетеді. Сөйтіп біздің бойымызда ежелден келе жатқан хайуанаттарға тән сезім ізі өшеді дейді.

    Бұл орайда өзінен-өзі айқын болатын бір жайт – хайуанаттардың эмоциялык әсерленуі және онын жануарлар дүнесінде дамуы деген бір ғана тарауды психологияда зерттеу шектелу жеткілікті болар еді. Бұл тарау қазіргі психологияда барынша терең әрі толық зертгелген. Ал адамға қатысты эмоция мәселелерінін өзіндік ерекшеліктері мен дамуы мүмкіндігінше тарапты зеттеуді талап етеді. Әсіресе, балалық кезеңдегі эмоция ерекшеліктерін зерттеп, оны дамыту жолдарын ашып көрсеіудің манызы ерекше. Осы кездегі зерттеулер керісінше балалардың эмоциясын әлсіретіп, оларды болдырмаудың әдістеріне көңіл аударады. Алғашқы адамдардан бастап қазіргі адамдардың эмоция қуатының өзгеру ерекшеліктері эволюциялық даму жолымен салыстырып іздестіріліп келеді. Мұңдай ретте ерекше ескеретін жайт – адам пІсихикасы эволюциялық дамуда үнемі күрделеніп жоғары өрлесе, ал оның эмоцңясының дамуы кері кетіп бәсеңдеп отырады дейді. Эмрция дамуын осы бағытта іздестірген зерттеу-шілердің пікірін мінеп, Рибо адам психикасының дамуында тұтас бір процестің жойылуының даңкты тарихы деп мысқылдайлы.

    Егер біздер эмоцияны биологиялық жағынан іздестіріп, оның психикалық тіршіліктің тұтас бір саласы ретінде жойылып бара жатқандығына көз жіберетін болсақ оңда тікелей жүргізілген психологиялық тәжірибелер, онан кейінгі тәжірибелік зерттеулер мұндай ойдың құрғақ сандырақ екенін әшкерелейді.

    Н.Н.Ланге мен У.Джемс әрқайсысы өзінше зерттеулер жүргізді. Джемс, ІІсихолог маман ретінде, әдейі, ал Ланге, физиолог ғалым ретінде, мақсатсыз-ақ, Джеметің айтуынша адам организмінде эмоцияның нендей негіздері пайда болып отыратындығын анықтауды міндет етіп қойды. Сонымен бірге, адам эмоциясы жайындағы теріс көзқарастың сырын ашуды көздеді. Лаиге мен Джемс адам эмоциясының пайда болу себентерін органикалық реакцияларға енгізу деп түсіндірді. Мұндай көзқарастын мән-жайы көптеген мамандарға кеңінен мәлім және оқулықтарда толық баяндалған. Сондықтан бұл мәселені талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін. Бұл теориядағы елеулі бет-бұрыс болын саналған нәрсе эмоциялық реакциянын қалыптасуы туралы бұрынғы дәстүрлі көзқарастарды өзгертуге айтарлықтай ықпал еткенін ескерте кетейін.

    Джемс пен Лангеге дейінгі психологтардың эмоция жайындағы түсініктері мынадай сипатта болған еді: оның бірінші өлімі сыртқы не ішкі оқиға, хауіпті жағдай төнгенде оны қабылдап, эмоция тудырады, сонан кейін бұл-эмоцияны бастап кешіреді (жүректің жиі соғып дүрсілдеуі, бозарып кету, жүйкенің . тіркенуі, тамақтың құрғауы – мұның бәрі қорқудан пайда болатын сезім күйлері) сол тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын мұндай күйлерді психологтар мынадай ретпсн көрсететін еді: қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс мен Ланге мұндай сезім күйлерін бастан кешіруді өзгеше реткеи көрсегеді. Белгілі бір қатерлі оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады (Лангенің-көрсетуінше қан тамырларының кеңейіп, таралуы. Джеметің, айтуынша ішкі орган қызметінің жандана түсуі). Адам органдары сыртқы хауінтің әсерінен жанданып, оларды қабылдауда біздің бойымызда эмоция пайда болады дейді.

    Джеметің эмоцияның пайда болуы жайындағы ілімі қазіргі кезде түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқилы қайшьшықтар тудырып отырғаны мәлін. Әдетте, біз жылаймыз, өйткені қайғы-қасіретке ұшыраймыз, денеміз тітіркеніп түршігеді, өйткені қорқамыз, бі- реуді ұрып-соғамыз, өйткені біз ашулымыз, ал дұрысында былай деп айтқан жөн болар еді: біз қамығамыз, сондықтан жылаймыз біз қорықтык, сондықтан денеміз түршігіп дірілдейміз, біз ашуландық сондықтан ұрып-соқтық.

    Джеметін түсінігі бойынша біз сыртқа шыққан эмоциямызды игере білсек, ол басылады және керісінше: біз ашу-ызаға, шатгық күйге бөленсек, оның, артынша~ақ эмоция па? болып, сыртқа шығады.

    Мұндай көзқарастын қалыптасып орнығуына мынадай ек түрлі жайт әсер етті: бірі – бұл көзқарас эмоцияны табиғи-ғылымы және биологиялық тұрғыдан негізделді деп санады екінші – ешкімге керексіз эмоцияның шығу тегін хайуанатта дүниесінің тіршілігімен ұштастырылған көзқарастан өзгеше еті құрылды. Сөйтіп эмоция жеке басқа тән қасиет ретінде қарастырылды. Сіздер адамның басыңан кешіретін сезімдеріні бәрі оның ішкі жан дүниесімен және оның жеке басына тән ерекшеліктері өзара тығыз байланысты екенін жақсы білесіздер.

    Джемс пен Ланге теориялары осыдан кейін біріктіріліп жалпы теориялық сипат алды. Бұл жәйт те сіздерге мәлім. Алайда бұл теорияны көп уақыт өтпей-ақ бірсыпыра зерттеушілер «материалданған» теория деп кінәлай бастады. Өйткені Джемс пен Ланге сезім арқылы адам денесінен шығатын органикалық процес-терді санаға ендіруді көздеп отыр деді. Джемс әлі материализмнен әлдеқайда алыста жүрген-ді. Сондықтан ол өзін кінәлағандарға жауап ретінде мынадай тезисті қолданды (б| тезис оның психология оқулығына ендірілген еді): «Менің теориям барлық жағдайда да материалистік бола алмайды». Расында Джеметің теориясы қарапайым материалистік сипаттағы әдістерді қолданғанмен, шын мәніндегі материалистік тес емес-ті. Оның кейбір мәселелерге қатысты қортындылары материалистік жайттарға қайшы келетін. Мысалы, өл эмоцияны жоғары және қарапайым қызметтер деп ажыратып атауы эмоция жайындағы ілімде жоқ нәрсе болатын. Мұндай Пікір Джемс теориясының бұдан был айғы кездерде дамуына дәйек болды.

    Джемс теориясын материалистік теория деп кіналаушыларға жауап ретінде Дарвиннін ағылшынның схоласт психологтарына қарсы қойған әдісін пайдаланады. Ол өзінің көзқарасын дәйектеу мақсатымен «Қасапқа пышақ ұстатып, құдайдың құдіретін» дәріптейтін принципті қолданды. Оның бұл пікірі бойынша органикалық құрылым эмоциясының төменгі сатысына тән, бұл ерекшелік адамда жануарлар дүниесінен мирас болып қалған деп түсіндірді. Эмоцияның бұл тобы адамның қорқынышына, ашу-ызасына, торығуына, қолдануына тән, бірақ мұңдай эмоциялар адамның нәзік сезімдері болып саналатын діни нанымдарына, ерлер мен әйелдер арасыңдағы сүйіспеншілікке, әсемділіктен ләззатгану сезімдеріне қатысы жок. Сонымен Джемс эмоцияны жоғары және төменгі топтарға бөліп қарастырды. Сондай-ақ бұрыннан ескерусіз болып қалған, бірақ соңғы кезде тәжірибелік зерттеулерде ерекше көңіл аударып отырған мәселе – ақыл-ойға қатысты эмоциялар да жоғары топтагы эмоцияларға жатады деп санады. Біздің ойлау процестерімізде тікелей бейнеленетін барлық эмоция түрлері мен адам басынан кешетіи әсерлі сезімдердің бәрі пікірдің құрамды бөлігіне жатады да олар мұндай эмоцияларды негізгі органикалық құбылыстардан басқа өзгеше текте пайда болады деген шек қойды.

    У.Лжемс, прагматист ретінде, зерттелген нәрселердің түпкі негізін ашып көрсетуді мақсат деп санамай, ол қоғам үшін іс жүзінде қажетті нәрсе төменгі және жоғарғы эмоциялардың сындағы айырмашылықтарды білу жеткілікті дейді. Ол үшін праматакалық тұрғыдан жоғары эмоцияларды материалистік немесе жалған-материалистік түсініктерден қорғау қажет еді.

    Сонымен бұл теория бір жағынан алғанда психологиядары дуалистік көзқарасқа келіп тіреледі. Осындай ыңғайлы сәтті шебер пайдалана, білген нағыз идеалист Бергсон эмоция жайындағы Джемстің көзқарасымен Үйлесім тауъш, оны өзінің идеалистік тұрғыдағы пайымдауларымен толықтырды. Екінші жағынан Джеметің эмоция жайындары теориясының психологиядағы материалистік көзқарастармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын еді. Мұны автордың өзі де мойындады. Алайда бұл идеалистер біз түйсігіміз бен қабылдауымыздың сезім мүшелерімізді тітіркендіруші материалдық процестер екендігін бекерлей алмаған-ды.

    Демек, Джемстің эмоция туралы анықтамалары матерлистік түсініктен қашықтап, ол дуалистердін пікірімен үндесіп кетті.

    Үшіншіден, бұл теория эмоция туралы бірсыпыра метафизикалық көзқараетардың жаңдануына себепші болды. Осы орайда Джемс пен Лангенін, эмоция жайындары көзқарастары өздері бастау алған Дарвин ілімімен салыстырғанда бір қадам кейін шегінген теория болды. Сондай-ақ Джемс эмоция туралі өз түсініктерін адамның іщкі органдарынык Кызметімен байланысты деп санап, оны саналы әрекетгерден бөліп тастады. Соның салдарынан бұл теория да, бүрынғы идеалистік көзқарастар сияқты, тоқырап қалды.

    Мен Рибо және баска авторлардың көзқарастарында эмоция адам психкасындағы мемлекет ішіндегі мемлекет деп саналды деген едім. Мұндай пікірдін мәні эмоцияны адамның бір. тұтас психикалық тіршілігінен бөліп алып қарастыру еді. Дже пен Ланге теориясын анатомиялық және физиолоғиялық жағынан қостағандай болды. Бұл пікірді Джеметің өзі де қостай түсті Оның айтуынша: ми – адамның ойлау мүшесі болса, » эмоцияның органы – ішкі вегетативті мүшелер. Ал эмоция субстраты (негізгі материясы) орталықтан шетке ауыстырылды. Джемс пен Ланге теориясы олардан ілгері теорияларға қарағанды тиянақты әрі эмоциялык тіршілік туралы мәселелер көтеру тыйым салғандырын айтудың қажеті бола қоймас. Ілгергі теорияларда Джемстің айтуынша адам эмоциясының бұрынғы кездегі даму процесінде пайда болуы жайында сөз болған-ды. А бұл теорияда адам эмоциясының жаңа түрлерінің пайда бол мүмкіншіліктері қарастырылмай, қараңғы бұрышта қалып қойды.

    Сөйтіп, мәселені қарау тұйықталып, Джемс пен оның қол-даушылары эмоция жайындағы негізгі идеалистік концепцияға қайта оралды. Ал Джемс өзі адамның тарихи даму дәуірінде адамның хайуанаттарда кездеспейтін жоғары сезімдері дамып жетілді деген еді ғой. Дегенмен, адамның хайуанатгар дүниесінен қалған сезімдері өзгеріссіз қалды, мұңдай ерекшеліктерді, Джемістің өз сөзімен айтқанда, оның органикалық тіршілігіндегі пайым қызметтер.. Бұл не деген сөз: алғашқыда эмоциялардың пайда болуы хайуанаттар дуниесінен ауысқан ерекшелі екендігін дәлелдеу үшін (бұл жайында мен Дарвинді атағаным келтірілген теория болса, ал мұның ақыры адам эмоциясиясының жануарлар дүниесінен ауысып пайда болуы адамның тарихы дамуындағы ерекшеліктерімен байланысып қалдырып, оны керлеумен бітірді. Сондай-ақ, бұл теорияның авторлары қасапқа пышақ ұстатып, құдайдың құдіретін көтермелейтін іс жаса олар бір жағынан жоғары эмоциялар қатарына нағыз спиртуалистік мән берсе, екінші жағынан – төменгі эмоцияларға органикалық физиологиялық тұрғыдан мән берумен шекте; қалғысы келді.

    Бұл теорияға тәжірибелік зертгеулерге негізделген екі бағытга шабуыл жасалды: бір жағынан физиологиялык лабораториялар болса, екінші жағынан психологиялык лабораториялақ физиологиялық лабораториялар Джемс пен Ланге теориясына қатысты опасыздық роль атқарды. Бастапқы кездерде Лизиологтар бұл теориядан қуат алып рухтаньш, жыл сайын Джемс теориясын мақұлдайтын жақсы қорытындылар шығарьш жүрді. Теорияда кұмән тудырмайтын кейбір шындықтардың бар екені рас; арнайы эмоциялық реакция тудыратын органикалық өзгерістердін төтенше молдығы мен олардың әр алуан екендігі де шындыққа сай келді. Мұндай нәтижелер туралы Джемс айтқан пікірлер қазіргі біздің білетіндерімізді салыстыра отырып, олардан паймалы қорытындылар жасауға болады. Бұл жөнінде олар тарихи манызды қызмет атқарды.

    Физиологиялық лабораториялардың опасыздык жасауына себепші болған У.Кеннонның орыс тілінде аударылып басылған кітабы. Бұл кітаптың мазмұны да екі жүзді болатын. Кітаптың мұндай бағытын бірден байқап оған тиісті түсініктер берілуі қажет еді. Алайда ондай түсініктер дер кезіңде жазылмады. ! Өйткені: біріншіден, бұл жұмыста физиологиялық зерттеулердің ертеректегі материалдары қамтылған еді; екіншіден, бұл жүмыс бізде Б.М.Заводовскийдің кіріспе сөзімен басыльш, оңда Джемс пен Ланге теориясының дұрыстығын дәлелдейтін тәжірибелік зерттеу нәтижесі айтылды. Кітап оқушыларға ұсынылды. Кітапты оқи отырып Кеннон тәжірибелерінің мазмүнын талдайтын болсақ, біздер оның Джемс пен Ланге теориясын жокка шыраратынын байкаймыз.

    Джемс-Ланге теориясында қамтылған мәселелердің мазмұны негізінен мынадай екі түрлі ой тудырады: 1) эмоцияның биологиялық тұрғыдан іздестірілуі адамның физиологиялық жай-күйінің санадағы бейнесі болып табылады; 2) мұндай жай-күйдің әр түрлі эмоция арқылы көрінісі олардың өзіндік ерекшеліктерінен байқалады.

    Сіздер, мүмкін, Кеннон мен оның мектебінің өкілдері соңғы кездерде жарияланған жұмыстарын оқыған боларсыздар, Кеннон күрделі әдістерді қолдана отырып, мысыққа, итке, тағы басқа сүтқоректі жануарларға тәжірибе жасады. Сол жануарлардың нерв жүйесіндегі белгілі бөлігін ашып тастады, немесе ондай бөліктеріне улы дәрілер жіберіп күрделі биохимиялық таңдау жасады, тәжірибе жүзінде олардын бойында эмоция пайда болу себептерін зерттеді, Мысалы мысықтар мен иттерге жасаған тәжірибелерде олардың долданып ашулануы, ызалануы, қорқынышы кезінде ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтар, гуморальдық өзгерістер калайша пайда болатындығын және ішкі органдардың сол өзгерістерге калайша серпіл: жалпы организмнің кандай күйге ұшырайтынын анықтау негізгі мақсат болды. Кеннон зерттеуінің бастапқы бөлігінде Джемс и Ланге теориясыньщ ақиқаттғын растайтындай жайттардың бар екендігіне Заводовскийдің көзі жеткендей болып еді, бірақ Кенон аса маңызды фактіге сүйенді.

    Ол жануарлардың ашу, қорку, үрку, ызалану сияқты эмоциялық күйінде органикалық өзгерістердің бірден пайда| болуын анықтау оңай еместігін білді. Ол Джемстік формуласына өзіндік жөндеу ендірді. Джемс былай деген-ді: біз камығамыз, сондықтан жылаймыз. Кеннон Джемстің бұл пікірін .өзгертіп былай деп айту керек деп ұсынды: біздер не камығамыз, елжірейміз, не көңіліміз босап көзімізге жас аламыз, немесе жалпы алғанда біз басымыздан әрқилы эмоцияларды көшіреміз сондыктан да біз жылаймыз. Баскаша айтканда, Кеннон тәжірибелеріне сүйене отырып, эмоция мен оның адам бойындағы көрінісі оның психикалық табиғатының ерекшеліктері емес; кардиограмма, ішкі секреция бездерінен бөлінетін заттар олардың химиялық анализі мен жануарлар қанын талдауға қарап қоркыныш пен ашу-ызаны басынан кешіп тұр деп айтуға болмайды; олардың денесіндегі өзгерістер мен эмоцияның психологиялық негізін қарама-қарсы койьш зертгегенде бірдей болып тұратынын көрсетеді. Дегенмен Кеннон бұл тәжірибесімен Джемстің эмоция біздің санамыздағы органикалық өзгерістердің бейнесі деғен тезисін бекерлей алмады. Керісінше ол Джемс пен Ланге теориясының шындығын тәжірибелік фактілермен дәйектей отырып, органикалық өзгерістер түрліше болып отыратындығын көрсетті. Бұдан былайғы зерттеулерінде Кеннон тиісті фактілерге сүйене отырып, әсіресе эмоцияның денедегі көріністерге сай келмейтіндігі аркылы, Джемсп пен Ланге теориясының шындыққа сай келмейтіндігін ашып көрсетіп, онан қорытынды шығаруға тиіс еді. Кеннон соңғы жүргізген тәжірибелерінен кажетті фактілерді жинап алды.

    Өзінің психологиялық тәжірибелерін түрлендіріп жүргізу нәтижесінде хайуанаттардың бойында күшті эмоциялардың айқын көрінуі оның куаттылығына тәуелсіз сырткы көрінісінің күшіне байланысты болатындығы байқалады. Мүнан кейін Кеннон хайуанаттардың нерв жүйесінен симпатикалық түйіннің бағанасын алып тастап күрделі тәжірибелер жасады. Соның салдарынан жануарлардың органикалык реакция беретін орталығы бөлініп алынғаннан кейін сыртқы әсерлерге серпінбей, онда ешқандай эмоциялық көрініс байқалмаған. Кеннон тәжірибесі екі мысыққа жасалып, оның бірінен симпатикалық түйін бағанасын алып тастағаннан кейін ешқандай хауіптен корықпай оған реакция жасамаған, ішкі органдарынан адреналин және гуморальдық заттар бөлінбеген, ал салыстырмалы мысық ондай әсерлердің бәріне табиғатына тән реакция тудырған.

    Осы тәжірибелер Джемс теориясының бір жағын тәжірибе жүзінде бекерлейді. Ол эмоцияның ақылға байланысты жағы. Джемстің айтуынша егер біз қорыққан кезімізде бойымыз калтырап, тіземіз бүгіліп, жүрек соғуымыз тоқталып калуын ескермесек, онда эмоциядан ешкандай із калмас еді. Ал Кеннон калай болғанда да коркыныш кезінде эмоциялык күй сақталады дейді. Осы орайда Кенноннің ден койған басты мәселесі – хайуанаттарда вегетативик реакциаялар (ішкі органдардан сұйық зат бөлініп шығуы т.б.) болмаса да эмоциялықкүйдің сақталуы болды.

    Хайуанаттар мен адамдарға жасалған бірсыпыра тәжірибелерде олардың сыртқы әсерлерге серпініп, эмоциялар тудыру үшін әрқилы дәрілер беріп байкап көргевде, ішкі органдардан сұйық заттар бөлініп, қан айналу жүйесінде т.б. өзгерістердің болғаны байқалранымен эмоция тудырмаған.

    Джемс мақұлдаған тағы бір жайт егер хайуанаттарда эмоция пайда боларлықтай әсер етсе, онда эмоция айқын :өрінеді деген пікірі де қате болып шықты. Алайда Кеннонның дамға жасаған тәжірибелері түрліше машнада болды. Ол жүргізген тәжірибелер-де сыртқы әсер арқылы адамдарда оларың эмоциясын тудыруға болады деген қорытындысы да зерттеулерде расталмады. Ал оның мұндай пікірді айтуына себеп олған бірсыпыра сыналушылары өздерінің басынан кешірген жағдайларын қайта жаңғыртып, эмоциялық күйге ұшырауға бейім тұрғандары болған. Олардың өмірінде қамкөңілдері мен шаттықка бөлену себептері болғандықтан дәрі-дәрмек әсерінен эмоция тудыруға бейім тұрған. Сондай сыналушылардың бірі енің біреуге ыза-кегім бар еді, сол сәтгі еске тусіргенімде, бойымды ашу кернеп кетгі деген. Мұңдай жәйттер тек эмоция тудырушы себептер болғанымен, шынында психологиялық тұрғыдан олар өз бастырынан эмоциялық күйлерді кешірмеген.

    Сонымен, адамдарға жүргізілген тәжірибелер олардың ішкі дүниесінде болған өзгеріс нәтижелері Кеннон тәжірибелеріне бірсыпра жөндеулер ендірді. Оның хайуанаттардың кейбір мүшедерінің бөлшектерія алып тастап жүргізген тәжірибелері эмоциялык күйлерді өзгеріуде өзіндік ерекшеліісгері болатындығын көрсетеді.

    Кеннон тәжірибелерінен мынадай екі түрлі қорытынды шыраруға болады. Бірінші, Кеннон осы салада зерттеу жүргізген физиологтар мен психофизиологтар Джемс пен Ланге теориясының шындыққа сай келмейтінін көрсетті. Дегенм Кеннон зерттеуі, «Джемс пен Ланге теориясының» баламас (альтернативі) деп аталды.

    Екінші, Кеннон биолог маман ретінде, өзі жүргізген тәжірибе нәтижелерін, жорамал сипатыңда болса да жете тусіндіруі қажет еді. Хайуанаттар күшті эмоциялық күйге ұшырағанда органкалық өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды барынша дәйектеуі керек-ті. Ал биологиялық тұрғыдан мұндай тер өзгерістер не үшін кажет? Егер Кеннон бірінші жұмысын эмоцияньщ пайда болуын биологиялық тұрғыдан талдап хайуанның нерв жүйесінің бір бөлігі альш тасталғанда сырта әсерлерге қалайша реакция беретіндігін өзінше түсіндір Сонымен қатар, хайуанаттардын мүндай жағдайда биологиял: реакциялары эмоцияны қалай тудырады деген мәселенің түйінін шешіп беруді талап етеді.



    Кеннон хайуанаттар тіршілігіндегі қайшылық жәйттерді былай түсіндіреді: хайуанаттардың эмоциялық серпінуі оның тіршілі- гіндегі бастапқы көрініс, ол әрекеттің соңы емес, олардың сыртқы әсерлерге серпінуі төтенше хауіпті жағдайларға душар болғанда ғана байқалады. Оның бұл пікірінің қисыны хайуанаттардың әрекетшілдігі мен қимыл-қозғалыстарының жандана түсуі деген түсінікпен байланысты. Хауіпті жағдайға ұшырағанда олар жауынан үркіп қашады, немесе ашу-ыза шақырып қаһланып олармен алыса кетеді, оларға айбат көрсетіп, шабуылдайды да. Сондықтан түрлі органикалық реакциялар эмоцияның жандану кезінде емес, сол эмоциядан кейін пайда болмақ. Организмде болатын биологиялық өзгерістердін бәрі хайуанатардың бұлшык ет қызметін күшейтуге әсер етеді.

    Негізгі ұғымдар: Эмоция, көңіл-күй, аффект, қобалжу, уайымдау, эмоцияның жіктемесі, эмоцияның түрлері, даму сатылары, басқарудағы эмоция процесі.

    Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

    1. Эмоцияның жалпы түсінігі.

    2. Балалық шақтағы эмоцияның көрінуі қалай жүреді?

    3. Эмоция жайлы зерттеген немесе анықтаған ғалымдар?

    4. Басқару процесіндегі эмоцияның алатын орны қандай?


    Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Смирнов, В.Н. Психология управления персоналом в экстремальных условиях: учеб.пособие для вузов / В.Н. Смирнов.- М.: Академия, 2007

    2. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008

    3. Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994

    4. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994




    1. тақырып, Еңбек мотивациясы

    1. Адамды іс-әрекетке итермешлеуші жүйе мотивациясы.


    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет