Қарсы әдіс ( амал ) – қарсыласының әдісіне қолданылатын әдіс ( амал ).
Лақтыру – қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.
Жығу –түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.
Арқадан асыра лақтыру – қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай құлау арқылы орындалады. Айнала берген кезде еңкейе қалу ьұл әдістің негізгі элементі болып табылады.
Шалқайып ( төспен ) лақтыру –шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі элементі – денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.
Еңкейіп лақтыру – кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты кілемнен көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады.
Ілу – түрегеліп тұрғанда орынлатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады.
Сүріндіру – лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғымен қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.