Күрес техникасы – дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін қолданылатын және әрекет ету ережелеріне рұқсат етілген амалдар жиынтығы.
Түрегеп күресу техникасы – тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.
Ұстасу – қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.
Бір жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының оң қолынан ( сол қолымен сол қолынан ) ұстау.
Әр жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының сол қолынан ( сол қолымен оң қолынан ) ұстау.
Ырғақ – білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады.
Шалу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.
Ілу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрып жіліншікпен немесе табанмен орындалады.
Орау – аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және табанымен аяғынан іледі.
Қағу – аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.
Көтере қағу – аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.
Тізеден қағу – аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.
Көтере итеру – аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.
Достарыңызбен бөлісу: |