Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет113/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   120
XII – ші апта


12 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. « Тоғызқұмалақ » ойынының ілімі.


Ойын ережесі.
« Тоғызқұмалақ » ойынының басталар алдында екі жақтың отауларында артық-кемі жоқ тоғыз-тоғыздан яғни әрқайсында 81 құмалақтан жатады да, екі жақтың күштері өзара тең болады. Құмалақтарды жүру арқылы біз отауда жатқан құмалақтардың күшін, сапасын өзгертіп отырамыз. Әрбір отауда жатқан құмалақтар бір-бірімен байланыста болса, олардың қорғанышы да сөзсіз мықты.
Отауда жатқан құмалақтардың күші олардың атқаратын міндетіне де байланысты. Сондықтан әрбір ойыншы, ойынның басынан-ақ әрбір жүрісінің алдына міндет қоюды үйреніп, ойынды қай жүрістен бастау керек екендігін, оның қолайлысын шешіп, отаудағы құмалақтарды ойынға дұрыс қатыстыра білуі қажет. Бұл, әрине, заңды нәрсе. Себебі, ойынды дұрыс бастау, оның орта, аяқ кезеңдерінің табысты, ұтымды ойналуына жағдай туғызады.
Тоғызқұмалақ ойынын үш кезеңге бөлуге болады.
а) ойынның басы ( дебит ) ;
ә) ортасы ;
б) аяқ шені.
Осы үш кезеңнің тәжірибе жүзінде тұрақталған көптеген заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтар « Тоғызқұмалақ » ойынының іліміне жатады. « Тоғызқұмалақ » ойынының ілімі - өзіміз талдаған « Тоғызқұмалақ » ойыны негіздерінің тікелей жалғасы. Ойын барысында кездесіп тұратын және көп жылдар бойы қалыптасқан ойналу жолдары, жүрістер тәртібін «Тоғызқұмалақ » ойынының ілімі деп түсіну керке. Демек, бұл ілім ойынның басынан аяғына дейін жазылып алынған жеңіске жеткізетін тиімді жүрістердің тізімі емес, ол талапкер білуге тиісті жол-жобалр.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 96-98 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 38-39 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет